Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2) және 3) тармақшаларының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменов".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов