Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 361 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 42, 489-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында:
      "Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері" деген 2-бөлімде:
      "Шағын және орта бизнестің жобаларына одан әрі тұрақты кредит беруді қамтамасыз ету" деген 2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Ауылдағы шағын және орта бизнестің жобаларын қаржылық қолдау және ауыл халқына шағын кредит беру мақсатында жергілікті атқарушы органдар "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымдарының филиалдық желісі арқылы, олардың арасында қол қойылған тараптардың міндеттерін реттеу жөніндегі келісімдердің тәртібі мен шарттарында кредит беру үшін қажетті қаражатты шоғырландыратын болады.";
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының  әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөнінде ұсынылатын іс-шаралар жоспарында:
      "Шағын бизнес жобаларына тұрақты кредит беруді одан әрі қамтамасыз ету" деген 1-бөлімде:
      тақырыбындағы "Шағын" деген сөзден кейін "және (немесе) орта" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-1-жолмен толықтырылсын:
"

2-1

Шағын және орта бизнесті қаржыландыру және ауыл халқына шағын кредит беру үшін "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ-ның еншілес ұйымдарына кредит беруге 2009 жылға арналған жергілікті бюджеттерде қаражат көздеу

Мәслихаттар шешімдері

Әкімдіктер

2009 жылғы наурыз-сәуір

Жергілікті өкілетті органдардың шешімдерімен бөлінген қаражат шегінде

Жергілікті бюджеттер

                                                                   ";

      Ескертпе мынадай мазмұндағы аббревиатурамен толықтырылсын:
      ""ҚазАгро" ҰБХ" АҚ - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады