Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі N 486 Қаулысы

      "Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Батыс Қазақстан облысы әкімінің Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің "Мұнай-газ капиталы" мемлекеттік мекемесінің балансынан баланстық құны 24835668 (жиырма төрт миллион сегіз жүз отыз бес мың алты жүз алпыс сегіз) теңге ГКӨҚ-1.16 тұрақсыз конденсатының конденсат құбырын және баланстық құны 177451117 (бір жүз жетпіс жеті миллион төрт жүз елу бір мың бір жүз он жеті) теңге ГКӨҚ-2 N 1 іске қосу кешенін республикалық меншіктен Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен және Батыс Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының  1-тармағында көрсетілген мүлікті қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады