Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 724 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 450 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 427 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.18 № 427 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 724 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 30, 294-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі туралы ережеде:
      14-тармақта:
      он үшінші және он төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "телекоммуникация және почта байланысының жалпыға бірдей қолжетімді қызметі саласындағы табиғи монополиялар аясында және реттелетін нарықтарда реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;
      телекоммуникация және почта байланысы саласында реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды реттеу;";
      мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс желілері мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналар мен алаңдарды беру қызметтерінің бағалары (тарифтерін) реттеу;";
      жиырмасыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "телекоммуникация желілері мен құралдарының техникалық үйлесімділігін қамтамасыз ететін нормаларды, байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштерін, тарифтеу бірліктері мөлшерлерін бекіту;";
      мынадай мазмұндағы елу тоғызыншы және алпысыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "телекоммуникация және почта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеу тәртібін сақтауын бақылау;
      телекоммуникация және почта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеу мониторингін жүзеге асыру;";
      20-тармақта:
      2) тармақшада:
      төртінші абзац алынып тасталсын;
      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "телекоммуникация және почта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаны реттеу туралы шешімдер қабылдау;".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады