Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі N 554 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі — мемлекеттік мекеме) құрылсын.
      2. Мемлекеттік мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әкімшісі болып табылатын бағдарламалар бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) мемлекеттік мекеменің жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Құпия.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады