Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1325 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы N 397 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасында ана мен бала өлім-жітімен азайту жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1325 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 50, 612-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында ана мен бала өлім-жітімен азайту жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламада:
      "Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі" деген 5-бөлімде:
      5.1-тармақтың жетінші абзацы алынып тасталсын;
      "Ана мен бала өлім-жітімен азайту жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламаның іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:
      реттік нөмірі 2-жол алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады