"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 мамырдағы N 648 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж.,  N 3-4, 63, 64-құжаттар; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 1-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 18, 157-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 10, 52-құжат, N 15, 95-құжат, N 23, 141-құжат; 2007 ж. N 3, 20-құжат; 2008 ж., N 12, 52-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 126, 129-құжаттар):
      1) 9-бапта:
      тақырыбы "(қайта тіркеу)" деген сөздерден кейін "және құжаттарды беру" деген сөздермен толықтырылсын;
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Әділет органдарында шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, ал өзге заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен кейінгі жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге тиіс";
      мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Әділет органдарында шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қайта тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей, ал өзге заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш, берілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге тиіс.
      Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеудің (қайта тіркеудің) көрсетілген мерзімдеріне мемлекеттік статистика органдарындағы және салық органдарындағы тіркеу мерзімдері кірмейді.
      Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің, филиалдар мен өкілдіктердің мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы куәлігін, салық төлеуші куәлігін, жарғысын (ережесін) не өз қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы өтінішін беру қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш, берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, ал өзге заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге - қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш, берілген күннен бастап он бір жұмыс күнінен кешіктірмей бір мезгілде жүргізіледі.
      Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің, филиалдар мен өкілдіктердің мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы куәлігін, салық төлеуші куәлігін, жарғысын (ережесін) не өз қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркеу туралы өтінішін беру қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш, берілген күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей, ал өзге заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге - қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш, берілген күннен бастап он терт жұмыс күнінен кешіктірмей бір мезгілде жүргізіледі.";
      үшінші бөліктегі "үш" деген сөз "екі" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) 12-бапта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігі субъектіге заңды тұлға, филиал мен өкілдік мәртебесін беру фактісін куәландыратын құжат болып табылады.";
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Куәлікте тіркеуші орган, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, тіркеу (қайта тіркеу) күні, заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің атауы (оның ішінде филиал мен өкілдік құрушы заңды тұлғаның атауы) және орналасқан жері туралы мәліметтер қамтылады.";
      3) 13-бапта:
      бірінші бөлікте "тіркеген күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде" деген сөздер "тіркеген күні" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші бөлікте "екі жұмыс күні" деген сөздер "бір жұмыс күні" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Біріздендіріліп сәйкестендірілген және басқа да жүйелік-есептік кодтардың берілгенін және Мемлекеттік статистикалық тіркелімге есепке қойылғанын растайтын құжат мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік болып табылады.";
      алтыншы бөлікте "күннен бастап бір жұмыс күні ішінде" деген сөздер "күні" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 5-6, 49-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24, 25-құжаттар; N 8, 45-құжат; 2007 ж., N 4, 28-құжат; N 20, 153-құжат; 2008 ж., N 13-14, 56-құжат; 2009 жылғы 21 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
      1) 23-баптың 2-тармағы "бастапқы мөлшері" деген сөздерден кейін "жарғылық капиталының мөлшері он айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне баламалы сомадан кем болмайтын шағын кәсіпкерлік субъектісі мәртебесі бар жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 24-баптың 1-тармағы алып тасталсын.

       2-бап . Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2. Осы Заңның 1-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының жетінші абзацы 2010 жылғы 13 тамызға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады