Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1351 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 375 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 617 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.08.2015 № 617 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Салымшылардың (алушылардың) іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларына инфляция деңгейін ескере отырып мониторинг жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1351 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      1) тармақшадағы "қосымшаға" деген сөздің алдынан "1-" деген санмен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес формула бойынша әрбір салымшы (алушы) бойынша жылдық инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарының сомаларына мониторингті жүзеге асырсын;";
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (келісім бойынша) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне келесі 3 жылға арналған жылдық инфляцияның болжамды деңгейі туралы мәліметтерді ұсынсын.";
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      оң жақтағы жоғары бұрышындағы "Қосымша" деген сөз "1-қосымша" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "12" деген сандар "12,..." деген сандармен ауыстырылсын;
      "І n < 100% болған кезде І n = 100%" деген жол алып тасталсын;
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2009 жылғы 20 наурыздағы
N 375 қаулысына  
қосымша      

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1351 қаулысына     
2-қосымша         

Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары сомаларын жылдық инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып есептеу формуласы

      Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарының сомасы инфляцияның жылдық болжамды деңгейі ескеріле отырып:
      Z k =Z k-1 *(1+і k )+D k *(1+і k /2) формуласы бойынша есептеледі, мұнда
      Z k - салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарының k жылдағы инфляцияның болжамды деңгейі ескерілген сомасы, теңгемен;
      і k - тұтыну бағаларының k жылдағы болжамды индексі;
      D k - k жылдағы міндетті зейнетақы жарналары түсімдерінің сомасы, теңгемен;
      k - болжамды жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады