Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 302 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясатты жетілдіру жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1279 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи монополиялар салаларында тарифтік саясатты жетілдіру жөніндегі шаралар кешенінде:
"Шаралар кешенін дамытудың негізгі бағыттары және іске асыру тетігі" деген 5-бөлімнің "Реттеудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру" деген кіші бөлімінде:
бірінші абзацта:
бірінші сөйлемде "Заңының жаңа редакциясын" деген сөздер "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлемде "Заңның жаңа редакциясы" деген сөздер "Осы Заң жобасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшада "Заңының жаңа редакциясын" деген сөздер "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Шаралар кешенін іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары" деген 8-бөлімде:
реттік нөмірі 9-жолда:
2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу";
5-бағанда "I тоқсан" деген сөздер "IV тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов