Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Сыртқы саяси талдау және болжамдау комитетінің мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 378 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы саяси талдау және болжамдау комитеті құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1118 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 530-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:
      1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Министрліктің ведомстволары - Халықаралық ақпарат комитеті, Сыртқы саяси талдау және болжамдау комитеті бар.";
      6-тармақтағы "35" деген сандар "31" деген сандармен ауыстырылсын;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомстволарға:
      1) шет елдерде Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясаты, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани өмірі туралы ақпарат таратуға жәрдемдесу;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, бұқаралық ақпарат құралдарын Қазақстан Республикасының халықаралық жағдайы мен сыртқы саясаты туралы хабардар ету;
      3) Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты саласында талдамалық зерттеулер жүргізу;
      4) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын тиімді іске асыру мақсатында халықаралық аренада болып жатқан үдерістер мен оқиғаларды болжауды жүзеге асыру жөніндегі функциялар жүктелуі мүмкін.";
      2) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 339 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      реттік нөмірі 5-жолдағы 2-бағандағы "ведомствосын" деген сөз "ведомстволарын" деген сөзбен ауыстырылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады