Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 449 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 470 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 04.08.2017 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 48-бабының 3-тармағына және 71-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған мыналар:

      1) Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдері;

      2) Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдері бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 31 наурыздағы
N 449 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдері

      Ескерту. Өлшемдер жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 125 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық сараптамасына мыналар жатады:

      1)мыналарды:

      құрылыс өнеркәсібін (шахталы, айналмалы және басқа пештерде күйдірумен магнезит, доломит және шамот өндірісін, стационарлық зауыттардағы асфальтбетон өндірісін);

      ағаш өңдеуді;

      тоқыма өндірісін және жеңіл өнеркәсіп өндірісін;

      жануарлар өнімдерін өңдеуді;

      тамақ және дәмін келтіретін заттарды өңдеуді;

      ауыл шаруашылығы объектілерін;

      санитарлық-техникалық, көліктік инфрақұрылым құрылыстарын, коммуналдық мақсаттағы қондырғылар мен объектілерді;

      жүктерді қайта тиеу және сақтау қоймаларын, айлақтары мен орындарын, жүктер мен кемелердің фумигациясының, газ дезинфекциясының, дератизациясының және дезинсекциясының өндірістерін;

      кең таралғандары мен Каспий теңізінің қазақстандық секторында жүзеге асырылатындарынан басқа, пайдалы қазбаларды барлауды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсерін бағалаудың Ілеспе материалдарымен бірге өндірістік объектілердің санитарлық сыныптамасына сәйкес қауіптіліктің 1-сыныбына жататын негізгі өндіріс бойынша қоршаған ортаға әсер ететін, межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы;

      2) iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары;

      кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарттардың жобалары;

      халықаралық және республикалық маңызы бар балык шаруашылығы су айдындарында (учаскелерде) балық ресурстарын және су жануарларының басқа түрлерін алу мен пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер;

      аулау лимиттерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, аңшылық объектісі болып табылатын жануарларды алу мен пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер;

      осы аумақтарды экологиялық апат немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарына жатқызуды негіздейтін аумақтарды зерттеу материалдары;

      республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары;

      шектес мемлекеттердің қоршаған ортасына әсер етуі мүмкін немесе оны жүзеге асыру үшін шектес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалану қажет болатын не шектес мемлекеттердің Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған, оның ішінде "Байқоңыр" кешені бойынша мүдделерін қозғайтын шаруашылық қызмет жобалары;

      3) Қазақстан Республикасына өткізілетін (әкелінетін), көлік құралдарын және жабдықтарды қоспағанда, технологияларды, техникаларды қолдану жөніндегі құжаттама.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.10.2013 № 1126 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қалған жағдайларда I санат объектілерінің мемлекеттік экологиялық сараптамасын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жүргізеді.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 31 наурыздағы
N 449 қаулысымен
бекітілген

Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдері

      Ескерту. Өлшемдер жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 125 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты табиғат пайдаланушыда эмиссияның бір түрі орын алған және мыналардан асатын жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган береді:

      1) ластаушы заттардың шығарындылары - жылына 5000 тонна, мұнай-газ өнеркәсібі үшін - жылына 500 тонна;

      2) ластаушы заттардың төгінділері - жылына 10000 тонна;

      3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру - жылына 500000 тонна.

      2. Қалған жағдайларда I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады