Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасының Заңы
Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы
Парижде 2005 жылғы 18 қарашада қол қойылған Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенция ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
СПОРТТАҒЫ ДОПИНГКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯ
Бұдан әрі "ЮНЕСКО" деп аталатын Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Бас конференциясы 2005 жылғы 3-21 қазанда Парижде өткен өзінің 33-сессиясында,
ЮНЕСКО-ның мақсаты халықтардың білім беру, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастығын кеңейту жолымен бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға жәрдемдесу болып табылатынын ескере отырып,
адам құқығына қатысты қолданыстағы халықаралық құжаттарға сүйене отырып,
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2003 жылғы 3 қарашада қабылдаған және тәрбиеге, денсаулыққа, даму мен бейбітшілікке ықпал етудің құралы ретінде спортқа қатысты 58/5 қарарын, атап айтқанда оның 7-тармағын ескере отырып,
спорт денсаулықты қорғауда, адамгершілік, мәдениет және дене тәрбиесінде, сондай-ақ халықаралық өзара түсіністік пен бейбітшілікті нығайтуға жәрдемдесуде маңызды рөл атқаруы тиіс екендігін сезіне отырып,
спорттағы допингті жоюға бағытталған халықаралық ынтымақтастықты көтермелеу және үйлестіру қажеттігін атай отырып, спортшылардың спортта допинг пайдалануына және допингтің олардың денсаулығына тигізер салдарына, әділ ойын принципіне, алаяқтықты жоюға және спорттың болашағына байланысты алаңдаушылық білдіре отырып,
допинг ЮНЕСКО-ның Халықаралық дене шынықтыру және спорт хартиясында және Олимпиада хартиясында бекітілген этикалық принциптер мен тәрбиелік құндылықтарға қауіп төндіретінін сезіне отырып,
Еуропа Кеңесінің шеңберінде қабылданған Допинг қолдануға қарсы күрес конвенциясы мен оған Қосымша хаттама елдердің допингке қарсы күрес саласындағы саясаты мен үкіметаралық ынтымақтастығы негізделетін бұқаралық халықаралық құқықтық құрал болып табылатынын еске сала отырып,
ЮНЕСКО Мәскеуде (1988 ж.), Пунта-дель-Эстеде (1999 ж.) және Афиныда (2004 ж.) ұйымдастырған дене шынықтыруға және спортқа жауапты министрлер мен басшы қызметкерлердің екінші, үшінші және төртінші халықаралық конференцияларында қабылданған допинг туралы мәселе жөніндегі ұсынымдарға, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы өзінің 32-сессиясында (2003 жылы) қабылдаған 32 С/9 қарарына сілтеме жасай отырып,
Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігі 2003 жылғы 5 наурызда Копенгагенде Дүниежүзілік спорттағы допинг жөніндегі конференцияда қабылдаған Дүниежүзілік допингке қарсы күрес кодексін, сондай-ақ Спорттағы допингке қарсы күрес туралы Копенгаген декларациясын назарға ала отырып,
жетекші спортшылардың жастарға тигізер әсерін де назарға ала отырып,
допинг қолдануды болдырмау стратегиясының тиімділігін мейлінше қамтамасыз ету мақсатында допингті табу әдістерін жетілдіру және оны пайдалануға әсер ететін факторларды тереңірек зерделеу үшін тұрақты негізде зерттеулер жүргізу мен кеңейтудің қажеттігін ескере отырып,
спортшыларды, спортшылардың қосалқы персоналын және тұтастай қоғамды допинг қолдануды болдырмау мәселелері бойынша тұрақты негізде хабардар етіп отырудың маңыздылығын да ескере отырып,
допингке қарсы күрес бағдарламаларын жүзеге асыру үшін қатысушы мемлекеттердің әлеуетін ұлғайтудың қажеттілігін назарға ала отырып,
спортқа жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар спортта допинг қолдануды болдырмау және онымен күресу бойынша, атап айтқанда әділ ойын және оған қатысушылардың денсаулығын қорғау принципі негізінде спорттық іс-шараларды тиісінше өткізуді қамтамасыз ету үшін өзара толықтырмалы функцияларды орындайтынын ескере отырып,
бұл органдар мен ұйымдар осы мақсаттарға қол жеткізуде барлық тиісті деңгейлерде барынша тәуелсіздік пен айқындылыққа қол жеткізе отырып, ынтымақтасуы тиіс екенін мойындай отырып,
спорттағы допингті жою бойынша бұдан әрі және барынша белсенді бірлескен әрекеттерді қабылдаудың орындалу шешімділігіне сене отырып,
спорттағы допингті жою допингке қарсы күрес стандарттарын жүйелі түрде келісуге және спорттағы практика мен ұлттық және әлемдік деңгейлердегі ынтымақтастыққа байланысты екенін мойындай отырып,
осы Конвенцияны 2005 жылғы он екінші қазанда қабылдайды.
I. Қолданылу саласы
1-бап - Конвенцияның мақсаты
Осы Конвенцияның мақсаты ЮНЕСКО-ның дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметінің стратегиялары мен бағдарламалары шеңберінде спортта допинг қолдануды болдырмауға және оны жою мүддесінде онымен күресуге жәрдемдесу болып табылады.
2-бап - Анықтамалар
Төменде келтірілген анықтамалар Дүниежүзілік допингке қарсы күрес кодексінің контексінде түсіндірілуі тиіс. Алайда олар әр түрлі түсінілген жағдайда, Конвенцияның ережелері артықшылыққа ие болады.
Осы Конвенцияның мақсаттары үшін:
1. "Допинг-бақылаудың аккредиттелген зертханалары" Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігі аккредиттеген зертханаларды білдіреді.
2. "Допингке қарсы күрес ұйымы" дегеніміз допинг бақылау процесін әзірлеуге, жүзеге асыруға немесе оның кез келген элементінің сақталуын қамтамасыз етуге қатысты ережелерді белгілеуге жауапты заңды тұлға болып табылады. Мұндай ұйымдарға, мысалы, Халықаралық олимпиада комитеті, Халықаралық паралимпиялық комитет, ірі іс-шаралар өткізетін және оларға тестілеуді жүзеге асыратын басқа да ұйымдар, Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігі, халықаралық федерациялар және ұлттық допингке қарсы күрес ұйымдары жатады.
3. Спорттағы "допингке қарсы күрес ережесін бұзу" бір немесе бірнеше мынадай бұрмалаушылықтарды білдіреді:
(а) спортшының ағзасынан алынған сынақтан тыйым салынған субстанцияның немесе оның метаболитының немесе маркерінің болуы;
(b) тыйым салынған субстанцияны немесе тыйым салынған әдісті пайдалану немесе пайдалануға талпыну;
(с) сынақ алуға келуден бас тарту немесе қолданыстағы допингке қарсы күрес ережелеріне сәйкес хабарлама алғаннан кейін сынақ алуға себепсіз келмеу немесе сынақ алудан өзге де жолмен жалтару;
(d) өзінің тұрғылықты жері туралы талап етілетін ақпаратты бермеуді және ақылға қонымды ережелердің негізінде белгіленетін тестілеуге келмеуді қоса алғанда, жарыстан тыс тестілеуге спортшының қол жеткізуіне қатысты қолданыстағы талаптарды бұзу;
(е) допинг-бақылаудың кез келген кезеңінде оны бұрмалау немесе бұрмалауға талпыну;
(f) тыйым салынған субстанцияларды немесе әдістерді иелену;
(g) кез келген тыйым салынған субстанцияны немесе кез келген тыйым салынған әдісті қолдану;
(h) тыйым салынған субстанцияны кез келген спортшыға егу немесе егуге талпыну немесе оған қатысты тыйым салынған әдістерді қолдану немесе қолдануға талпыну немесе допингке қарсы күрес ережесін бұзуға немесе бұзуға талпынумен байланысты көмек көрсету, көтермелеу, жәрдемдесу, арандату, жасыру немесе кез келген өзге нысанда бірге қатысу.
4. Допинг-бақылау мақсаттары үшін "спортшы" әрбір ұлттық допингке қарсы ұйым анықтайтын және қатысушы мемлекеттер мойындайтын халықаралық немесе ұлттық деңгейдегі спортпен айналысатын кез келген тұлғаны білдіреді, сондай-ақ қатысушы мемлекеттер мойындайтын спортпен айналысатын немесе төменірек деңгейдегі спорттық іс-шараға қатысатын кез келген басқа тұлғаны білдіреді. Білім беру және даярлау бағдарламаларының мақсаттары үшін "спортшы" қандай да бір спорттық ұйымның бастамасымен спортпен айналысатын кез келген тұлғаны білдіреді.
5. "Спортшының қосалқы персоналы" спортшымен жұмыс істейтін немесе спортшыны емдеумен айналысатын, спорттық жарысқа қатысатын немесе қатысуға даярлайтын кез келген жаттықтырушы, нұсқаушы, менеджер, агент, команда штатының мүшесі, лауазымды тұлға, медициналық немесе парамедициналық персоналды білдіреді.
6. "Кодекс" Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігі 2003 жылғы 5 наурызда Копенгаген қаласында қабылдаған және осы Конвенцияның 1-толықтыруына енгізілген Дүниежүзілік допингке қарсы күрес кодексін білдіреді.
7. "Жарыс" жекелеген жарысты, матчты, ойынды немесе спорттық тартысты білдіреді.
8. "Допинг-бақылау" тестілеу жүргізуді жоспарлауды, сынақ алуды және ол сынақтармен зертханалық талдауға жүгінуді, тестілеуден кейінгі рәсімдерді, тыңдаулар мен аппеляцияларды қамтитын процесті білдіреді.
9. "Спорттағы допинг" допингке қарсы күрес ережелерін бұзу жағдайын білдіреді.
10. "Допинг-бақылаудың тиісті дәрежедегі уәкілетті органдары" халықаралық немесе ұлттық допингке қарсы күрес ұйымдарының басшылығымен әрекет ететін допинг-бақылау топтарын білдіреді.
11. "Жарыстық тестілеу" жарыстық және жарыстан тыс тестілеу арасындағы айырмашылықты жүргізу мақсаты үшін егер қандай да бір халықаралық федерация немесе тиісті басқа да допингке қарсы күрес ұйымы өзгеше көздемесе, спортшының нақты жарысқа қатысуына байланысты тестілеу үшін таңдап алынуындағы тест жүргізуді білдіреді.
12. "Зертхана үшін халықаралық стандарт" осы Конвенцияға 2-толықтыруында қамтылған стандартты білдіреді.
13. "Тестілеу үшін халықаралық стандарт" осы Конвенцияға 3-толықтыруында қамтылған стандартты білдіреді.
14. "Алдын-ала хабарлаусыз" спортшыны алдын-ала хабардар етпей жүргізілетін допинг-бақылауды білдіреді, бұл ретте спортшыға оған хабарлау сәтінен бастап сынақ алғанға дейін тұрақты түрде ілесіп жүру белгіленеді.
15. "Олимпиада қозғалысы" Олимпиада хартиясын басшылыққа алуға келісетіндерді және Халықаралық олимпиада комитетінің өкілеттігін мойындайтындарды білдіреді, атап айтқанда: Олимпиада ойындарының бағдарламасына енетін спорт түрлерінен халықаралық федерациялар, ұлттық олимпиада комитеттері, Олимпиада ойындарын ұйымдастырушы комитеттер, спортшылар, төрешілер мен арбитрлар, қауымдастықтар мен клубтар, сондай-ақ Халықаралық олимпиада комитеті мойындаған барлық ұйымдар мен мекемелер.
16. "Жарыстан тыс" допинг-бақылау жарыстан тыс өткізілетін кез келген допинг-бақылауды білдіреді.
17. "Тыйым салынған тізім" тыйым салынған субстанциялар мен тыйым салынған әдістер көрсетілген, осы Конвенцияға 1-қосымшада қамтылған тізімді білдіреді.
18. "Тыйым салынған әдіс" осы Конвенцияға 1-қосымшада қамтылған Тыйым салынған тізімде сондай әдіс ретінде белгіленген кез келген әдісті білдіреді.
19. "Тыйым салынған субстанция" осы Конвенцияға 1-қосымшада қамтылған Тыйым салынған тізімде сондай субстанция ретінде белгіленген кез келген субстанцияны білдіреді.
20. "Спорттық ұйым" спорттың бір немесе бірнеше түрінен спорттық іс-шараны өткізу ережелерін белгілейтін орган ретінде әрекет ететін кез келген ұйымды білдіреді.
21. "Терапевтік пайдалануға рұқсат беру стандарттары" осы Конвенцияға ІІ-қосымшада қамтылған стандарттарды білдіреді.
22. "Тестілеу" тестілеу жүргізуді жоспарлауды, сынақ алуды, зертханаға сынақтармен жүгінуді әрі оларды тасымалдауды қамтитын допинг-бақылау процесінің бөлігін білдіреді.
23. "Терапевтік пайдалануға рұқсат беру" Терапевтік пайдалануға рұқсат беру стандарттарына сәйкес берілетін рұқсатты білдіреді.
24. "Пайдалану" кез келген тыйым салынған субстанцияны немесе тыйым салынған әдісті қолдануды, пероралдық енгізуді, қуат беру немесе кез келген өзге тәсілмен қолдануды білдіреді.
25. "Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігі" (ДДҚА) швейцария заңнамасына сәйкес 1999 жылғы 10 қарашада құрылған осы атаудағы қорды білдіреді.
3-бап - Конвенцияның мақсаттарына қол жеткізу құралдары
Қатысушы мемлекеттер Конвенцияның мақсаттарына қол жеткізу үшін:
(а) Кодекс принциптеріне сәйкес тиісті шараларды ұлттық және халықаралық деңгейлерде қабылдауға;
(b) спортшыларды қорғауды қамтамасыз етуге, спорттағы этикалық принциптерді сақтауға және зерттеулер нәтижелерін бірлесіп пайдалануға бағытталған халықаралық ынтымақтастықтың барлық нысандарын көтермелеуге;
(с) қатысушы мемлекеттер мен жетекші ұйымдар арасындағы спорттағы допингке қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа, атап айтқанда Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігімен ынтымақтастыққа жәрдемдесуге міндеттенеді.
4-бап - Конвенцияның Кодекспен байланысы
1. Спорттағы допингке қарсы күрес жөніндегі әрекеттерді ұлттық және халықаралық деңгейлерде үйлестіру мақсатында қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияның 5-бабында көзделген шараларды қабылдау үшін негіз ретінде Кодекс принциптерін ұстануға міндеттенеді. Кодекске қосымша басқа да шаралар қабылдауға қатысушы-мемлекеттерге осы Конвенцияда ешнәрсе кедергі болмайды.
2. Кодекс пен 2 және 3-толықтырулардың ең соңғы нұсқалары мәлімет үшін беріледі және осы Конвенцияның ажырамас бөлігі болып табылады. Қатысушы мемлекеттер үшін толықтырулар өздігінен қандай да бір халықаралық-құқықтық міндеттемелер белгілемейді.
3. Қосымшалар осы Конвенцияның ажырамас бөлігі болып табылады.
5-бап - Конвенцияның міндеттерін шешу жөніндегі шаралар
Әрбір қатысушы мемлекет осы Конвенцияда жазылған міндеттемелерді орындай отырып, тиісті шараларды қабылдауға міндеттенеді. Олар шараларды заңнама, нормативтік реттеу, саясат немесе әкімшілік практика салаларына енгізулері мүмкін.
6-бап - Басқа халықаралық құжаттармен өзара байланыс
Осы Конвенция қатысушы мемлекеттердің осы Конвенцияның мәні мен мақсаттарына қайшы келмейтін, бұрынырақ жасалған басқа келісімдерге байланысты туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін өзгертпейді. Бұл басқа қатысушы мемлекеттердің осы Конвенция бойынша өздерінің құқықтарын жүзеге асыруын немесе міндеттемелерін орындауын қозғамайды.
II. Ұлттық деңгейдегі допингке қарсы күрес жөніндегі қызмет
7-бап - Ел ішіндегі үйлестіру
Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияның қолданылуын, атап айтқанда, ел ішіндегі әрекеттерді үйлестіру жолымен қамтамасыз етеді. Осы Конвенцияға сәйкес өздерінің міндеттемелерін орындау үшін қатысушы мемлекеттер допингке қарсы ұйымдарды, сондай-ақ спорттық мекемелер мен ұйымдарды пайдалануы мүмкін.
8-бап - Тыйым салынған субстанциялар мен әдістердің кол жетімділігін және олардың спортта пайдаланылуын шектеу
1. Қатысушы мемлекеттер пайдаланылуы терапевтік пайдалануға арналған рұқсаттарға негізделген жағдайларды қоспағанда, тыйым салынған субстанциялар мен әдістерді, спортшылардың спортта пайдалануын шектеу мақсатында, орынды болған жағдайда, олардың қол жетімділігін шектеу жөнінде шаралар қабылдайды. Олардың қатарына тыйым салынған субстанциялар мен әдістерді спортшылар арасында қолдануға қарсы күрес жөніндегі шаралар және тиісінше, оларды өндіруді, орнын ауыстыруды, тасуды, таратуды және сатуды бақылау жөніндегі шаралар енеді.
2. Қатысушы мемлекеттер спортшылардың спортта тыйым салынған субстанциялар мен әдістерді пайдалануына терапевтік пайдалануға рұқсат негізінде пайдаланылатын жағдайларды қоспағанда, оларды пайдалануы мен иеленуін болдырмау және шектеу жөнінде шаралар қабылдайды немесе бұл орынды болған жағдайда мұндай шаралар қабылдауды өздерінің заңды құзырындағы тиісті заңды тұлғалар арқылы көтермелейді.
3. Осы Конвенцияға сәйкес қабылданатын шаралар өзге жағдайларда спортта тыйым салынатын немесе бақыланатын субстанциялар мен әдістердің заңды мақсаттарда қол жетімділігін қамтамасыз етуге ешбір кедергі болмайды.
9-бап - Спортшының қосалқы персоналына қатысты шаралар
Қатысушы мемлекеттер спортшының допингке қарсы күрес ережесін бұзған немесе спорттағы допингпен байланысты басқа да бұзушылыққа барған қосалқы персоналына қатысты шараларды өздері қабылдайды, оның ішінде санкция қолданады немесе айыппұл салады немесе спорттық ұйымдар мен допингке қарсы күрес ұйымдарының шаралар қабылдауына жәрдемдеседі.
10-бап - Тағамдық қоспалар
Қатысушы мемлекеттер, орынды болған жағдайда, тағамдық қоспалардың химиялық құрамы мен сапа кепілдігі туралы ақпарат ұсынуды қоса алғанда, оларды өткізу мен тарату саласында өндірушілер мен таратушылардың алдыңғы қатарлы практиканың тағамдық қоспаларын енгізуіне жәрдемдеседі.
11-бап - Қаржылық шаралар
Қатысушы мемлекеттер, орынды болған жағдайда:
(а) өздерінің тиісті бюджеттері шеңберінде спорттың барлық түрлерінен ұлттық тестілеу бағдарламасын қаржыландыру үшін қаражат бөледі немесе спорттық ұйымдар мен допингке қарсы күрес ұйымдарына допинг-бақылауды қаржыландыруға тікелей субсидиялар немесе дотациялар түрінде не осы ұйымдарға берілетін субсидиялар немесе дотациялардың жалпы сомасын белгілеу кезінде мұндай бақылау жөніндегі шығыстардың есебі нысанында көмек көрсетеді;
(b) допингке қарсы күрес ережесін бұзу салдарынан шеттетілген жекелеген спортшыларға немесе олардың қосалқы персоналына шеттетілудің барлық кезеңінде спорттық қызметке байланысты қаржылық қолдау көрсетуді тоқтату жөнінде шаралар қабылдайды;
(с) Кодексті немесе Кодекске сәйкес белгіленген қолданыстағы допингке қарсы күрес ережелерін ұстанбайтын кез келген спорттық ұйымды немесе допингке қарсы күрес ұйымын спорттық қызметпен байланысты қаржылық немесе басқа да қолдауды ішінара немесе толығымен тоқтатады.
12-бап - Допинг-бақылауға жәрдемдесу жөніндегі шаралар
Қатысушы мемлекеттер, орынды болған жағдайда:
(а) өздерінің заңды құзырындағы спорттық ұйымдар мен допингке қарсы күрес ұйымдарын ескертпелі бақылауды, жарыстан тыс және жарыстық тестілеуді қоса алғанда, Кодекске сәйкес допинг-бақылауды жүргізуін көтермелейді және қолдайды;
(b) спорттық ұйымдардың және допингке қарсы күрес ұйымдарының олардың қатысушыларына басқа елдердің допинг-бақылау жөніндегі уәкілетті топтарында тиісті түрде тестілеуден өтуіне мүмкіндік беретін келісімдер жасауын көтермелейді және қолдайды;
(с) өздерінің заңды құзырындағы спорттық ұйымдардың және допингке қарсы күрес ұйымдарының допинг-бақылау мақсатында сараптау жүргізу үшін допинг-бақылаудың аккредиттелген зертханаларына рұқсат алуына жәрдем көрсетуге міндеттенеді.
III. Халықаралық ынтымақтастық
13-бап - Допингке қарсы күрес ұйымдары мен спорттық ұйымдар арасындағы ынтымақтастық
Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияның мақсаттарына халықаралық деңгейде қол жеткізу мүддесінде өзінің заңды құзырындағы допингке қарсы күрес ұйымдары, мемлекеттік органдар және спорттық ұйымдар мен басқа қатысушы мемлекеттердің заңды құзырындағы ұқсас ұйымдар және органдар арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдеседі.
14-бап - Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігінің миссиясын қолдау
Қатысушы мемлекеттер Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігіне допингке қарсы халықаралық күрес саласындағы маңызды миссиясын орындауда қолдау көрсетуге міндеттенеді.
15-бап - Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігін тең үлесті қаржыландыру
Қатысушы мемлекеттер Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігін бекітілген негізгі жылдық бюджетін мемлекеттік органдар мен Олимпиадалық қозғалыстың тең үлесте қаржыландыру принципін қолдайды.
16-бап - Допинг-бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Спорттағы допингке қарсы күрес спортшыларға алдын-ала хабарламай оларды тестілеу мен сынақтарды зертханаларға өз уақытында тасымалдау қамтамасыз етілген жағдайда ғана тиімді болатынын мойындай отырып, қатысушы мемлекеттер, осы орынды болған жағдайда және мемлекетішілік заңнамалары мен рәсімдеріне сәйкес:
(а) қабылдаушы елдер тиісті нормативтік ережелерді сақтаған жағдайда Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігіне және Кодекске сәйкес қызмет ететін допингке қарсы ұйымдарға өз спортшыларына өз аумағында және одан да тыс жерлерде жарыстық және жарыстан тыс допинг-бақылау жүргізуге жәрдем көрсетеді;
(b) допинг-бақылау бойынша іс-шаралар өткізу кезінде допинг-бақылаудың уәкілетті топтарын тиісті дәрежеде шекарадан уақтылы өтуін қамтамасыз етуге жәрдем көрсетеді;
(с) сынақтардың қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ете отырып, оларды шекара арқылы уақтылы тасымалдауға немесе өткізуге жәрдем көрсету мақсатында ынтымақтасады;
(d) допингке қарсы күрестің түрлі ұйымдары өткізетін допинг-бақылау жөніндегі іс-шараларды халықаралық үйлестіруді қамтамасыз етуде көмек көрсетеді және осы мақсатта Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігімен ынтымақтасады;
(е) өздерінің заңды құзырындағы допинг-бақылау зертханалары мен басқа қатысушы мемлекеттердің заңды құзырындағы тиісті зертханалары арасындағы ынтымақтастықты дамытады. Атап айтқанда, аккредиттелген допинг-бақылау зертханалары бар қатысушы мемлекеттер өздерінің заңды құзырындағы зертханалары арқылы басқа қатысушы мемлекеттерге, олар ниет танытқан жағдайда, өздерінің дербес зертханаларын құру үшін қажет тәжірибе мен дағдыларды үйренуге және қажетті әдіснаманы игеруге мүмкіндік беру үшін көмек көрсетуі тиіс;
(f) Кодекске сәйкес белгіленген допингке қарсы күрес ұйымдары арасында өзара тестілеу туралы уағдаластықтарды жасасу мен іске асыруға жәрдемдеседі;
(g) өзаралық негізде допинг-бақылаудың рәсімдерін және Кодекске сәйкес кез келген допингке қарсы ұйым қолданатын осыған байланысты спорттық санкцияларды қоса алғанда, тестілеуден кейінгі рәсімдерді мойындайды;
17-бап - Ерікті қор
1. Осымен бұдан әрі "Ерікті қор" деп аталатын "Спорттағы допингті жоюға арналған қор" құрылады. Ерікті қор ЮНЕСКО-ның қаржысы туралы ережеге сәйкес тартылатын нысаналы қаражатынан құрылады. Қатысушы мемлекеттердің, сондай-ақ басқа да қатысушылардың барлық жарналары ерікті сипатта болады.
2. Ерікті қордың қаражаты мыналардан:
(а) қатысушы мемлекеттердің жарналарынан;
(b) жарналардан, құрбандық етуден немесе өсиет етілген мүліктен, оның ішінде бұларды:
(і) басқа мемлекеттер;
(іі) Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің ұйымдары мен бағдарламалары, атап айтқанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы, сондай-ақ басқа да халықаралық ұйымдар;
(ііі) мемлекеттік немесе жеке ұйымдар не болмаса жеке тұлғалар ұсынуы мүмкін.
(с) Ерікті қордың қаражатына аударылған кез келген пайыздардан;
(d) құрбандық және іс-шара алымы жөніндегі кампанияның шеңберінде Ерікті қордың пайдасына алынған қаражаттан;
(е) Тараптар конференциясы әзірлейтін Ерікті қор туралы ережеде көзделген кез келген басқа қаражаттан тұрады.
3. Қатысушы-мемлекеттердің Ерікті қорға деген жарналары қатысушы мемлекеттердің Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігінің жылдық бюджетіне өзінің үлесін төлеу жөніндегі міндеттемелері ретінде қаралмайды.
18-бап - Ерікті қордың қаражатын пайдалану және оларды басқару
Ерікті қордың қаражатын Тараптар конференциясы өзі бекіткен іс-шараларға, атап айтқанда осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес және Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігінің мақсаттарын ескере отырып, допингке қарсы күрес бағдарламаларын әзірлеу мен жүзеге асыруда қатысушы мемлекеттерге көмектесуге бөледі, сондай-ақ осы Конвенцияны жүзеге асыруға байланысты шығыстардың орнын жабуға пайдаланылуы мүмкін. Ерікті қорға деген жарналардың қандай да бір саяси, экономикалық немесе өзге де шарттармен байланыстырылуы мүмкін емес.
ІV. Білім беру және даярлау
19-бап - Білім берумен даярлаудың жалпы принциптері
1. Қатысушы мемлекеттер өздерінің қаражаты шеңберінде допингке қарсы күрес мәселелері бойынша білім беру мен дайындық бағдарламаларын әзірлеуге, қолдауға және іске асыруға міндеттенеді. Тұтастай алғанда спорт қоғамдастығы үшін бұл бағдарламалар мынадай мәселелер бойынша жаңаланған және нақтыланған ақпарат беруге бағытталуы тиіс:
(а) допингтің спорттың этикалық құндылықтарына келтіретін зияны;
(b) допингті қолданудың денсаулық үшін салдары;
2. Спортшылар мен олардың қосалқы персоналы үшін, әсіресе дайындықтың бастапқы кезеңінде бұл бағдарламалар мынадай мәселелер бойынша жаңаланған және нақтыланған ақпараттар беру үшін бағытталуы тиіс:
(а) допинг-бақылау рәсімдері;
(b) тиісті спорт ұйымдары мен допингке қарсы күрес ұйымдарының допингке қарсы күрес саясаты мен Кодекс туралы ақпаратты қоса алғанда, оның ішінде допингке қарсы күрес ережелерін бұзудың салдары туралы допиигке қарсы күреске байланысты спортшылардың құқықтары мен міндеттері;
(с) тыйым салынған субстанциялар мен әдістердің, сондай-ақ тыйым салынған субстанцияларды терапевтік пайдалануға рұқсаттардың тізімі;
(d) тағамдық қоспалар.
20-бап - Мінез-құлықтың кәсіби кодекстері
Қатысушы мемлекеттер тиісті құзырлы кәсіби қауымдастықтардың және мекемелердің, Кодекске сәйкес келетін спорттағы допингке қарсы күреске қатысты мінез-құлық, шынайы практика мен этиканың тиісті дәрежедегі кодекстерін әзірлеуін және жүзеге асыруын көтермелейді.
21-бап - Спортшыларды және спортшылардың қосалқы персоналын тарту
Қатысушы мемлекеттер спорттық және тиісті ұйымдардың допингке қарсы қызметінің барлық аспектілеріне спортшылардың және спортшылардың қосалқы персоналының белсенді қатысуына ықпал етеді және өз қаражаты шеңберінде жәрдем көрсетеді, бұған өзінің құқығындағы спорттық ұйымдарды тартады.
22-бап - Спорттық ұйымдар және допингке қарсы күрес мәселелері жөніндегі тұрақты негіздегі білім беру мен даярлау
Қатысушы мемлекеттер спорттық ұйымдар мен допингке қарсы күрес ұйымдарының тұрақты негізде барлық спортшылар мен спортшылардың қосалқы персоналына 19-бапта көрсетілген мәселелер бойынша білім беру мен даярлау бағдарламаларын жүзеге асыруға жәрдемдеседі.
23-бап - Білім беру мен даярлау саласындағы ынтымақтастық
Қатысушы мемлекеттер бір-бірімен және тиісті ұйымдармен қажет болған жағдайда ақпаратпен, мамандармен және тиімді допингке қарсы күрес бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша тәжірибемен алмасу мақсатында ынтымақтасады.
V. Зерттеулер
24-бап - Допингке қарсы күрес мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуге жәрдемдесу
Қатысушы мемлекеттер өздеріндегі бар қаражат шеңберінде мынадай мәселелер бойынша спорттық және басқа да тиісті ұйымдармен допингке қарсы күрес зерттеулерін жүргізуге ықпал етуге және жәрдемдесуге міндеттенеді:
(а) допинг пайдалануды болдырмау және оны анықтау тәсілдері, мінез-құлықтық және әлеуметтік салдарлары, сондай-ақ допингті пайдаланудан денсаулыққа келетін зиянды әсерлер;
(b) спортшылардың денсаулығына зиян тигізбейтін физиологиялық және психологиялық дайындықтың ғылыми негізделген бағдарламаларын әзірлеудің жолдары мен құралдары;
(с) ғылыми прогрестің нәтижесі болып табылатын барлық жаңа субстанциялар мен әдістерді қолдану.
25-бап - Допингке қарсы күрес зерттеулерінің сипаттамасы
24-бапта көрсетілген допингке қарсы күрес зерттеулерін жүргізуге жәрдемдесу кезінде қатысушы мемлекеттер осы зерттеулердің мына жағдайда:
(а) халықаралық деңгейде танылған әдеп практикасына сәйкес;
(b) спортшыларға тыйым салынған субстанциялар егуді және тыйым салынған әдістерді қолдануды болдырмай отырып;
(с) допингке қарсы күрес зерттеулері мен оларды допингтік мақсатта пайдалану нәтижесін заңсыз қолдануды болдырмау мақсатында тиісті дәрежедегі сақтық шараларын сақтай отырып қана жүргізілуін қамтамасыз етеді.
26-бап - Допингке қарсы зерттеулердің нәтижесін бірлесіп пайдалану
Қатысушы мемлекеттер тиісті ұлттық заңнаманы және халықаралық құқықты бұл орынды болған жағдайда, сақтау шартымен, басқа қатысушы мемлекеттер және Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігі жүргізген допингке қарсы күрес зерттеулерінің нәтижелерімен алмасады.
27-бап - Спорт саласындағы ғылыми зерттеулер
Қатысушы мемлекеттер:
(а) Кодекс принциптеріне сәйкес ғылыми және медициналық қызметкерлердің спорт саласында ғылыми зерттеулер жүргізуіне;
(b) өздерінің заңды құзырындағы спорттық ұйымдардың және спортшылардың қосалқы персоналының Кодекс принциптеріне сәйкес спорт саласында ғылыми зерттеулер жүргізуіне жәрдемдеседі.
VI. Конвенцияның мониторингі
28-бап - Тараптар конференциясы
1. Осымен Тараптар конференциясы бекітілді. Тараптар конференциясы осы Конвенцияның жоғарғы органы болып табылады.
2. Тараптар конференциясының кезекті сессиялары, әдетте, екі жылда бір рет өткізіледі. Тараптар конференциясы, егер ол тиісті шешім қабылдаса немесе оған қатысушы мемлекеттердің үштен бірі сондай өтініш білдірсе, кезектен тыс сессиялар өткізуі мүмкін.
3. Тараптар конференциясында әрбір қатысушы мемлекет бір ғана дауысқа ие болады.
4. Тараптар конференциясы өзінің Рәсімдер ережесін бекітеді.
29-бап - Тараптар конференцияларындағы консультативтік ұйым мен бақылаушылар
Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігі Тараптар конференциясына консультативтік ұйым ретінде шақырылады. Халықаралық олимпиада комитеті, Халықаралық паралимпиялық комитет, Еуропалық кеңес және Дене шынықтыру және спорт жөніндегі Үкіметаралық комитет (СИГЕПС) бақылаушылар ретінде шақырылады. Тараптар конференциясы басқа тиісті ұйымдарды бақылаушылар ретінде шақыру туралы шешім қабылдауы мүмкін.
30-бап - Тараптар конференциясының функциялары
1. Осы Конвенцияның басқа ережелерінде баяндалғаннан басқа, Тараптар конференциясының мынадай функциялары бар:
(а) осы Конвенцияның мақсатына жетуге жәрдемдесу;
(b) Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігімен өзара қарым-қатынас мәселелерін талқылау және Агенттіктің негізгі жылдық бюджетін қаржыландыру тетіктерін зерделеу. Конвенцияның тарабы болып табылмайтын мемлекеттерге осы талқылауға қатысу ұсынысы жасалуы мүмкін;
(с) 18-бапқа сәйкес Ерікті қор қаражатын пайдалану жоспарын бекіту;
(d) 31-бапқа сәйкес қатысушы мемлекеттер ұсынған баяндамаларды қарау;
(е) 31-бапқа сәйкес допингке қарсы жүйені әзірлеу кезінде осы Конвенцияны сақтау мониторингінің нәтижелерін тұрақты негізде қарау. 31-баптың шеңберінен шығатын кез келген мониторинг тетіктері немесе шаралар 17-бапқа сәйкес құрылатын Ерікті қордың қаражатынан қаржыландырылатын болады;
(f) оларды кейіннен қабылдау үшін осы Конвенцияға түзетулерді қарау;
(g) оларды 34-бапқа сәйкес бекіту үшін, Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігі қабылдаған Тыйым салынған тізімге және Тыйым салынған субстанцияларды терапевтік пайдалануға рұқсат берудің стандарттарына түзетулерді қарау;
(h) қатысушы мемлекеттер мен Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігі арасында осы Конвенция шеңберіндегі ынтымақтастықтың бағыттары мен тетіктерін айқындау;
(і) әрбір сессияда оны қарау үшін Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігіне Кодекстің жүзеге асырылуы туралы баяндама ұсыну туралы өтініш жіберу.
2. Тараптар конференциясы өз функцияларын орындау кезінде басқа үкіметаралық органдармен өзара іс-қимыл жасауы мүмкін.
31-бап - Тараптар конференциясы ұсынатын қатысушы мемлекеттердің баяндамалары
Қатысушы мемлекеттер екі жылда бір рет Тараптар конференциясына Хатшылық арқылы ЮНЕСКО-ның ресми тілдерінің бірінде осы Конвенцияның ережелерін орындау мақсатында өздері қабылдаған шаралар туралы барлық тиісті ақпаратты береді.
32-бап - Тараптар конференциясының Хатшылығы
1. ЮНЕСКО-ның Бас директоры Тараптар конференциясының Хатшылығын қамтамасыз етеді.
2. Тараптар конференциясының өтініші бойынша ЮНЕСКО-ның Бас директоры Тараптар конференциясымен келісілген шарттарда Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің қызметін барынша ықтимал мүмкіндік көлемінде пайдаланады.
3. Конвенциямен байланысты шұғыл шығыстар 17-бапқа сәйкес құрылатын Ерікті қордан тиісті деңгейдегі бар қаражат шеңберінде ЮНЕСКО-ның қарапайым бюджетінен немесе әрбір екі жылда айқындалатын олардың тиісті қосылуынан қаржыландырылады. Қарапайым бюджет қаражаты есебінен Хатшылықты қаржыландыру қатаң түрде аз көлемде, бұл ретте Конвенцияны қолдау үшін ерікті түрде қаржыландыру жүзеге асырылатын болған жағдайда, жүргізіледі.
4. Хатшылық Тараптар конференциясы үшін құжаттама және оның алдын ала отырыстарының күн тәртібін дайындайды, сондай-ақ оның шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
33-бап - Конвенцияға түзетулер енгізу
1. Кез келген қатысушы мемлекет ЮНЕСКО-ның Бас директорының атына жазбаша хабарлама арқылы осы Конвенцияға түзетулер ұсына алады. Бас директор ондай хабарламаны барлық қатысушы мемлекеттерге жолдайды. Егер хабарлама жолданған уақыттан бастап алты ай ішінде қатысушы мемлекеттердің кемінде жартысы өзінің келісімі туралы хабарласа, онда Бас директор мұндай ұсынысты Тараптар конференциясының келесі сессиясына ұсынады.
2. Түзетулер Тараптар конференциясында оған қатысқан және дауыс беруге қатысқан қатысушы мемлекеттердің үштен екі көпшілік дауыспен қабылданады.
3. Осы Конвенцияға түзетулер қабылданғаннан кейін, олар ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу үшін қатысушы мемлекеттерге жіберіледі.
4. Осы Конвенцияға түзетулерді ратификациялаған, қабылдаған, бекіткен немесе оған қосылған қатысушы мемлекеттерге қатысты олар, осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды қатысушы мемлекеттердің үштен екісі сақтауға тапсырған күннен бастап үш ай өткеннен кейін күшіне енеді. Кейіннен оны ратификациялайтын, қабылдайтын, бекітетін немесе оған қосылатын әрбір қатысушы мемлекет үшін сол қатысушы мемлекет ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қайта қосылу туралы құжатты сақтауға берген күннен бастап үш ай өткен соң аталған түзету күшіне енеді.
5. Осы Конвенцияға қатысушы болатын мемлекет осы баптың 4-тармағына сәйкес түзетулер күшіне енгеннен кейін, өзінің басқа ниетін білдірмесе:
(а) осылайша оған енгізілген түзетулермен осы Конвенцияның қатысушысы;
(b) түзетулердің қолданысымен байланысты емес кез келген қатысушы мемлекетке қатысты, оған енгізілмеген түзетулерсіз осы Конвенцияның қатысушысы болып саналады.
34-бап - Конвенцияға қосымшаларға түзетулер қабылдаудың ерекше тәртібі
1. Егер Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігі Тыйым салынған тізімге немесе Терапевтік қолдануға рұқсат беру стандарттарына өзгерістер енгізсе, онда ол ЮНЕСКО-ның Бас директоры атына жазбаша түрде сол өзгерістер туралы хабарлауы мүмкін. Бас директор Конвенцияның тиісті қосымшаларына енгізілетін түзетулер ретінде ол өзгерістер туралы барлық қатысушы мемлекеттерді шұғыл түрде хабардар етеді. Қосымшаларға түзетулерді Тараптар конференциясы өздерінің сессиясының бірінде немесе жазбаша консультация арқылы бекітеді.
2. Бас директордың хабардар еткен күнінен бастап қатысушы мемлекеттердің ұсынылып отырған түзетуге қатысты өзінің қарсылығы туралы мәлімдеу үшін, егер әңгіме жазбаша консультация туралы болса, Бас директордың атына, жазбаша хабарлама жіберуіне не Тараптар конференциясының сессиясында білдіруіне 45 күні бар. Егер қатысушы мемлекеттердің үштен екісі өздерінің қарсылығы туралы білдірмесе, ұсынылған түзетулер конференция тарапынан қабылданды деп есептеледі.
3. Бас директор қатысушы мемлекеттерді Тараптар конференциясы қабылдаған түзетулер туралы хабардар етеді. Бұл түзетулер хабардар ету күнінен бастап 45 күннен кейін күшіне енеді, бірақ Бас директорға өзінің бұл түзетулерді қабылдамайтындығын күні бұрын хабардар еткен қатысушы мемлекеттерге қатысы болмайды.
4. Алдыңғы тармақтарға сәйкес бекітілген түзетулерді қабылдамайтындығы туралы Бас директорға хабарлаған қатысушы мемлекет оларға түзетулер енгізілмеген қосымшаны қолдана береді.
VII. Қорытынды ережелер
35-бап - Федеральды немесе зайырлы емес конституциялық жүйелер
Федеральдық немесе зайырлы емес конституциялық жүйесі бар қатысушы мемлекеттерге қатысты мынадай ережелер қолданылады:
(а) құқықтық заңды тұрғыда федеральдық немесе орталық заңнамалық органдары орындайтын осы Конвенцияның ережесіне қатысты федеральды немесе орталық үкімет федеративті мемлекеттер болып саналмайтын қатысушы мемлекеттер сияқты міндеттерді атқарады;
(b) осы Конвенция ережелеріне қатысты, оның орындалуы мемлекеттің құрамына кіретін жекелеген штаттардың, облыстардың, провинциялар немесе кантондардың заңды құзырына қарайды, олар федерацияның конституциялық жүйесіне сәйкес заңнамалық шаралар қабылдауға міндетті емес, федералдық үкімет көрсетілген ережелерді қабылдауға қатысты өз ұсыныстары туралы сол штаттардың, облыстардың, провинциялар мен кантондардың құзырлы билік органдарын хабардар етеді.
36-бап - Ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу
Осы Конвенция ЮНЕСКО-ға қатысушы мемлекеттердің тиісті конституциялық рәсімдеріне сәйкес олардың ратификациялауына, қабылдауына, бекітуіне немесе қосылуына жатады. Ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжаттар ЮНЕСКО-ның Бас директорына сақтау үшін тапсырылады.
37-бап - Күшіне ену
1. Осы Конвенция ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы отызыншы құжаттың сақтауға берілген күнінен бастап бір ай еткеннен кейінгі айдың бірінші күнінен бастап күшіне енеді.
2. Осы Конвенция бойынша өзіне міндеттемелер алуға өзінің келісімі туралы білдіретін кез келген мемлекет үшін ол ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжатты сақтауға берілген күнінен бастап бір ай кезең өткен соң айдың бірінші күнінен бастап күшіне енеді.
38-бап - Конвенцияның қолданылуын аумақтарға тарату
1. Ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжатты сақтауға бере отырып, кез келген Мемлекет осы Конвенцияның әрекеті қолданылатын аумақтарды және халықаралық қатынастар үшін өзі жауап беретін аумақты немесе аумақтарды көрсете алады.
2. Кез келген қатысушы мемлекет ЮНЕСКО-ның атына жіберілген өтініштің соңында осы Конвенцияның қолданысын сол өтініште көрсетілген кез келген басқа аумаққа таратуы мүмкін. Конвенция осындай аумаққа қатысты депозитарий сондай хабарламаны алған күннен кейін бірінші ай өткен соң келесі айдың бірінші күнінен бастап күшіне енеді.
3. Алдыңғы екі тармаққа сәйкес жасалған кез келген өтініш сондай өтініште көрсетілген кез келген аумаққа қатысты ЮНЕСКО-ның атына хабарлама жіберу арқылы қайтарып алынады. Мұндай қайтарып алу депозитарий сондай хабарламаны алған күннен кейін бірінші ай өткен соң келесі айдың бірінші күнінен бастап күшіне енеді.
39-бап - Денонсация
Кез келген қатысушы мемлекет осы Конвенцияның күшін жоя алады. Күшін жою туралы ЮНЕСКО-ның Бас директорына сақтауға тапсырылатын құжаттың жазбаша нысанында хабарланады. Күшін жою туралы құжатты алған күннен бастап алты ай кезең өткен соң айдың бірінші күнінен бастап күшін жою күшіне енеді. Конвенциядан шығу күшіне енген күнге дейін ол тиісті қатысушы мемлекеттің қаржылық міндеттемелеріне ешқандай әсер етпейді.
40-бап - Депозитарий
ЮНЕСКО-ның Бас директоры осы Конвенцияның және оған енгізілетін түзетулердің депозитарииі болып табылады. ЮНЕСКО-ның Бас директоры депозитарий ретінде осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттерді, сондай-ақ Ұйымға мүше басқа мемлекеттерді:
(а) ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы кез келген құжатты сақтауға беру;
(b) 37-бапқа сәйкес осы Конвенцияның күшіне енген күні;
(с) 31-баптың ережесіне сәйкес дайындалған кез келген баяндама;
(d) Конвенцияға немесе 33 және 34-баптарға сәйкес қабылданған қосымшаларға кез келген түзету және сол түзетулердің қолданысқа енген күні;
(е) 38-баптың ережелеріне сәйкес ұсынылған кез келген өтініш немесе хабарлама;
(f) 39-баптың ережелеріне сәйкес ұсынылған кез келген хабарлама және күшін жоюдың күшіне енген күні;
(g) осы Конвенцияға байланысты кез келген басқа акті, хабарлама немесе мәлімдеме туралы хабардар етеді.
41-бап - Тіркеу
Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес осы Конвенцияны ЮНЕСКО-ның Бас директорының өтініші бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығы тіркейді.
42-бап - Тең түпнұсқа мәтіндер
1. Осы Конвенция, оған қосымшаларды қоса алғанда, ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдерінде жасалды, әрі, барлық алты мәтін тең түпнұсқа болып табылады.
2. Осы Конвенцияға толықтырулар ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдерінде жасалды.
43-бап - Ескертпелер
Осы Конвенцияның мәнімен және мақсатымен сыйыспайтын қандай да бір ескертпелерге жол берілмейді.
I қосымша - Тыйым салынған тізім - халықаралық стандарт
II қосымша - Терапевтік пайдалануға рұқсат беру стандарттары
1-толықтыру - Дүниежүзілік допингке қарсы күрес кодексі
2-толықтыру - Зертхана үшін халықаралық стандарт
3-толықтыру - Тестілеу үшін халықаралық стандарт
І-ҚОСЫМША
Дүниежүзілік
допингке қарсы күрес
агенттігі
Дүниежүзілік допингке қарсы күрес кодексі
ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ТІЗІМ
2008
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТ
Осы тізім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді
ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ТІЗІМ 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДОПИНГКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КОДЕКСІ
2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді
Кез келген дәрі-дәрмекті пайдалану медициналық көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
БАРЛЫҚ УАҚЫТТА (ЖАРЫС ЖӘНЕ ЖАРЫСТАН ТЫС КЕЗЕНДЕ) ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН СУБСТАНЦИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕР |
ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН СУБСТАНЦИЯЛАР
S1. АНАБОЛИЯЛЫҚ АГЕНТТЕР
Анаболиялық агенттерді пайдалануға тыйым салынады.
1. Анаболиялық андрогендік стероидтер (ААS)
(а) Экзогендік* ААS, мыналарды қоса алғанда:
1-андростендиол (5a-андрост-1-ен-3в, 17в-диол); 1-андростендион (5a-андрост-1-ен-3,17-дион); боландиол (19-норандростендиол); боластерон ; болденон ; болдион (андроста-1,4-диен-3,17-дион); калюстерон ; клостебол ; даназол (17a-этинил-17в-гидроксиандрост-4-ено[2,3-d]изоксазол); дегидрохлорметилтестостерон (4-хлоро-17в-гидрокси-17a-метиландроста-1,4-диен-3-он); дезоксиметилтестостерон (17a-метил-5a -андрост-2-ен-17в-ол); дростанолон ; этилэстренол (19-нор-17a-прегн-4-ен-17-ол); флюоксиместерон ; формеболон ; фюразабол (17в-гидрокси-17a-метил-5a-андростано[2,3-с]-фюразан); гестринон ; 4-гидрокситестостерон (4,17в-дигидроксиандрост-4-ен-3-он); местанолон ; местеролон ; метенолон ; метандиенон (17в-гидрокси-17a-метиландроста-1,4-диен-3-он); метандриол ; метастерон (2a, 17a-диметил-5a-андростан-3-он-17в-ол); метилдиенолон (17в-гидрокси-17a-метилэстра-4,9-диен-3-он); метил-1-тестостерон (17в-гидрокси-17a-метил-5a-андрост-1-ен-3-он); метилнортестостерон (17в-гидрокси- 17a-метилэстр-4-ен-3-он); метилтриенолон (17в-гидрокси-17a-метилэстра-4,9,11-триен-3-он); метилтестостерон ; миболерон ; нандролон; 19-норандростендион (эстр-4-ен-3,17-дион); норболетон ; норклостебол ; норэтандролон ; оксаболон ; оксандролон ; оксимэстерон ; оксимэтолон ; простанозол ([3,2-с] пиразол - 5a-этиоаллохолан-17в-тетрагидропиранол); кинболон ; станозолол ; стенболон ; 1-тестостерон (17в-гидрокси-5a-андрост-1-ен-3-он); тетрагидрогестринон (18a-гомо-прегна-4,9,11-триен-17в-ол-3-он); тренболон және химиялық құрылымы жағынан немесе биологиялық әсер етуі жағынан ұқсас басқа да субстанциялар.
а - альфа
в - бета
(b) Эндогендік ** АА5:
андростендиол (андрост-5-ен-3в,17в-диол), андростендион (андрост-4-ен-3,17-дион),
дигидротестостерон
(17в-гидрокси-5a-андростан-3-он);
прастерон
(дегидроэпиандростерон, DHEA),
тестостерон
,
сондай-ақ мынадай метаболиттер мен изомерлер:
5a-андростан-3a,17a-диол; 5a-андростан-3a,17в-диол; 5a-андростан-3в,17a-диол; 5a-андростан-3в,17в-диол; андрост-4-ен-3a,17a-диол; андрост-4-ен-3а,17в-диол; андрост-4-ен-3в,17a-диол; андрост-5-ен-3a,17a-диол; андрост-5-ен-3a,17в-диол; андрост-5-ен-3в,17a-диол; 4-андростендиол (андрост-4-ен-3в,17в-диол); 5-андростендион (андрост-5-ен-3,17-дион), эпи-дигидротестостерон ; 3a-гидрокси-5a-андростан-17-он; 3в-гидрокси-5a-андростан-17-он; 19-норандростерон ; 19-норэтиохоланолон .
а - альфа
в - бета
Егер қандай да бір анаболиялық андрогендік стероидтерді ағзаның өзі қорыта алса, онда сынақтың құрамында осындай тыйым салынған субстанция бар болып саналады және осындай тыйым салынған субстанциялардың концентрациясы немесе олардың метаболиттерінің, болмаса маркерлерінің концентрациясы және/немесе спортшының сынағындағы олардың тиісті арақатынасы адамдар үшін кәдімгі болып табылатын нормалардың диапозоны шегінен шықса және ағзаның кәдімгі эндогендік қорытуына сәйкес келмесе, талдау нәтижесі теріс екендігі туралы хабарланады. Егер спортшы тыйым салынған субстанцияның концентрациясы немесе олардың метаболиттері, болмаса маркерлердің және/немесе спортшының сынағындағы олардың тиісті арақатынасы оның патологиялық немесе физиологиялық жағдайына әсер ететініне дәлелдер келтірсе, сынақ құрамында тыйым салынған субстанция бар болып саналмайды.
Барлық жағдайда және кез келген концентрацияларда спортшының сынағында тыйым салынған субстанция бар болып саналады, егер кез келген сенімді талдау әдісін (мысалы, IRMS) негізге ала отырып, зертхана теріс талдау нәтижесі туралы хабарласа, зертхана тыйым салынған субстанцияның экзоген сипатта екенін дәлелдей алады. Бұндай жағдайда одан әрі зерттеу жүргізудің қажеті жоқ.
Адамдар үшін кәдімгі болып табылатын норма диапазонынан концентрацияның ауытқуы болмаса және кез келген сенімді әдісті қолдану нәтижесінде (мысалы, IRMS), субстанцияның экзоген тектес екені анықталмайды. Бірақ бұл ретте эндогендік стероидтік профильдерді салыстыру негізінде тыйым салынған субстанцияны пайдаланған көздері болған деуге болжам жасауға болатын негіздер болады немесе зертхана тестеронның эпитестостеронға 1-ге 4-тен астам қатынасы туралы хабарласа, ал кез келген сенімді әдісті қолдану (мысалы, IRMS) субстанцияның экзоген тектес екенін анықтауға мүмкіндік бермейді. Тиісті допингке қарсы күрес ұйымы кез келген алдыңғы тестілердің нәтижесін зерделеу немесе бұдан кейін тестілеу жүргізу арқылы зерттеулер жүргізеді.
Бұндай қосымша зерттеу талап етілгенде, зертхана нәтижелерді теріс ретінде емес, типтік емес деп хабарлайды. Егер қосымша сенімді әдісті қолдану нәтижесінде (мысалы, IRMS) зертхана тыйым салынған субстанция экзоген тектес екенін хабарласа, бұдан әрі зерттеу өткізудің қажеттілігі жоқ және сынақтың құрамында осындай тыйым салынған субстанция бар болып саналады.
Егер талдаудың қосымша сенімді әдісі қолданылмаса (мысалы, IRMS) және кем дегенде алдыңғы үш тестің нәтижелері болмаса, тиісті допингке қарсы күрес ұйымы үш ай мерзім ішінде алдын ала ескертусіз үш тест өткізу арқылы сол уақытқа спортшының стероидтік профилі айқындалады. Сол уақытқа стероидтік профильді зерделеуге әкеп соққан нәтижелер типтік емес болып хабарланады. Егер сол кезең ішінде кейінгі тестілердің негізінде айқындалатын спортшының стероидтік профилі физиологиялық қалыпты болып табылмаса, онда талдаудың теріс нәтижесі туралы хабарланады.
Өте сирек жекелеген жағдайларда зәрдің құрамында ете төмен концентрациялардағы бір миллилитрге (нг/мл) бірнеше нанограммнан эндоген тектес болденон жүйелі түрде табылуы мүмкін. Егер зертхана осындай болденонның төмен концентрациясы туралы хабарласа, ал сенімді талдау әдістерін қолдану (мысалы, IRMS) экзоген тектес субстанцияларды айқындауға мүмкіндік бермесе, онда кейінгі тестілеулер өткізу негізінде бұдан әрі зерттеулер жүргізілуі мүмкін.
Зертхана талдаудың теріс нәтижесі туралы хабарлағанда, 19-норандростерон сияқты субстанцияның бар екені ескертілсе, экзоген тектес тыйым салынған субстанцияның ғылыми және негізделген дәлелі ретінде қаралады. Бұндай жағдайда бұдан әрі зерттеу жүргізудің қажеті жоқ.
Зерттеу жүргізу барысында спортшы ынтымақтасудан бас тартқан жағдайда, спортшы сынағының құрамында тыйым салынған субстанция бар болып саналады.
S1.2. Басқа да анаболиялық агенттер (тізім түпкілікті болып табылмайды):
Кленбутерол, андрогендік рецепторлардың іріктелген модуляторлары (SARMs), тиболон, зеранол, зилпатерол.
Осы бөлімдегі:
|
S2. ГОРМОНДАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ЖАТАТЫН СУБСТАНЦИЯЛАР
Мынадай субстанцияларға және олардың релизинг-факторларына тыйым салынады:
1. эритропоэтин (ЭПО);
2. өсу гормоны (ҺGН), өсудің инсулинге ұқсас факторлары
(мысалы, ИФР-1), өсудің механикалық факторлары (МФР);
3. гонадотропиндер (мысалы, ЛГ, ХГЧ) тек ерлер үшін тыйым
салынған;
4. инсулиндер;
5. кортикотропиндер;
және химиялық құрылымы жағынан немесе биологиялық әсер етуі жағынан басқа да ұқсас субстанциялар.
Егер спортшы концентрация физиологиялық немесе патологиялық жағдайдан туындағанын дәлелдемесе, сынақтың құрамында жоғарыда келтірілген тізімде көрсетілген тыйым салынған субстанциялардың біреуі бар болып саналады, тыйым салынған субстанцияның немесе оның метаболиттерінің немесе маркерлерінің концентрациясы және/немесе олардың тиісті арақатынасы спортшының сынағында адамдар үшін кәдімгі болып табылатын нормалардан асса, организмнің кәдімгі эндогендік қорытуына сәйкес келе алуы мүмкін емес.
Егер зертхана сенімді әдісті қолдану нәтижесінде тыйым салынған субстанцияның экзоген тектес екенін хабарласа, сынақтың құрамында тыйым салынған субстанция бар болып саналады және талдаудың теріс нәтижесі туралы хабарланады.
S3. БЕТА-2 АГОНИСТЕР
Бета-2 агонисттердің D- и L- изомерлерін қоса алғанда, олардың барлығына тыйым салынады.
Ингаляция арқылы қолданғанда, формотеролге, сальбутамолге, сальметеролге және тербуталинге тыйым салынбайды; бұл ретте терапевтік пайдалануға қысқартылған процедура бойынша рұқсат алу талап етіледі.
Спортшының терапевтік пайдалануға рұқсат алғанына қарамастан, спортшы осы нәтиже оны терапевтік пайдалану кезінде сальбутамол ингаляциясының салдары болып табылатынын дәлелдейтін жағдайларды қоспағанда, 1000 нг/мл-ден асатын сальбутамолдың концентрациясы (глюкуронидпен бірге еркін) талдаудың теріс нәтижесі болып саналады.
S4. ГОРМОНДЫҚ АНТАГОНИСТЕР ЖӘНЕ МОДУЛЯТОРЛАР
Мынадай сыныптарға тыйым салынған:
1. ароматаза ингибиторлары және мыналарды қоса алғанда:
анастрозол, летрозол, аминоглютетимид, экземестан,
форместан, тестолактон және т.б.;
2. ралоксифен, тамоксифен, торемифен және т.б. қоса алгандағы
эстрогендік рецепторлардың іріктелген модуляторлары (SERMs);
3. кломифен, циклофенил, фулвестрант және т.б. қоса алғандағы
экстрогенге қарсы басқа субстанциялар;
4. миостатинаның ингибиторларын қоса алғандағы миостатиннің
функцняларын өзгертетін агенттер.
S5. ДИУРЕТИКТЕР ЖӘНЕ БАС)А ДА БҮРКЕМЕЛЕУ ЗАТТАРЫ
Бүркемелеу агенттеріне тыйым салынады. Олар мыналарды қамтиды:
диуретиктер*, эпитестостерон, пробенецид, альфа-редуктазаның
ингибиторлары (мысалы, финастерид, дутастерид) плазманы
алмастырғыштар (мысалы, альбумин, декстран, гидроксиэтил
крахмал) және биологиялық әсер етуі жағынан ұқсас басқа да
субстанциялар.
Диуретиктер:
ацетазоламид, амилорид, буметанид, канренон, хлорталидон,
этакриникалық қышқыл, фурасемид, индапамид, метолазон,
спиронолактон, тиазидтер (мысалы, бендрофлюметиазид,
хлоротиазид, гидрохлоротиазид), триамтерен, сондай-ақ химиялық
құрылымы және биологиялық әсер етуі жағынан ұқсас басқа да
субстанциялар (тыйым салынбаған дросперинонды қоспағанда).
* Егер спортшының зәрінде тыйым салынған субстанцияның шекті немесе суб-шекті деңгейімен қатар диуретик болса, тыйым салынған субстанцияларды терапевтік пайдалануға берілген рұқсат жарамсыз болып табылады. |
ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ӘДІСТЕР
М1. ОТТЕГІН ТАСЫМАЛДАУДЫ КҮШЕЙТУ
Мынадай әдістерге тыйым салынады:
1. Аутологиялық, гомологиялық және гетерологиялық қан өнімдерін
немесе кез келген тектес қызыл қан жасушаларын пайдалануды
қоса алғандағы қан допингі,
2. Қанның оттегін жұту, тасымалдау немесе жеткізу қабілетін
жасанды жолмен арттыруға, атап айтқанда, перфторирлеу,
эфапроксиралды (RSR 13) және гемоглобин негізінде түрлендіру
өнімдерін пайдалану арқылы (мысалы, гемоглобин,
гемоглобиндік микрокапсулденген өнімдер негізінде қан
алмастырғыштар) және басқа да әдістерді пайдалану.
М2. ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ МАНИПУЛЯЦИЯЛАР
1. Мыналарға тыйым салынған: Бұрмалау немесе допинг-бақылау
кезінде алынған сынақтардың тұтастығын және түпнұсқалығын
бұзу мақсатындағы бұрмалау әрекеттеріне. Бұл, мысалы,
катетеризацияны, зәрді ауыстыруды және/немесе басқа да
өзгертулерді қамти алады.
2. Ішкі қан тамырларының инфузиясына тыйым салынады. Шұғыл
медициналық жағдайда осы әдісті пайдалану қажет деп
табылғанда, терапевтік пайдалануға ретроактивті рұқсат талап
етіледі.
М3. ГЕНДІК ДОПИНГ
Спорттық нәтижені жақсарта алатын жасушаларды, гендерді, гендік элементтерді терапевтік емес жолмен пайдалануға немесе гендік экспрессияны модуляциялауға тыйым салынады.
ЖАРЫСТАРДА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН
|
Жоғарыдағы S1-S5 және М1-М3-бөлімдерінде аталған санаттарға қосымша жарыс кезінде мына санаттарға тыйым салынады:
ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН СУБСТАНЦИЯЛАР
S6. СТИМУЛЯТОРЛАР
Жергілікті қолдануға арналған өндірістік имидазол мен 2008 жылға арналған мониторинг бағдарламасына* енгізілген стимуляторлардан басқа, (D- және L-) екі оптикалық изомерлерін қоса алғанда, барлық стимуляторларға тыйым салынады.
Стимуляторларға мыналар жатады:
адрафинил, адреналин**, амфепрамон, амифеназол, амфетамин,
амфетаминил, бензфетамин, бензалпиперазин, бромантан,
катин***, клобензорекс, кокаин, кропропамид, кротетамид,
циклазодон, диметиламфетамин, эфедрин****, этамиван,
этиламфетамин, этилефрин, фампрофазон, фенбутразат,
фенкамфамин, фенкамин, фенетиллин, фенфлюрамин, фенпропорекс,
фюрфенорекс, гептаминол, изометептен, левметамфетамин,
меклофеноксат, мефенорекс, мефентермин, мезокарб, метамфетамин
(D-), метилендиоксиамфетамин, метилендиоксиметамфетамин, L-
метиламфетамин, метилэфедрин***, метилфенидат, модафинил,
никетамид, норфепефрин, норфенфлюрамин, октопамин, ортетамин,
оксилофрин, парагидроксиамфетамин, пемолин, пентетразол,
фендиметразин, фенметразин, фенпрометамин, фентермин,
4-феиилперацетам (карфедон), пролинтан, пропилгекседрин,
селегилин, сибутрамин, стрихнин, туаминогептан және құрылымы
жағынан немесе биологиялық әсер етуі жағынан ұқсас басқа да
заттар.
* 2008 жылға арналған мониторинг бағдарламасына енгізілген мынадай субстанцияларға (бупропион, кофеин, фенилэфрин, фенилпропаноламин, пипрадол, псевдоэфедрин, синефрин) тыйым салынбайды:
|
Мысал ретінде осы бөлімде тікелей көрсетілмеген стимулятор егер спортшы осы субстанцияның қолданылуы медициналық өнімдер ретінде жалпыға бірдей қолжетімділігі немесе оның спортшының нәтижесіне әсер өтетіні күмәнді болуы допингке қарсы ережені әдейі бұзбаған болып қарастырылған жағдайда ғана айрықша субстанция болып саналады.
S7. ЕСІРТКІЛЕР
Мынадай есірткілерге тыйым салынады:
бупренорфин, декстроморамид, диаморфин (героин), фентанил және
оның өндірістік түрлері, гидроморфион, метадон, морфин,
оксикодон, оксиморфон, пентазоцин, петидин.
S8. КАННАБИНОИДТЕР
Каннабиноидтерге тыйым салынады (мысалы, гашиш, марихуана).
S9. ГЛЮКОКОРТИКОСТЕРОИДТЕР
Глюкокортикостероидтерді ішу, ректальды, тамырға енгізу немесе бұлшық етке енгізу арқылы пайдалануға тыйым салынады. Оларды қолдану терапевтік пайдалануға рұқсат алуды талап етеді.
Оларды қолданудың басқа да тәсілдері үшін (буын іші/буын жаны/тамыр маңындағы, эпидуральдық және теріасты инъекциялары және ингаляция жолымен) төменде келтірілген жағдайларды қоспағанда, қысқартылған процедуралар бойынша терапевтік пайдалануға рұқсат талап етіледі.
Теріге салынатын жергілікті қолдану препараттарына (ионтофорезді/фонофорезді қоса алғанда) құлаққа, мұрынға тамызатындарға, офтальмологиялық, қызылиек, анальды бұзушылықтар және ауыз қуысы бұзылуы кезінде тыйым салынған және терапевтік пайдалануға рұқсат берудің ешбір түрлері талап етілмейді.
ЖЕКЕЛЕГЕН СПОРТ ТҮРЛЕРІНДЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЗАТТАР |
Р1. АЛКОГОЛЬ
Спиртке (этанолға) тек төменде көрсетілген спорт түрлерінен өтетін жарыстарда ғана тыйым салынады. Тыныс алу және/немесе қанның анализі арқылы анықталады. Асып кетсе, допингке қарсы ережені бұзғанын білдіретін шегі (гематологиялық көрсеткіштердің мәні) әрбір федерация үшін жақшаның ішінде көрсетілген.
Аэронавтика (FAI) (0.20 грамм/литр)
Садақпен ату (FІТА, ІРС) (0.10 грамм/литр)
Автомобиль спорты (FIA) (0.10 грамм/литр)
Петанк (ІРС) (0.10 грамм/литр)
Каратэ (WKF) (0.10 грамм/литр)
Қазіргі бессайыс (UIPM) (0.10 грамм/литр)
атуды қамтитын пәндер үшін
Мотоспорт (FIM) (0.10 грамм/литр)
Су-мотор спорты (UIM) (0.30 грамм/литр)
Р2. БЕТА-БЛОКАТОРЛАР
Егер өзге де бета-блокаторлар көрсетілмесе, мынадай спорт түрлерінен өтетін жарыстарда ғана тыйым салынады:
Аэронавтика (FAI)
Садақпен ату (FІТА, ІРС) (жарыстан тыс кезде де тыйым салынған)
Автомобиль спорты (FIA)
Бильярд спорты (WCBS)
Бобслей (FІВТ)
Петанк (СМSВ, ІРС)
Бридж (FМВ)
Керлинг (WCF)
Гимнастика (FІG)
Мотоспорт (FIM)
Қазіргі бессайыс (UIPM) атуды қамтитын пәндер үшін
Боулинг (FIQ)
Су-мотор спорты (UIM)
Желкенді спорт (ISAF) (тек матчтық жарыстарда)
Ату (ISSF, ІРС) (жарыстан тыс кезде де тыйым салынған)
Шаңғы спорты/сноуборд (FIS) (шаңғымен трамплиннен секіру,
секіру (фристайл)/хафпайп және сноубордтағы хафпайп/биг эир)
Күрес (FILA)
Бета-блокаторларға мыналар жатады (тізім түпкілікті болып табылмайды):
ацебутолол, альпренолол, атенолол, бетаксолол, бисопролол,
бунолол, картеолол, карведиол, целипролол, эсмолол, лабеталол,
левобунолол, метипранолол, метопролол,надолол, окспренолол,
пиндолол, пропанолол, соталол, тимолол.
АЙРЫҚША СУБСТАНЦИЯЛАР* |
"Айрықша субстанцияларға"* мыналар жатады:
- концентрацияда 1000 нг/мл-ден асатын сальбутамолды
(глюкуронидпен бірге еркін) және кленбутеролды (S1.2 Басқа да
анаболиялық агенттер бөлімінде аталған) қоспағанда, ингаляция
түріндегі барлық бета-2 агонистері;
- альфа-редуктаз ингибиторлары, пробенецид;
- катин, кропропамид, кротетамид, эфедрин, этамиван,
фампрофазон, гептаминол, изометептен, левметамфетамин,
меклофеноксат, пр-метиламфетамин, металэфедрин, никетамид,
норфенефрин, октопамин, ортетамин, оксилофрин, фенпрометамин,
пропилгекседрин, селегилин, сибутрамин, туаминогептан және S6
бөлімінде нақты көрсетілмеген және оларға қатысты спортшының
жағдайы S6 бөлімінде сипатталған нақты шарттарға сәйкес
келетіні белгіленген кез келген басқа да стимуляторлар;
- каннабиноидтер;
- барлық глюкокортикостероидтер;
- алкоголь;
- барлық бета-блокаторлар.
* "Тыйым салынған тізімде пайдаланылуы олардың жалпы қолжетімділігінің болжалмаған салдары немесе олардың қабілеттерінің күмәнділігі спорттық нәтижелерге әсер ететіндігі ретінде қаралатын айрықша субстанциялар арнайы белгіленуі мүмкін". Егер "...спортшы осы субстанцияны өзінің спорттық нәтижелерін жақсарту үшін пайдаланбағаны..." анықталса, допингке қарсы күрес ережелері осы субстанцияларды пайдалану нәтижелерінде кем дегенде қатаң санкциялармен жазалануы мүмкін. |
ІІ-ҚОСЫМША
ТЕРАПЕВТІК ПАЙДАЛАНУҒА РҰҚСАТ БЕРУ СТАНДАРТТАРЫ
"ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН СУБСТАНЦИЯЛАРДЫ ТЕРАПЕВТІК ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР"
Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігінің (ДДҚА) құжатынан алынған үзінді;
2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді
4.0 Терапевтік пайдалануға рұқсат беру критерийлері
Спортшыға Тыйым салынған тізімге енгізілген тыйым салынған субстанцияларды немесе тыйым салынған әдістерді терапевтік пайдалануға (ТП) рұқсат берілуі мүмкін. ТП-ға рұқсат беру өтінімін Терапевтік пайдалануға рұқсат беру жөніндегі комитет (ТПРК) қарайды. ТПРК-ні допингке қарсы күрес агенттігі тағайындайды. Осындай рұқсаттар қатаң түрде мынадай критерийлерге сәйкес беріледі:
Ескертпе: Осы стандарт Кодексте жазылғандай барлық спортшыларға қатысты, мысалы, толық физикалық мүмкіндіктері бар спортшыларға және физикалық мүмкіндіктері шектеулі спортшыларға. Осы стандарт жекелеген жағдайларға сәйкес қолданылады. Мысалы, физикалық мүмкіндіктері шектеулі спортшыға берілген рұқсат басқа спортшыларға берілмеуі мүмкін.
4.1 ТП-ға рұқсат беру өтінімін спортшы спорттық іс-шараға қатыспай тұрып кемінде 21 күн бұрын береді.
4.2 Егер қандай да бір ауыр немесе созылмалы науқасты емдеу үдерісінде спортшы денсаулық жағдайының айтарлықтай төмендегенін сезінсе, ол тыйым салынған субстанцияны немесе әдісті пайдалана алмайды.
4.3 Тыйым салынған субстанцияны немесе әдісті терапевтік пайдалану осы субстанцияны қолданудан терапевтік салдардың әсерінен болған қалыпты денсаулық жағдайының қалпына келуімен байланысты күткен жақсарудан басқа спорттық нәтижелердің қосымша жақсаруына әкелмейді. Эндогендік гармондардың "төменгі деңгейін" арттыру үшін кез келген тыйым салынған субстанцияны немесе әдісті пайдалану терапевтік араласу қабылдайтын болып санала алмайды.
4.4 Тыйым салынған субстанцияны немесе әдісті пайдаланудың ақылға сыйымды терапевтік баламасының болмауы.
4.5. Тыйым салынған субстанцияны немесе әдісті терапевтік пайдалану қажеттілігі Тыйым салынған тізімнен бұған дейінгі терапевтік емес пайдаланудың салдары бола алмайды.
4.6 ТП-ға рұқсат берген орган мынадай жағдайларда оның күшін жояды, егер:
(а) спортшы ТП-ға рұқсат берген допингке қарсы күрес ұйымының
кез келген талаптарына бірден бағынбаса;
(b) ТП-ға рұқсаттың әрекет ету мерзімі өтіп кетсе;
(с) спортшы допингке қарсы күрес ұйымының ТП-ға рұқсат берудің
күшін жойғанынан хабардар болса.
Ескертпе: ТП-ға берілген әрбір нақты рұқсаттың тиісті ТПРК бекіткен нақты көрсетілген әрекет ету мерзімі болады. ТП-ға берілген рұқсаттың әрекет ету мерзімі өтіп кетсе де немесе рұқсат қайтарылып алынса да, ал ТП мақсатында пайдалануға рұқсат берілген тыйым салынған субстанциялар бұрынғыша спортшының ағзасында болатын жағдайлар кездесуі мүмкін. Бұндай жағдайларда теріс талдау нәтижесін бастапқы зерделеуді жүзеге асыратын допингке қарсы күрес ұйымы осындай нәтиже рұқсаттың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін немесе ТП-ға рұқсат беруді қайтарып алумен келісілетіні, яки келісілмейтіні туралы мәселені қарайды.
4.7 ТП-ға рұқсат беру өтінімі мынадай жағдайларды қоспағанда, оның ретроактивті мақұлдауының болуына қаралмайды:
(а) жедел медициналық көмек көрсету немесе денсаулық жағдайының шұғыл төмендеуі кезінде емдеу қажеттілігі;
(b) өтінім берушінің өтінім беруге, ал ТПРК-ның допинг-бақылау өткізу үшін өтінімді қарауға жеткілікті уақыты немесе мүмкіндіктері болмауының айрықша жағдайлары.
Ескертпе: ТП-ға рұқсат алғанға дейін тыйым салынған субстанцияларды немесе әдістерді пайдалану арқылы жедел медициналық көмек көрсету қажеттілігі немесе денсаулық жағдайының шұғыл төмендеуі кезінде емдеу қажеттілігі сирек туындайды. ТП-ға рұқсат беруге өтінім берудің қысқартылған процедураларын талап ететін жағдайлар да жиі туындамайды. ТП-ға рұқсат беруге жауапты допингке қарсы күрес ұйымы осындай жағдайларда әрекет етуді айқындайтын ішкі процедуралар әзірлеуі тиіс.
5.0 Ақпараттың құпиялылығы
5.1 Өтінім беруші ТПРК мүшелеріне және егер талап етілсе, тәуелсіз медициналық немесе ғылыми сарапшыларға, сондай-ақ ТП-ға рұқсат беруге, қарауға және апелляцияға өтінім білдіруге қатысты барлық қызметкерлерге барлық қажетті ақпаратты беруге жазбаша келісім беруі тиіс.
Егер басқа жақтан тәуелсіз сарапшыны тарту талап етілсе, өтінімнің барлық детальдары спортшының тегі мен аты және оның емдейтін дәрігері жазылмай жіберіледі. Бұдан басқа, өтінім беруші Кодекстің ережелеріне сәйкес басқа тиісті допингке қарсы күрес ұйымдары оның өтінімі бойынша қабылдаған шешімін тапсыруға жазбаша келісім беруі тиіс.
5.2 ТПРК мүшелері және допингке қарсы күрес ұйымының ісін жүргізетін әкімшілік өзінің барлық қызметінде құпиялылық принциптерін қатаң сақтайтын болады. ТПРК-ның барлық мүшелері, осы қызметкерге қатысы бар барлық қызметкерлер құпиялылықтың сақталуы туралы келісімге қол қояды. Атап айтқанда, олар мынадай ақпаратқа қатысты құпиялылықты сақтауы тиіс:
(а) спортшы мен оның дәрігері/дәрігерлері ұсынатын кез келген ақпарат және медициналық сипаттағы деректер;
(b) осы үдеріске тартылған дәрігердің/дәрігерлердің тегі мен атын қоса алғанда өтінімнің кез келген детальдары.
Егер спортшы ТПРК-ге немесе ДДҚА ТПРК-ге өзінен денсаулық жағдайы туралы кез келген ақпарат беру құқығынан бас тартқысы келсе, онда ол бұл туралы өзінің дәрігерін жазбаша түрде ескертуі тиіс. Осындай шешімнің негізінде спортшы ТП-ға рұқсат алмайды немесе ТП-ға қолданыстағы рұқсатты жаңарта алмайды.
6.0 Терапевтік пайдалануға рұқсат беру жөніндегі комитеттер (ТПРК)
ТА-ға рұқсат беру жөніндегі комитеттер белгіленеді және мынадай принциптерге сәйкес әрекет етеді:
6.1 ТПРК өзінің құрамында спортта және спортшыларды емдеуде жұмыс тәжірибесі бар, сондай-ақ клиникалық, спорттық медицина және жаттығу жүктемелерін медициналық бақылау саласында терең білімді кемінде үш дәрігерді иеленуі тиіс. Шешім қабылдаған кезде тәуелсіздіктің айқын деңгейін қамтамасыз ету үшін ТПРК-ның мүшелері допингке қарсы күрес ұйымының шеңберінде қандай да бір ресми міндеттермен байланысты болмауы тиіс. ТПРК-ның барлық мүшелері мүдделердің қақтығысын болдырмау туралы келісімге қол қояды. Физикалық мүмкіндіктері шектеулі спортшылардың өтінімдерін қарау үшін ТПРК-ның кемінде бір мүшесінде физикалық мүмкіндіктері шектеулі спортшыларды емдеу және медициналық күту тәжірибесі болуы тиіс.
