Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы N 1035 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 587 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 150 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.03.2022 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Биологиялық саналуандықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы N 1035 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген биологиялық саналуандықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесінде:

      "Үкіметтік емес ұйымдар мен қорлар" деген бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстанның биологиялық саналуандығын сақтау қоры" корпоративтік қоры".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады