Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 мамырдағы N 665 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 119 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.03.2015 № 119 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 167-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру ережесі бекітілсін.
      2. "Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 сәуірдегі N 396 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 18, 217-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 7 мамырдағы
N 665 қаулысымен  
бекітілген    

Байланысты гранттарды тартуға
арналған өтінімдер беру
ережесі

      1. Осы Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) орталық мемлекеттік органдардың жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өтінімдерін ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер (бұдан әрі - өтінімдер) беру тәртібін айқындайды.
      2. Орталық мемлекеттік органдар уәкілетті органның қарауына жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өтінімдерін ескере отырып, мынадай ақпаратты қамтитын өтінім береді:
      1) байланысты грантты алушы;
      2) болжамды донор;
      3) гранттың сомасы;
      4) байланысты грантты іске асырудың әрбір жылына валютамен және теңгемен қаржыландыру көздерін (грант қаражатын және оны бірлесіп қаржыландыруды) бөліп көрсете отырып, байланысты грантты қаржыландырудың жиынтық кестесі;
      5) мемлекеттік, салалық бағдарламаларға немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес әрбір өтінімге жеке мақсатын, жоспарланатын іс-шараларын, күтілетін нәтижелерін көрсете отырып, түсіндірме жазба (негіздеме).
      3. Орталық мемлекеттік органдар тиісті қаржы жылына бірнеше өтінім берген жағдайда өтінімдер олардың басымдылық тәртібімен көрсетіледі.
      4. Осы Ережеге сәйкес жасалған өтінімдерді орталық мемлекеттік органдар кезекті қаржы жылының алдындағы қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей уәкілетті органға жібереді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады