Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 146 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі N 472 Қаулысы

      "Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 289 өкіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің атташесі Ш.Б. Қарымбаеваны Париж қаласына (Француз Республикасы) іссапарға жіберу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 146 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтағы "20" деген сандар "21" деген сандармен ауыстырылсын;
      2-тармақтың 2) тармақшасындағы "Астана - Вена - Париж - Вена - Астана" деген сөздер "Алматы - Амстердам - Париж - Амстердам - Алматы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады