"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген, 2009 жылға арналған республикалық бюджетте өтеу мен оларға қызмет көрсету көзделген мемлекеттік емес қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 7 мамырдағы
N 666 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген, 2009 жылға
арналған республикалық бюджетте өтеу мен оларға қызмет көрсету
көзделген мемлекеттік емес қарыздар бойынша қарыз алушылардың
тізбесі
1. "Айт-Отель" қазақстан-түрік бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамы.
2. "Отель Астана" қазақстан-түрік бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамы.
3. "Окан-Қазинтер" қазақстан-түрік бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамы.
4. "Байланыс-Құрылысшы" мемлекеттік акционерлік компаниясы.