Іссапардың уақыты мен бағытының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қ
АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының делегациясын Тегеран қаласына (Иран Ислам Республикасы) іссапарға жіберу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы N 252
қаулысына
мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
төртінші абзац "осы қаулыға" деген сөздердің алдынан "Ерлік Шәкірұлы Әлиді және Дархан Абайұлы Сейтеновті қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші абзацтағы "3 - 12 наурыз кезеңіне" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"Ерлік Шәкірұлы Әли және Дархан Абайұлы Сейтенов 2009 жылғы 5 - 13 наурыз кезеңіне";
2-тармақтың 2) тармақшасында:
екінші абзац "Ардақ Өміржанұлы Құрамысовты," деген сөздерден кейін "Андрей Павлович Ярославскийді, Асқар Уахитұлы Раганинді, Сергей Иванович Ерисовті, Мағаз Болатұлы Мұқашевті, Рақым Майданұлы Нұртазинді, Мағжан Тұрғанбекұлы Мұсағазинді," деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші абзац "Ерлан Батырбекұлы Досымбековке," деген сөздерден кейін "Андрей Павлович Ярославскийге, Асқар Уахитұлы Раганинге, Сергей Иванович Ерисовке, Мағаз Болатұлы Мұқашевқа, Рақым Майданұлы Нұртазинге, Мағжан Тұрғанбекұлы Мұсағазинге," деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші абзац "Ерлік Шәкірұлы Әлиді" деген сөздерден кейін "және Дархан Абайұлы Сейтеновті" деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы абзац "Ерлік Шәкірұлы Әлиге" деген сөздерден кейін "және Дархан Абайұлы Сейтеновке" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаза
қ
стан Республикасының
Премьер-Министрі К. М
ә
сімов