6.2 ТПРК ТП-ға рұқсат беру жөніндегі әрбір нақты өтінімге қатысты жағдайларды қарау үшін қажет деп тапқан сырттағы кез келген медициналық немесе ғылыми сараптама көздеріне сұрау сала алады.
6.3 ДДҚА ТПРК мүшелерінің құрамы 6.1-бабында жазылған критерийлерге сәйкес айқындалады. Допингке қарсы күрес ұйымдарының ТП-ға рұқсат беруіне қатысты өз жеке бастамасы бойынша шешімдерді қабылдау үшін ДДҚА ТПРК белгіленеді. ДДҚА ТПРК Кодексінің 4.4-бабына сәйкес допингке қарсы күрес ұйымы терапевтік пайдалануға рұқсат беруден бас тартқан кез келген спортшының сұрау салуы бойынша олардың қайта қарауына өкілеттіктерді иелене отырып, осындай шешімдерді қарай алады.
7.0 Терапевтік пайдалануға (ТП) рұқсат беруге өтінімдер беру рәсімі
7.1 ТП-ға рұқсат беру өтінімі барлық тиісті құжаттар қоса берілуге тиіс өтінімнің толтырылған формулярын алғаннан кейін ғана қаралады (1-қосымшаны қараңыз - ТП-ға рұқсат беруге өтінімдердің формуляры). Өтінімді қарау рәсімі қатаң медициналық құпиялылық принциптеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
7.2 1-қосымшада келтірілген ТП-ға рұқсат беру өтінімдерінің формуляр(лар)ына допингке қарсы күрес ұйымдары ақпарат алу мақсатында қосымша сұрау салуларды қамтитын өзгерістерді енгізе алады, алайда олардан ешбір бөлімдер мен тармақтар алынып тастала алмайды.
7.3 ТП-ға рұқсат беру өтінімдерінің формуляр(лар)ын допингке қарсы күрес ұйымы басқа тілдерге аудара алады, алайда ағылшын және француз мәтіндері өтінімдердің формуляр(лар)ында қалуы тиіс.
7.4 Спортшы кемінде бір допингке қарсы күрес ұйымына ТП-ға рұқсат алу жөнінде өтінім білдіре алады. Өтінімде спорт түрі, тиісті жағдайларда спорттық пәнді және нақты позициясы немесе спортшының рөлі көрсетілуі тиіс.
7.5 Өтінімде кез келген бұған дейінгі және/немесе қолданыста бар тыйым салынған субстанцияларды немесе тыйым салынған әдістерді пайдалануға рұқсат беру өтінімдері аталып өтіледі, олар берілген орган және олар бойынша осы органның шешімі жазылады.
7.6 Өтінімде спортшының толық медициналық картасы (ауру тарихы) және барлық зерттеулердің нәтижелері, зертханалық талдау және осы өтінімге қатысы бар медициналық кескіндерді зерделеулер болуы тиіс.
7.7 Допингке қарсы күрес ұйымның ТПРК сұрататын кез келген қосымша зерттеулер, талдаулар немесе медициналық кескіндерді зерделеулер өтінім берген адамның немесе ұлттық спорт ұйымының басшысы есебінен жүргізіледі.
7.8 Өтінімде спортшыны емдеу үшін тыйым салынған субстанцияларды және тыйым салынған әдістерді пайдалану қажеттілігін растайтын дәрігердің тиісті біліктілігі бар қорытындысы болуы тиіс; онда спортшыны емдеу үшін неліктен балама, тыйым салынбаған медициналық дәрі-дәрмектер пайдаланыла алады немесе пайдаланыла алмайтыны көрсетілуі тиіс.
7.9 Өтінімде сұратқан тыйым салынған субстанцияларды немесе әдістерді қолдану мөлшері, жиілігі, тәсілі және ұзақтығы көрсетілуі тиіс.
7.10 ТПРК-ның шешімдері тиісті ақпарат алған күннен бастап 30 күн ішінде қабылданады және тиісті допингке қарсы күрес ұйымы арқылы спортшыға жазбаша түрде жеткізіледі. Егер ТП-ға рұқсат спортшыға допингке қарсы ұйымның тіркелген тестілеу пулы арқылы берілсе, онда өтінімді бекіту туралы спортшыға және ДДҚА-ға ТП-ға рұқсат берумен байланысты осы рұқсаттың әрекет ету мерзімі мен барлық жағдайларға қатысты ақпаратты бір уақытта ұсына отырып, шұғыл хабарлайды.
7.11 (а) ДДҚА ТПРК-ның қабылдаған шешімін қайта қарау туралы спортшыдан алынған сынақ жөніндегі Кодекстің 4.4-бабына сәйкес қандай да бір допингке қарсы күрес ұйымы қабылдаған ТП-ға рұқсат беру туралы шешімді қайта қарау мүмкіндігі болады. Спортшы ДДҚА ТПРК-ге бастапқыда допингке қарсы күрес ұйымы ұсынған ТП-ға рұқсат беруге қатысты барлық ақпаратты өтінімді қарау жөніндегі қызмет көрсетулерді төлеумен бірге береді. Қарау үдерісі аяқталғанға дейін бастапқы қабылданған шешім күшінде қалады. Көрсетілген өтінішті қарау үдерісінің ұзақтығы ДДҚА-дан тиісті ақпаратты алған күннен бастап 30 күннен аспауы тиіс.
(b) ДДҚА қарауды кез келген уақытта жүргізе алады. ДДҚА ТПРК өз қарауын 30 күн ішінде аяқтайды.
7.12 Егер ТП-ға рұқсат беру туралы шешім көрсетілген өтініштің қарау нәтижелері бойынша қайта қарауға жатса, онда қайта қарау туралы мұндай шешімнің кері күші болмайды, ТП-ға рұқсаттың әрекет ету кезеңінде спортшы көрсеткен нәтижелер жойылуға жатпайды, ал мұндай қайта қарау туралы шешім спортшыны ол туралы хабардар еткен сәттен бастап 14 күннен кешіктірілмей күшіне енеді.
8.0 ТП-ға рұқсат беру өтінімдерінің ықшамдалған рәсімі (ЫП)
8.1 Тыйым салынған тізімге енгізілген кейбір субстанциялар спортшыларда жиі кездесетін ауруларды емдеу үшін пайдаланылатыны белгілі. Осындай жағдайларда 4 және 7-бөлімдерге сәйкес ТП-ға рұқсат беру өтінімдерін берудің толық рәсімінен өтудің қажеті жоқ. Бұл үшін арнайы ТП-ға рұқсат беруге өтінім берудің ықшамдалған процедурасы енгізіледі.
8.2 Көрсетілген ықшамдалған рәсімі тек мынадай тыйым салынған субстанциялар мен әдістерді ТП-ға қатысты қолданыла алады: Ингаляция түріндегі бета-2 агонисттері (формотерол, сальбутамол, сальметерол және тербуталин), сондай-ақ жүйелі пайдаланбаған кезде глюкокортикостероидтер.
8.3 Жоғарыда көрсетілген субстанциялардың біреуін пайдалану үшін спортшы допингке қарсы күрес ұйымына осындай субстанцияны терапевтік пайдалану қажеттілігін растайтын медициналық анықтама ұсынады. 2-қосымшада келтірілген медициналық анықтамада диагноз, дәрі-дәрмектің атауы, мөлшері, оның қолданылуы тәсілі мен ұзақтығы көрсетіледі. Тиісті жағдайларда оған диагнозды қою мақсатында жүргізілген кез келген талдаулар енгізілуі тиіс (нақты нәтижелер мен егжей-тегжейі көрсетілмей).
8.4 Ықшамдалған рәсім мыналарды қамтиды:
(а) ықшамдалған рәсімнің тиімділігін қамтамасыз еткен жағдайда допингке қарсы күрес ұйымның анықтамадағы талап етілген барлық ақпаратты алу жөнінде тыйым салынған субстанцияларды пайдалану санкциясын. Барлық талап етілген ақпарат болмаған анықтама өтінім берушіге қайтарылады;
(b) допингке қарсы күрес ұйымы, сондай-ақ сәйкесінше халықаралық федерация, ұлттық федерация және ұлттық допингке қарсы күрес ұйымы берген спортшының барлық талап етілген ақпараты бар анықтамаларды алғаны туралы кешіктірілмеген ескерту. Допингке қарсы күрес ұйымы бұл туралы ДДҚА-ны халықаралық дәрежедегі спортшыларға қатысты жағдайлар болған жағдайда хабардар етеді.
(с) ықшамдалған процедура шеңберінде спортшы ұсынған анықтама мынадай жағдайларды қоспағанда, ретроактивті қаралмайды:
- денсаулық жағдайы шұғыл төмендеген кезде жедел медициналық көмек көрсету немесе емдеу қажеттілігі;
- өтінім берушінің өтінім беруге, ал ТПРК-ның допинг-бақылау өткізу үшін өтінімді алуға жеткілікті уақыты немесе мүмкіндіктері болмауының айрықша жағдайлары.
8.5 (а) ТПРК немесе ДДҚА ТПРК-ге кез келген уақытта ықшамдалған рәсімдер шеңберінде қабылданған шешімдерді қайта қарай алады;
(b) егер спортшы ДДҚА ТПРК-ге ықшамдалған рәсімдер шеңберінде ТП-ға рұқсат беруден бас тартуды қайта қарау туралы өтініш білдірсе, ДДҚА ТПРК спортшыдан ол қажет деп тапқан қосымша медициналық ақпаратты талап ете алады, бұл ретте бұнымен байланысты барлық шығыстарды спортшы көтереді.
8.6 ТПРК немесе ДДҚА ТПРК ықшамдалған рәсімдер шеңберінде ТП-ға рұқсат беру әрекетінің кез келген уақытта күшін жоя алады. Бұл туралы спортшы, оның халықаралық федерациясы және барлық тиісті допингке қарсы күрес ұйымдары дереу хабардар етіледі.
8.7 ЫП шеңберінде берілген рұқсаттың күшін жою осындай шешім туралы спортшыны хабардар еткеннен кейін бірден күшіне енеді. Спортшының 7-бөлімге сәйкес ТП-ға рұқсат алуға өтініш білдіруге құқығы болады.
9.0 Ақпараттық орталық
9.1 Допингке қарсы күрес ұйымына ТП-ға рұқсат беру туралы қабылдаған барлық шешімді, сондай-ақ 7-бөлімге сәйкес берілген барлық көмекші құжаттама ДДҚА-ның қарауына беру ұсынылады.
9.2 ЫП шеңберінде берілген ТП-ға рұқсат беруге қатысты допингке қарсы күрес ұйымдары ДДҚА-ның қарауына 8.4 бөліміне сәйкес халықаралық деңгейдегі спортшылар ұсынған медициналық анықтамаларды ұсынады.
9.3. Ақпараттық орталық барлық медициналық ақпараттың қатаң құпиялылығына кепілдік береді.