Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 мамырдағы N 690 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-4/286 бұйрығын қараңыз.


      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 36-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2009 жылғы 12 мамырдағы
N 690 қаулысымен    
бекітілген      

Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 36-бабына сәйкес әзірленді және су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын салу, пайдалану, жөндеу және қайта жаңарту кезінде су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының иелері немесе пайдаланушы тұлғалар орындауы міндетті талаптарды ескере отырып, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігі - су шаруашылығы жүйелері, құрылыстары элементтерінің адамдардың өмірін,денсаулығын және заңды мүдделерін, қоршаған орта мен шаруашылық объектілерін қорғауды қамтамасыз ететін өзіндік ерекшеліктері;
      2) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің өлшемдері - су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары аварияларының туындау қатерінің жол берілетін деңгейіне сәйкес келетін су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары жай-күйінің техникалық көрсеткіштерінің және оларды пайдалану шарттарының шекті мәні.

2. Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігінің
қамтамасыз ету тәртібі

      3. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын жобалау, салу, пайдалану, жөндеу және қайта жаңарту кезінде қойылатын талаптар негізінде жүзеге асырылады.
      4. Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсізідігін қамтамасыз ету үшін олардың жұмысы мен жай-күйіне құрылысын салу үдерісінде де, пайдалану, жөндеу және қайта жаңарту кезінде де заттай қадағалау (мониторинг) жүргізіледі.
      5. Жобалау сатысында су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының беріктігі, тұрақтылығы және ұзақ мерзімділігі есептеу әдістерімен қамтамасыз етіледі.
      6. Есептеу кезінде инженерлік ізденістердің нәтижелері, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары орналасқан жердің функционалдық мақсаты мен сипаты, тіреуші құрылыс конструкциялары бұзылуының болжалды салдары, сондай-ақ жүктемелер мен әсерлердің қолайсыз бірлесе келуі ескеріледі.
      7. Жер сілкінісі қаупі бар аудандарда су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын салу кезінде болуы мүмкін қауіпті бүлінулер мен авариялық жағдайларды болдырмау үшін арнайы жобалық-конструкторлық шешімдер қолданылады.
      8. Егер су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын салу кезінде жобалаушы ұйыммен келісілген құрылыс жобасынан ауытқуға жол берілсе, онда қабылданған ауытқулары бар су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздік деңгейі төмендемеуі тиіс, ал құрылыс жобасы белгіленген тәртіппен тиісінше өзгертілуі тиіс.
      9. Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын салу объектілерінде құрылыс үдерісінде бөгде араласуды болдырмау бойынша, сондай-ақ болуы мүмкін диверсиялық және террористік актілерге қарсы әрекет ету бойынша қорғау шаралары көзделуі қажет.
      10. Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының иесі немесе пайдаланушы тұлға су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын функционалдық мақсаты бойынша қауіпсіз пайдалануды, олардың техникалық жай-күйінің қауіпсіз деңгейін, сондай-ақ техникалық қызмет көрсетуді, ағымдағы жөндеуді және жаңғыртуды қамтамасыз етеді.
      11. Болжанатын немесе болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға байланысты авариялар туындау қаупі кезінде су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының иесі немесе пайдаланушы тұлға қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдайды, сондай-ақ су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының бақыланатын параметрлері белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын пайдаланудан шығару жөнінде шаралар қабылдайды.
      12. Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі іс-шаралар жоспарына және су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын қалпына келтіру жөніндегі жобалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
      13. Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарында өрттен, жарылыстан және басқа да қауіпті жағдайлардан қорғау құралдары болған жағдайда су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының иесі немесе пайдаланушы тұлға су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы уәкілетті орган бекіткен су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының паспорттарына сәйкес оларды жұмысқа қабілетті күйде ұстайды.
      14. Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын пайдалану кезінде қауіпсіз күйінде ұстауды меншік иесі немесе пайдаланушы тұлға кезеңдік тексеру жүргізу, техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жолымен қамтамасыз етеді.
      15. Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын жөндеу жұмыстарының және қайта жаңарту жөніндегі жұмыстардың бағдарламаларын әзірлеу жүйелер мен құрылыстардың жай-күйін және пайдаланылатын су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарында аварияның туындау қатерінің деңгейін (қауіпсіздік деңгейін) бағалау негізінде жүргізіледі.
      16. Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын ағымдағы жөндеу кезінде жобалық құжаттамадан ауытқуға жол берілмейді.
      17. Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын қайта жаңарту кезінде қауіпсіздік деңгейі су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы уәкілетті орган бекіткен су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің өлшемдерін сақтау арқылы қамтамасыз етіледі.
      18. Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының иесі немесе пайдаланушы тұлға іргелес жатқан аумақта адамдар үшін қауіп тудыратын жұмыстарды жүргізген кезде қауіпті аймаққа кездейсоқ кіруді болдырмау жөнінде шаралар қабылдайды.
      19. Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының иесі немесе пайдаланушы тұлға 25 жылдан артық пайдалануда болған су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын олардың жай-күйіне қарамастан, олардың беріктігін, тұрақтылығын және пайдалану сенімділігін бағалай отырып, жыл сайын көп факторлы тексеруден өткізеді.
      25 жылға дейін пайдалануда болған су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары олардың жай-күйіне қарамастан, олардың беріктігін, тұрақтылығын және пайдалану сенімділігін бағалай отырып, 5 жылда бір рет көп факторлы тексеруден өтеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады