2009 жылы байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 мамырдағы N 667 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 167-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2009 жылы байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 7 мамырдағы
N 667 қаулысымен  
бекітілген     

2009 жылы байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесі

Р/с
N

Жобаның атауы

Донор

Атқарушы агенттік

Іске асыру кезеңі

Жобаның жалпы құны

Грант сомасы

Мемлекеттік бюджеттен берілетін грантты бірлесіп қаржыландыру сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Қазақстан Республикасының орнықты даму қағидаттарына көшуіне жәрдемдесу

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

2009-2010 жылдар

350 000 АҚШ доллары

150 000 АҚШ доллары

200 000 АҚШ доллары

2.

Қазақстан Республикасында гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және отбасының жағдайын жақсарту шараларын жетілдіру жөніндегі қызметтер

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

2009-2011 жылдар

600 000 АҚШ доллары

300 000 АҚШ доллары

300 000 АҚШ доллары

3.

Еуропалық одақ тәжірибесі бойынша мал шаруашылығы (қой шаруашылығы) саласында шағын кластер құру

Еуропалық Одақ

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрілігі

2009-2010 жылдар

25 000 000 еуро

12 500 000 еуро

12 500 000 еуро (жергілікті бюджет, не заттай мәндегі үлес)

4.

Тікелей шетелдік инвестициялар үшін қазақстандық ресурстарды әртараптандыру және секторалдық инвестицияларды дамыту жөніндегі бағдарламаларды жетілдіру

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрілігі

2009-2011 жылдар

3 800 000 еуро

2 000 000 еуро

1 800 000 еуро

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады