"2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына, "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне Степногор қаласының "Степногор-су арнасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас сутартқысына (диаметрі 900 мм) күрделі жөндеу және сутартқылардағы тығындау-реттеу арматурасына күрделі жөндеу жүргізу үшін Ақмола облысының әкіміне аудару үшін 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен нысаналы ағымдағы трансферттер түрінде 587041300 (бес жүз сексен жеті миллион қырық бір мың үш жүз) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.11.06 N 1773 Қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов