Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы N 203 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 сәуірдегі N 502 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 621 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 621 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы N 203 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 52-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Есім Ғарифолла              - Қазақстан Республикасы Парламенті
                              Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Әріпханов                   - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Айдар Әбдіразақұлы            және байланыс агенттігі төрағасының
                              орынбасары

Омашев                      - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Намазалы Омашұлы              министрлігінің "Әл-Фараби атындағы
                              Қазақ ұлттық университеті"
                              республикалық мемлекеттік кәсіпорны
                              журналистиканы зерттейтін ЮНЕСКО
                              кафедрасының меңгерушісі;

      көрсетілген құрамнан Бишіғаев Асқар Дәруішұлы, Бурлаков Леонид Николаевич, Қозыбаев Сағымбай Қабашұлы шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады