"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының "Қазақстан халық жинақ банкі" акционерлік қоғамының акцияларын сатып алуы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 наурыздағы N 416 Қаулысы

      "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы Заңының 9-бабы 3-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы заңнамада белгіленген тәртіппен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы, "Алмэкс" холдинг тобы" акционерлік қоғамы және "Қазақстан халық жинақ банкі" акционерлік қоғамы арасында 2009 жылғы 15 қаңтарда жасалған "Қазақстан халық жинақ банкі" акционерлік қоғамына қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі бастамашылық жасаған Тұрақтандыру бағдарламасын іске асыру туралы келісімде айқындалатын санда және баға бойынша "Қазақстан халық жинақ банкі" акционерлік қоғамының акцияларын сатып алсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады