Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарын дамытудың 2009 - 2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 мамырдағы N 712 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 302 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарын дамытудың 2009 - 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Кешенді жоспар);
      2) Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарын дамытудың 2009 - 2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі — Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Мүдделі ұйымдар жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 20 қаңтардан және 20 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 1 ақпаннан және 1 тамыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 14 мамырдағы
N 712 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарын дамытудың
2009 - 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары 1. Кіріспе

      Осы Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарын дамытудың 2009 - 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Кешенді жоспар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы" атты Қазақстан халқына Жолдауына және Қазақстан Республикасының 2007 - 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасына сәйкес дайындалған.
      Соңғы жылдары әлемдік мұнай өңдеу қуаттары 90-95 % жұмыс істеуде. Азия-Тынық мұхит өңірінде мұнай өнімдерін тұтыну сұранысының едәуір өсуі (Үндістан мен Қытайды қоса алғанда, Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі экономикалық өсу) және қуат көлемінің жеткіліксіз өсіндісі жағдайында мұнай өңдеу бойынша қуаттар тапшылығы туындайды.
      Экономикалық өсумен және мұнай өнімдерін тұтынудың артуымен қатар жаңа қуаттар құруға арналған жоғары күрделі шығындар, инвестициялардың өтелуінің ұзақ мерзімдері, экологиялық талаптардың күшейтілуі және осыған байланысты қолданыстағы өндіріске инвестициялар қажеттілігі өңдеу қуаттары жетіспеушілігінің негізгі себептері болып табылады.
      Автомобильдендірудің жоғары қарқыны және тиісінше мұнай өнімдерін пайдалану әлемдегі экологиялық жағдайдың нашарлауына әкеп соқтырады, нәтижесінде мұнай өнімдеріне қойылатын талаптар күшейтіледі.
      Экономикалық өсу нәтижесінде соңғы жылдары Қазақстан Республикасында жалпы әлемдік үрдіске ұқсас - мұнай өнімдерін тұтынудың артуы және тұтынатын мұнай өнімдерінің түр-түрін өзгерту, отын сапасына қойылатын талаптарды күшейту сияқты үрдіс қалыптасуда.
      Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында үш мұнай өңдеу зауыты жұмыс істеуде - Атырау мұнай өңдеу зауыты (бұдан әрі - Атырау МӨЗ), Павлодар мұнай-химия зауыты (бұдан әрі - Павлодар МӨЗ) және Шымкент мұнай өңдеу зауыты (бұдан әрі - Шымкент МӨЗ). Жоғары жиынтық қуатқа, мұнай өңдеу кешенділігіне қарамастан, қазақстандық өндірістің ағымдағы жүктемесі озық мұнай өңдеу кәсіпорындарының ұқсас көрсеткіштерінен едәуір артта қалуда.
      Қазақстан Республикасының мұнай өндірудің едәуір көлеміне ие болуымен және Кешенді жоспарды іске асыру кезеңінде өндіру көлемін ұлғайту жоспарланумен қатар көрсетілген қазіргі заманғы үрдістер ағымдағы жағдайды талдау қажеттілігіне және Қазақстан Республикасындағы мұнай өңдеу саласын дамытуға бағытталған Бағдарламаны әзірлеуге байланысты.
      Кешенді жоспарда Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарының мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ күтілетін нәтижелер мен іске асыру тетіктері белгіленген.

2. Қазақстан Республикасының ішкі мұнай өнімдері нарығын және
мұнай өңдеу зауыттарының ағымдағы жай-күйін талдау

       Мұнай өнімдерінің ішкі нарығын талдау

      Мұнай және Газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасының деректеріне сәйкес мұнай өнімдерінің автомобиль бензині, дизель отыны, авиаотын және мазут сияқты негізгі түрлерін тұтынудың өсу қарқыны 2000 - 2007 жылдарда орта есеппен 9 %-ды құрады. Тұтынудың өсуі Қазақстан Республикасы экономикасының энергетикалық, кен өндіру, металлургия және құрылыс салаларындағы жалпы өсуіне байланысты.
      Мұнай өнімдерінің автомобиль бензині, дизель отыны, авиаотын және мазут сияқты негізгі түрлерін 2000 - 2007 жылдарда жиынтық өндіру мен тұтыну 1-диаграммада көрсетілген. Қаралып отырған кезеңге негізгі мұнай өнімдерінің жиынтық өндірісінің тұтынудан артық болуы тән.

(1-диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)

      Автомобиль бензинін 2000 - 2007 жылдар кезеңінде тұтыну қарқынының өсуі орта есеппен 8 %-ды құрады (2-диаграмма). Бұған республикадағы жалпы экономикалық өсу және автокөлік құралдарының артуы ықпалын тигізді. Мәселен, 2007 жылдың қорытындылары бойынша 2007 жылы автокөліктің жалпы саны 2 670 мың автомобильді құрады, бұл 2005 жылғы мен салыстырғанда 900 мыңға артық, 52 % артты (ақпарат көзі - 2008 жылғы 23 мамырдағы Интерфакс-Қазақстан). Бұл ретте өсімнің 80 %-ын негізінен импорттық өндірістің, жоғары октанды бензинді қажет ететін жеңіл автомобильдері құрайды.
      Автомобиль бензині өндірісі қажеттілікті орта есеппен 20 %-ға дейін қамтамасыз етпейді, автомобиль бензинін пайдалану құрылымы едәуір өзгерді және қазіргі уақытта жоғары октанды бензин өндірісі шамамен 50 %, ал тұтыну 65 %-ды құрайды.

(2-диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)

      Дизель отынын тұтынудың өсу қарқыны 2000 - 2007 жылдары орта есеппен 5 %-ды құрады. 3-диаграммада ұсынылған тұтынудың өсуі құрылыстағы, ауыл шаруашылығындағы өндірістің өсуімен, темір жол тасымалдарының өсуімен, сондай-ақ автокөлік құралдарының артуымен байланысты. Осы көрсеткіштерге қарамастан, дизель отыны өндірісі 2005 жылдан бастап ішкі нарықты толық көлемде қамтамасыз етеді.

(3-диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)

      4-диаграммада көрсетілген авиаотынды тұтынудың өсу қарқыны 2000 - 2007 жылдар орта есеппен 16,23 %-ды құрады. Мұнай өнімдерінің басқа түрлерімен салыстырғанда авиаотынды тұтынудың өсу қарқыны ең жоғары, бұл тұрақты жолаушы және транзиттік рейстердің артуына байланысты. "Эйр Астана" акционерлік қоғамы өзінде ғана 2007 жылы авиакомпания тасымалдаған жолаушылар мен жүк саны 2006 жылмен салыстырғанда тиісінше 45 % және 90 % өсті. Авиаотын өндірісінің көлемі өсіп келе жатқан қажеттіліктен едәуір төмен, бұл қолданыстағы өндірістердің мүмкіндіктерін сипаттайды.

(4-диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)

      Мазутты тұтынудың өсу қарқыны 2000 - 2007 жылдар кезеңінде орта есеппен 8 %-ды құрайды (5-диаграмма). Бұл республика қалаларында жылу мен электр энергиясын тұтынудың артуына байланысты. Басқа мұнай өнімдеріне қарағанда көрсетілген кезеңде тұтынудың өсуі желілік емес сипатқа ие, бұл республиканың оңтүстік өңірлеріне күз-қыс мезгілінде газ беруді шектеумен байланысты. Бұл ретте мазут өндірісі тұтынудан анағұрлым артық болады.

(5-диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)

      Қазақстан Республикасында 2000 - 2007 жылдары мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін тұтыну өндіріс құрылымы мен мұнай өнімдеріне сұраныс арасындағы теңсіздікті көрсетеді. Мәселен, авиаотынды тұтыну едәуір өскен кезде мұнай өнімінің осы түрін ендіру артта қалуда және 2007 жылғы жылына 233 мың тонна (47 %) көлеміндегі тапшылық импорт есебінен толтырылды.
      Автомобиль бензинін тұтыну және өндіруде де ұқсас жағдай қалыптасуда, олар да өндіріс тапшылығының өсуімен сипатталады. Бұдан басқа соңғы жылдары тұтыну құрылымында өзгерістер — жоғары октанды бензин тұтынысының артуы байқалуда. Мәселен, қазіргі уақытта автомобиль бензинін жалпы тұтыну жылына 3 000 мың тоннадан артық болған кезде, оның 70 %-ға дейіні жоғары октанды бензинге келеді. Бұл ретте жоғары октанды бензинге деген сұраныстың 35 %-ға дейіні импорт есебінен өтеледі.
      Авиаотынды және жоғары октанды бензинді өндіру тапшылығы ішкі тұтыныстан дизель отыны мен мазут өндірісінің артық болуымен қатар мұнай өнімдерін тұтыну қарқыны мен құрылымындағы өзгерістерді қанағаттандыруға қабілетсіз мұнай өңдеу саласының қолданыстағы базасының жалпы жай-күйін сипаттайды.
      Бұдан басқа, мұнайды Ресейден жеткізуге байланысты өндірістік қуаттардың толық жүктелмеуі мұнай өнімдері өндірісіне белгілі әсерін тигізеді. Қазіргі уақытта Павлодар МӨЗ толығымен Ресей Фидирациясынан жеткізілетін мұнайды өңдейді, Шымкент МӨЗ 50 %-ға дейін ресейлік мұнайды өңдейді. Жалпы алғанда ресейлік мұнай көлемі қазақстандық мұнай өңдеу зауытында өңделетін мұнайдың 50 %-ды құрайды.
      Ресей Федерациясы мұнай өнімдерінің импортымен қатар, бағасы әлемдік мұнай бағасына тәуелді мұнайды Ресейден жеткізуге деген тәуелділік мұнай өнімдеріне арналған ішкі бағалардың қалыптасуына әсерін тигізеді.
      Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауытында 2008 жылы 12 288,7 мың тонна мұнай өңделген, бұл 2007 жылғымен салыстырғанда 102,1 %.

2008 жылғы мұнай өнімдерін ендіру және тұтыну теңгерімі

мың тонна

Атауы

өндіру

импорт

таратуға арналған ресурстар

экспорт

тұтыну

2007 жылғымен салыстырғанда тұтыну %

Дизель отыны

3 898,0

610,1

4 508,1

444,0

4 064,1

109,6

Мазут

3 134,7

145,7

3 280,4

1 564,2

1 716,2

109,2

Авиаотын

399,2

200,4

599,6

0

599,6

121,7

Бензин маркалары бойынша

Аи-80

1 137,0

140,3

1 277,3

153,1

1 124,2

111,3

Аи-92/93

1 184,8

848,9

2 033,7

9,4

2 024,3

115,2

Аи-95/96

162,9

61,1

224,0

1,4

222,6

108,2

Аи-98

6,4

5,4

11,8

0,0

11,8

106,2

Барлығы

2 491,1

1 055,7

3 546,8

163,9

3 382,9

110,2

       Атырау мұнай өңдеу зауыты

      Атырау МӨЗ Қазақстанның Батыс өңірі кен орындарының құрамында парафині жоғары ауыр мұнайды өңдейді. Өткен жүз жылдықтың 60-жылдарының ортасынан бастап 80-жылдардың ортасына дейінгі кезеңде мұнай өңдеу жөніндегі барлық технологиялық қондырғыларды ауқымды техникалық қайта жарақтау жүзеге асырылды, бұл қуатты жылына 4,9 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік берді.
      2006 жылы аяқталған қайта жаңартудың 1-кезеңі моральдық және табиғи жағынан тозған жабдықты ауыстыруға, бензин мен дизель отынының сапасын күкірт құрамы деңгейі бойынша жақсартуға, авиаотын өндірісін арттыруға және қоршаған ортаға зиянды әсерін азайтуға мүмкіндік берді.
      Қазіргі уақытта Атырау мұнай өңдеу зауыты технологиялық мүмкіндіктері мұнай өнімдерінің мынадай түрлерін өндіруге мүмкіндіктері береді:
      сұйытылған көмірсутегі газдары;
      ЕУРО-2 талаптарына сәйкес келетін АИ-80, АИ-92, АИ-95 маркалы автомобиль бензиндері (бензин өндірісінің жалпы көлемінің 86 %-ын АИ-80 маркалы бензин құрайды);
      ЕУРО-2,3 талаптарына сәйкес келетін дизель отыны (дизель отыны өндірісінің жалпы көлемінің 57 % ЕУРО-3 талаптарына сәйкес келеді);
      авиаотын, уайт-спирит, вакуумды газойль, пеш отыны, мұнайлы кокс және күкірт.
      Сонымен бірге Атырау МӨЗ технологиялық мүмкіндіктері шектеулі және мұнайды терең өңдеуді және мұнай өнімдерін ЕУРО-3,4 стандарттарына толық сәйкестікте өндіруді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Негізгі  мұнай өнімдері өндірісінің құрылымындағы мазут пен вакуумды газойлды шығару үлесі, осы өнімдерді өңдеу процестерінің болмауы себебінен жоғары. Өңдеу тереңдігі 62 %-ды құрайды.

       Шымкент мұнай өңдеу зауыты

      Шымкент МӨЗ 1985 жылы пайдалануға берілген. Зауыттың мұнай өңдеу жөніндегі жобалық қуаты жылына 6 миллион тоннаны құрайды. 2000 жылы дизотынды және керосинді гидротазалау секциясына қайта жаңарту жүргізілді. Қазіргі уақытта зауыттың белгіленген қуаты жылына 5,25 миллион тоннаны құрайды.
      Өңделетін мұнай - Құмкөл кен орнының мұнайы (80 %) мен Батыс Сібір кен орындарынан сатып алынатын мұнайдың (20 %) қоспасы.
      Зауыттың өндірістік қуаттары мынадай негізгі қондырғылардан тұрады: ЛК-6У үйлестірілген қондырғысы (атмосфералық айдау, каталитикалық риформинг, дизотынды гидротазалау, керосинді гидротазалау, газофракциялық қондырғы), мазутты вакуумдық айдау қондырғысы.
      Мұнай өңдеу тереңдігін және мотор отынын өндіру көлемін арттыру мақсатында 1998 жылы қуаты жылына 1,8 миллион тонна болатын мазуттың каталитикалық крекинг қондырғысының құрылысы басталған болатын, ол қаржыландырудың болмауы себебінен тоқтатылды және аяқталмай қалды. Аяқталмаған құрылыстың 50 %-ға дейінін бұдан әрі қайта жаңарту үшін пайдалануға болады.
      Шымкент мұнай өңдеу зауыты технологиялық мүмкіндіктері де шектелген және терең өңдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
      Қазіргі уақытта технологиялық мүмкіндіктер мұнай өнімдерінің мынадай түрлерін өндіруге мүмкіндік береді:
      сұйытылған көмірсутегі газдары;
      ЕУРО-2 талаптарына сәйкес келетін АИ-80, АИ-92, АИ-96 маркалы автомобиль бензиндері (бензин өндірісінің жалпы көлемінің 42 %-ын АИ-80 маркалы бензин құрайды);
      ЕУРО-2 талаптарына сәйкес келетін дизель отынының мынадай маркалары: ДТ З-02 (-35), Л-0,2-40 және ЛД-0,2 және дизель отынының басқа да маркалары;
      авиациялық керосин, вакуумды газойль және мазут.
      Өңдеу тереңдігі 77 %-ды құрайды, бұл Атырау МӨЗ-дегідей мұнайды  мұнайды өңдеудің қайталама үдерісінің төмен үлесіне байланысты.

       Павлодар мұнай-химия зауыты

      Павлодар МХЗ 1978 жылы пайдалануға берілген. Зауыттың мұнай өңдеу жөніндегі жобалық қуаты жылына 6 миллион тоннаны құрайды. 1978 жылы битум өндіру жөніндегі қондырғы пайдалануға берілген болатын. 1983 жылы мұнай өңдеу зауытында терең өңдеу кешенін іске қосудан тұратын ірі кеңейту жүргізілді, бұдан кейін 1986 жылы баяу кокстау қондырғысы іске қосылған болатын. Зауыт Омбы-Павлодар мұнай құбыры арқылы келіп түсетін батыссібірлік шикі мұнайдың қоспасын өңдейді.
      Бүгінгі күні зауыттың белгіленген қуаты жылына 5,0 миллион тонна шикі мұнайды құрайды.
      Мұнай өңдеу зауыттарының негізгі технологиялық жабдығы екі кешеннен тұрады. Біріншісі - ЛК-6У кешені (атмосфералық ректификациялау, каталтикалық риформинг, газойлді гидротазалау қондырғысы, газбен фракциялайтын қондырғы), ал екіншісі - КТ-1 кешені (вакуумдық айдау қондырғысы, вакуумдық газойлді гидротазалау қондырғысы, каталитикалық крекинг қондырғысы және газбен фракциялайтын қондырғы).
      Қазіргі уақытта шикізат санының жеткіліксіздігіне, пайдалануға дайын болмауына және жабдықтың кейбір маңызды бірліктерінің бөлшектелуіне байланысты көптеген қондырғылар жүктемесінің төмен коэффициенттері (FСС және газойлді вакуумдық тазалау қондырғысы үшін 45 % шамасында, атмосфералық ректификация, риформинг және баяу кокстау қондырғысы үшін - 70 %) байқалуда.
      2008 жылғы қыркүйекте зауытта сутегін өндіру қондырғысы пайдалануға берілді, ол гидрогенизациялық процестер үшін сутегісі бар газдың тапшылығын жоюға және тиісінше дайын өнімнің сапалық сипаттамаларын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.
      Қазіргі кезде кәсіпорын ЕУРО-2 талаптарына сәйкес келетін автомобиль бинзинін және дизель отынын шығарады.

3. Қазақстан Республикасында негізгі мұнай өнімдерін тұтынудың
2009 - 2015 жылдарға арналған болжамы

      Қазақстан Республикасында негізгі мұнай өнімдерін тұтынудың 2009 - 2015 жылдарға арналған болжамы мұнай өнімдерін тұтынудың тарихи өсуіне (2000 - 2007 жылдардағы орташа жылдық өсу қарқыны), Жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсуіне (2000 - 2007 жылдардағы орташа мәні 9,04 %), Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі ұсынған Қазақстан Республикасының 2008 - 2013 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсуіне негізделген.
      Мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін 2009 - 2015 жылдарда тұтынудың өсу есебі 1-кестеде ұсынылған.

1-кесте

Жылдар

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015

Жалпы ішкі өнімнің өсуі, %

1,00

3,00

3,80

4,10

4,30

4,30*

4,30*

Бензинді тұтынудың өсуі, %

1,06

3,18

4,03

4,35

4,56

4,56

4,56

Дизотынды тұтынудың өсуі, %

0,90

2,71

3,43

3,70

3,88

3,88

3,88

Авиаотынды тұтынудың өсуі, %

1,94

5,82

7,37

7,96

8,35

8,35

8,35

Мазутты тұтынудың өсуі **, %

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

      Ескертпе: * Жалпы ішкі өнімнің өсуі Қазақстан Республикасының 2008 - 2013 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамы бойынша 2013 жылғы Жалпы ішкі өнім өсу деңгейінде қабылданған.
      ** Болжанатын кезеңде мазутты пайдалану 2000 - 2007 жылдардағы тарихи максимум көлемінде қабылданған (жылына 2 355 мың тонна).

2009 - 2015 жылдарға арналған мұнайды өндіру көлемінің болжамы
және мұнай өнімдерінің теңгерімі

Атауы

Болжам

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015

Өңдеу

Павлодар МӨЗ

4 350

4 500

4 600

4 750

4 900

5 100

6 000

Шымкент МӨЗ

4 250

4 400

4 400

4 700

4 900

5 100

6 000

Атырау МӨЗ

3 900

4 100

4 400

4 550

4 700

4 800

5 000

Барлығы өңделгені

12 500

13 000

13 500

14 000

14 500

15 000

17 000

Бензин

өндіру

2520,0

2675,8

2829,4

2916,9

3014,7

4553,6

5188,6

импорт - барлығы

1038,8

1064,7

1154,5

1307,7

1802,4

0,0

0,0

таратуға арналған ресурстар

3558,8

3740,5

3983,9

4224,6

4817,1

4553,6

5188,6

экспорт - барлығы

140,0

213,0

314,2

384,1

801,5

354,9

798,4

Ішкі нарықта тұтынуға

3418,8

3527,5

3669,7

3840,5

4015,6

4198,7

4390,2

Дизотыны

өндіру

3966,6

4124,1

4206,4

4362,8

4519,2

4961,2

5647,8

импорт - барлығы

134,1

87,7

149,9

166,6

185,9

0,0

0,0

таратуға арналған ресурстар

4100,7

4211,8

4356,3

4529,4

4705,1

4961,2

5647,8

экспорт - барлығы

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

73,5

570,5

Ішкі нарықта тұтынуға

4100,7

4211,8

4356,3

4529,4

4705,1

4887,7

5077,3

Авиаотын

өндіру

360,0

416,0

461,3

479,9

498,4

1006,3

1136,6

импорт - барлығы

247,4

226,8

228,9

269,3

313,4

0,0

0,0

таратуға арналған ресурстар

607,4

642,8

690,2

749,2

811,8

1006,3

1136,6

экспорт - барлығы

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

126,7

183,6

Ішкі нарықта тұтынуға

607,4

642,8

690,2

749,2

811,8

879,6

953,0

Мазут

өндіру

2720,0

2811,2

2923,6

3031,0

3135,6

3210,1

1167,6

импорт - барлығы

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

1186,9

таратуға арналған ресурстар

2720,0

2811,2

2923,6

3031,0

3135,6

3210,1

2354,5

экспорт - барлығы

365,5

456,7

569,1

676,5

781,1

855,6

0,0

Ішкі нарықта тұтынуға

2354,5

2354,5

2354,5

2354,5

2354,5

2354,5

2354,5

4. Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына арналған осы кезеңде
қолданылып жүрген және енгізілетін экологиялық нормалар мен
стандарттарды талдау

      Әлемде мұнай өнімдерін тұтынудың өсуіне және нәтижесінде экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты соңғы жылдары қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту бойынша шаралар қабылдануда.
      Мәселен, 2000 жылы Еуропалық Одақ ЕУРО-3 автокөлік экологиясының бағдарламасына байланысты бензин мен дизель отынына арналған қатаңдатылған ерекшеліктер енгізді, 2005 жылдан бастап ЕУРО-4 бағдарламасы бойынша анағұрлым қатаң нормаларға көшті. Сондай-ақ 2009 жылдан бастап Еуропалық Одақтың ЕУРО-5 анағұрлым қатаң талаптарын енгізу туралы директивасы қабылданды.
      Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында өндірілетін мұнай өнімдерінің сапасына қойылатын талаптар Кеңес Одағында қолданыста болған Мемлекеттік стандарт пен техникалық шарттар негізінде әзірленген паспорттармен және сапа ерекшеліктерімен белгіленеді.
      Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін және жоғары халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық өндірушілер өнімінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі шығарылатын автомобиль отынына қойылатын экологиялық талаптарды қатаңдату бойынша шаралар қабылдауда.
      Мәселен, қазіргі уақытта бензин, дизель отыны және мазут Қазақстан Республикасының аумағында айналымда болған кезде оларға қойылатын талаптарды белгілейтін "Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті әзірленуде және бекітуге жоспарлануда.
      Техникалық регламентке сәйкес автомобиль және өзге де техника үшін автомобиль бензині мен дизель отынын өндіру экологиялық нормативтерге қатысты мынадай мерзімдерде енгізіледі:
      ЕУРО-2 экологиялық кезеңі 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      ЕУРО-3 экологиялық кезеңі 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      ЕУРО-4 экологиялық кезеңі 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап.
      Қазақстандық зауыттарда шығарылатын автомобиль отынының мұнай өнімдерінің халықаралық сапа стандарттарымен салыстырғандағы негізгі сипаттамалары төменде келтірілген:

ТШ 38.001165-2003 және EN 228 бойынша бензинге арналған
ерекшелік

3-кесте

Параметірі

ТШ 38.001165-2003 бойынша А-80* бензинінің сапасы

EN 228:2000 (Euro III)

EN 228:2005 (Euro IV)

EN 228:2009 (Euro V)

Октан саны, ИОЧ

80

92*

95*

98*

92*

95*

98*

92*

95*

98*

Октан саны, МОЧ

76

83*

85*

88*

83*

85*

88*

83*

85*

88*

Тығыздығы, кг/м3

Нормаланбайды

720 - 775

720 - 775

720 - 775

Күкірт, ppm

1000

150 mах

50 mах

10 mах

Хош иістілігі, %

Нормаланбайды

42 mах

35 mах

35 mах

Бензол, %

5

1 mах

1 mах

1 mах

Құрамындағы оттегі, %

3 артық емес

2.7 mах

2.7 mах

2.7 mах

       * Өндірілетін бензиннің негізгі бөлігін А-80 маркалы бензин құрайды.
      * EN талабы бойынша бензин маркалары мынадай болып бөлінеді: Регуляр Еуро-92 (92/83); Премиум Еуро-95 (95/85); Супер Еуро-98 (98/88).

МЕМСТ 305-82 және EN 590 бойынша дизель отынына арналған
ерекшелік

4-кесте

Параметрі

МЕМСТ 305-82 бойынша дизотын сапасы

ЕN 590:2000 (Еurо III)

ЕN 590:2005 (Еurо IV)

ЕN 590:2009 (Еurо V)

Цетан саны

45

51 min

51 min

51 min

Цетан индексі

-

46 min

46 min

46 min

Тығыздығы, кг/м3

860

820 - 845

820 - 845

820 - 845

Тұтқырлығы, мм2/с

3,0-6,0

2-4.5

2-4.5

2-4.5

Күкірт, ppm

2000

350 mах

50 mах

10 mах

Тұтану температурасы, о С

40

55 min

55 min

55 min

Жағу қабілеттілігі, мкм

-

460

460

460

      Өнімді жаңа стандарттар бойынша шығаруды қамтамасыз ету үшін қазіргі уақытта жаңа технологиялық қондырғылар салу, катализаторларды ауыстыру және мұнай өнімдерін көріктендіретін қолданыстағы қондырғылар-дистилляттарды гидротазалау, изомеризациялау, бензол мен хош иістендіргіш көмірсутегін бөліп алу, сутегі өндіру, күкірт өндіру қондырғыларын қайта жаңарту қажет.

5. Кешенді жоспардың мақсаттары мен міндеттері

Жылдар

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015

Жалпы ішкі өнімнің өсуі, %

1,00

3,00

3,80

4,10

4,30

4,30*

4,30*

Бензинді тұтынудың өсуі, %

1,06

3,18

4,03

4,35

4,56

4,56

4,56

Дизотынды тұтынудың өсуі, %

0,90

2,71

3,43

3,70

3,88

3,88

3,88

Авиаотынды тұтынудың өсуі, %

1,94

5,82

7,37

7,96

8,35

8,35

8,35

Мазутты тұтынудың өсуі **, %

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

      Мұнай өнімдерінің ішкі рыногын, мұнай өңдеу зауыттарының ағымдағы жай-күйін және шығарылатын өнімге қойылатын енгізу жоспарланған сапа талаптарын талдау және болжау негізінде мұнай өнімдерінің негізгі түрлері - бензинге, авиаотынға және дизель отынына ішкі қажеттілікті толық қанағаттандыру бөлігінде Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мұнай өңдеу саласын кешенді дамыту осы Кешенді жоспардың негізгі мақсаты болып табылады. Сонымен бірге, Кешенді жоспарда жаңа техниканы, жаңа технологияларды енгізу және тиімділік пен экономикалық қайтарым негізінде кәсіпорындарда бәсекеге қабілеттілікті серпінді дамытуға қол жеткізу мақсаттары белгіленеді.
      Мынадай стратегиялық міндеттер іске асырылған кезде Кешенді жоспардың мақсаттарына қол жеткізілетін болады:
      қолданыстағы өндірістік қуаттардың жүктемесін арттыру;
      Инвестициялар тарту және қолданыстағы өндірістік қуаттарды жаңғырту және қайта жаңарту кешенді жоспарын орындау;
      мұнайды өндірудің орташа тереңдігін 84 %-ға дейін жеткізе отырып, өндіру кешенділігін арттыру;
      мұнай өнімдерін тұтыну құрылымының болжамды өзгеруін қанағаттандыруға бағытталған, шығарылатын өнімнің түр-түрін оңтайландыру және арттыру;
      шығарылатын өнімнің сапасын арттыру және Еуростандарттардың талаптарына сәйкестік;
      қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту.

6. Мұнай өңдеу зауыттарын дамытудың кешенді жоспары

      Мұнай өңдеу зауыттарының қазіргі техникалық жай-күйі - мұнай өңдеу тереңдігінің және мұнай өңдеу кірісінің төмендігін, сапасы анағұрлым жоғары өнімдерін тұтынуға деген өскелең сұранысты және өнім сапасына қойылатын талаптардағы жоспарланған өзгерістерді ескере отырып, барлық үш зауытта дамыту және жаңғырту жобалары жоспарланған.

Атырау мұнай өңдеу зауыты

      1. ЭЛОУ-АВТ қондырғысының және баяу кокстау қондырғысының (БКҚ) вакуумды блогын қайта жаңарту.

5-кесте (мың тонна)

Атауы

2007 жыл

2010 жыл

Ауытқу

Қайта өңдеу, барлығы

3 701

4 100

399

Автобензин соның ішінде:

470,3

514,9

44,6

А-80

406,2

442,6

36,4

АИ-93+

64,1

72,3

8,2

Авиаотын

21,1

46,6

25,5

Дизель отыны

1 019,0

1 228,0

209,0

Мазут

1 167,9

1 315,0

147,1

      Ивестицияларды бағалау:
      127,5 миллион Америка Құрама Штаттары (бұдан әрі - АҚШ) доллары. Әсері:
      автобензин, авиаотын, дизотын және мазут өндіруді арттыру.

      2. Каталитикалық риформинг қондырғысының құрылысы.

6-кесте (мың тонна)

Атауы

2009 жыл

2013 жыл

Ауытқу

Қайта өңдеу, барлығы

3 900

4 700

800

Автобензин соның ішінде:

492,5

648,6

156,1

А-80

421,0

498,2

77,2

АИ-93+

71,5

150,4

78,9

Авиаотын

39,0

89,3

50,3

Дизель отыны

1 168,2

1 330,1

161,9

Мазут

1 265,2

1 464,6

199,4

      Инвестицияларды бағалау:
      398 миллион АҚШ доллары.
      Әсері:
      жоғары октанды бензин өндіруді арттыру және Еуростандарттардың талаптарына сәйкестік.
      3. Хош иісті көмірсутегі өндіру жөніндегі кешен құрылысы.
      Инвестицияларды бағалау:
      393 миллион АҚШ доллары.
      Әсері:
      мұнай-химия өнеркәсібі үшін бензол және Параксилол өндіру.
      4. Мұнайды терең өңдеу жөніндегі кешен құрылысы (Каталитикалық крекинг).

7-кесте (мың тонна)

Атауы

2009 жыл

2014 жыл

Ауытқу

Қайта өңдеу, барлығы

3 900

4 800

900

Автобензин соның ішінде:

492,5

1 250,9

758,4

А-80

421,0

0,0

-421,0

АИ-93+

71,5

1 250,9

1 179,4

Авиаотын

39,0

350,4

311,4

Дизель отыны

1 168,2

1 401,6

233,4

Мазут

1 265,2

144,0

-1 121,2

      Инвестицияларды бағалау:
      1366,2 миллион АҚШ доллары.
      Әсері:
      автобензин (тек қана жоғары октанды), авиаотын, дизотын өндіруді арттыру;
      дизотынның Еуростандарттардың талаптарына сәйкестігі;
      мазут өндіруді қысқарту.
      5. Атырау МӨЗ көлік инфрақұрылымын дамыту.
      "Атырау МӨЗ айналма темір жол салу".
      Инвестицияларды бағалау:
      шамамен 80 миллион АҚШ доллары.
      Әсері:
      санитарлық және экологиялық проблемаларды шешу;
      мұнайды және мұнай өнімдерін тасымалдау кезінде бөгде ұйымдардан тәуелді болмау;
      мұнайды және мұнай өнімдерін тасымалдау көлемінің өсуі.
      Іске асыру мерзімі - 2009 - 2011 жылдар.

       Шымкент мұнай өңдеу зауыты

      1. Қуатын қалпына келтіру*

8-кесте (мың тонна)

Атауы

2007 жыл

2011 жыл

Ауытқу

Қайта өңдеу, барлығы

4 060

4 500

440

Автобензин соның ішінде:

869,8

912,2

42,4

А-80

385,7

390,0

4,3

АИ-93+

484,1

522,2

38,1

Авиаотын

160,9

287,1

126,2

Дизель отыны

1 401,3

1 470,9

69,6

Мазут

655,3

662,9

7,6

      *Аппараттардың, катализаторлардың, сорғы жабдығының, БӨАжА ішкі құрылғыларын ауыстыру, жылу алмастырғыштарды қалпына келтіру.
      Инвестицияларды бағалау:
      80 миллионн АҚШ доллары.
      Әсері:
      автобензин, авиаотын, дизотын, мазут өндіруді арттыру.

      2. Қайта жаңарту*

9-кесте (мың тонна)

Атауы

2011

2013

Ауытқу

Қайта өңдеу, барлығы

4 250

5 100

850

Автобензин соның ішінде:

838,7

1 505,0

666,3

А-80

338,1

0,0

-338,1

АИ-93+

500,6

1 505,0

1 004,4

Авиаотын

241,0

515,6

274,6

Дизель отыны

1 389,2

1 684,5

295,3

Мазут

620,2

650,8

30,6

      * Каталитикалық крекинг кешені құрылысын аяқтау, изомеризациялаудың, сутегі өндірудің жаңа қондырғыларын, полипропилен, күкірт өндіру қондырғысының құрылысы, дизотынды гидротазалау қондырғысын қайта жаңарту.
      Инвестицияларды бағалау:
      600 миллион АҚШ доллары.
      Әсері:
      автобензин (тек қана жоғары октанды), авиаотын, дизотын өндіруді арттыру;
      автобензиннің және дизотынның Еуростандарттардың талаптарына сәйкестігі;
      мазут өндіруді қысқарту.

       Павлодар мұнай-химия зауыты

      1. Қуатын қалпына келтіру*

10-кесте (мың тонна)

Атауы

2007 жыл

2010 жыл

Ауытқу

Қайта өңдеу, барлығы

4 276

4 500

224

Автобензин соның ішінде:

1 286,7

1 300,3

13,6

А-80

407,6

415,0

7,4

АИ-93+

879,1

885,3

6,2

Авиаотын

76,8

88,3

11,5

Дизель отыны

1 425,3

1 457,9

32,6

Мазут

751,8

858,1

106,3

      *Вакуумдық бағандардың ішкі құрылғыларын ауыстыру, шикізатты каткрекингтің реакторына енгізу штуцерін ауыстыру, регенератордың, П-2 пешінің, сорғы жабдығының, БӨАжА циклондарын ауыстыру, жылу алмастырғыштарды қалпына келтіру.
      Инвестицияларды бағалау:
      158 миллион АҚШ доллары.
      Әсері:
      автобензин, авиаотын, дизотын, мазут өндіруді арттыру.
      2. Эстакада құрылысы Вакуумдық газойлды құюға арналған Атырау МӨЗ және Шымкент МӨЗ каталитикалық крекинг қондырғысында өңдеу үшін.
      Инвестицияларды бағалау:
      30 миллион АҚШ доллары.
      Әсері:
      автобензин, авиаотын, дизотын өндіруді арттыру.

      3. Қайта жаңарту*

11-кесте (мың тонна)

Атауы

2010 жыл

2013 жыл

Ауытқу

Қайта өңдеу, барлығы

4 350

5 100

750

Автобензин соның ішінде:

1 188,8

1 797,8

609,0

А-80

397,1

0,0

-397,1

АИ-93+

791,7

1 797,8

1 006,1

Авиаотын

80,0

140,3

60,3

Дизель отыны

1 409,3

1 875,1

465,8

Мазут

834,6

172,5

-662,1

      *дизотынды гидротазалау қондырғысын қайта жаңарту және каталитикалық крекинг бензинін изомеризациялау және селективті күкіртсіздендірудің жаңа қондырғыларын салу
      Инвестицияларды бағалау:
      412 миллион АҚШ доллары.
      Әсері:
      автобензин (тек қана жоғары октанды), авиаотын, дизотын өндіруді арттыру;
      автобензиннің және дизотынның Еуростандарттардың талаптарына сәйкестігі;
      мазут өндіруді қысқарту.
      Мұнай өңдеу зауыттарын дамыту мен жаңғыртудың көрсетілген жобалары жоспарланып, ал оның бір бөлігі басталып қойғандығына қарамастан, іске асыру кезінде бірқатар проблемалар орын алуда, оларды шешу жоспарланған жұмыстардың аяқталауын тездетеді.
      Үш мұнай өңдеу зауыттарын дамыту мен жаңғырту жобалары бойынша инвестициялардың жалпы сомасы 3,4 миллард АҚШ долларынан артық, бұл мұнай өңдеудің көп қаржыны талап ететіндігін сипаттайды. Инвестициялар мөлшері заемдық қаржыландыруды тартуды көздейді, бұл кредиттердің қол жеткізімділігі шектелген және кредиттер құны артқан жағдайларда жобалардың экономикалық көрсеткіштерін нашарлатады және инвестициялардың қайтарылу мерзімдерін арттырады. Осы Кешенді жоспардың мақсаты - Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ескере отырып және бос қаржы ресурстары бар болған кезде қазақстандық даму қорларынан қаржыландыруды тарту және мұнай өңдеу саласын дамытудың мемлекеттік ынталандыру шараларын әзірлеу қойылған мақсаттарға қол жеткізуге ықпалын тигізетін болады.
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мұнай өңдеу зауыттары процессингілік негізде жұмыс жасайды - процессинг бағасын Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі реттейді. Процессинг бағасы өзгермеген жағдайда инвестициялық бағдарламаларды іске асыру кезінде мұнай өңдеу зауыттарының иелерімен бірге мұнай өндіретін ұйымдар да іске асырылған жобалардан пайда алушылар болып табылады, олар "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 7 сәуірдегі N 402-ІІ Заңына сәйкес меншікті мұнайын өңдеуге тең құқылы болады. Нәтижесінде мұнай өңдеу зауыттарының иелері инвестициялық жобаларды толық көлемде қаржыландыра отырып пайданың бір бөлігіне ғана ие болады, бұл жобалардың экономикалық көрсеткіштеріне теріс әсерін тигізеді және тиісінше жобаларды іске асыру бойынша теріс шешімдерге әкелуі мүмкін.

7. Кешенді жоспарды іске асыру тетігі

      Осы Кешенді жоспарда белгіленген іс-шараларды тиімді жүзеге асыру және мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін мынадай шарттар қамтамасыз етілуі тиіс:
      мұнай өңдеу зауыттарының ең көп жүктемесін қамтамасыз ету, соның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының ішкі нарығына шикі мұнайды жеткізу бойынша міндеттемелерін белгілеу есебінен де;
      мұнай өнімдерін қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпке толық сәйкестікте ішкі нарықта сату;
      мынадай ынталандыру шараларын қолдану:
      Кешенді жоспарды қазақстандық даму қорлары қаражаты есебінен қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру;
      мұнай өңдеу зауыттарының иелеріне инвестицияларды қайтару тетігін белгілеу;
      өндірістік және әлеуметтік объектілерді қамтамасыз етудің Кешенді жоспарын әзірлеу және баға белгілеу тетігін анықтау;
      "Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту;
      өнімнің жаңа түрлеріне арналған стандарттарды уақтылы әзірлеу;
      мұнай өңдеу зауыттарын пайдалану кезінде техникалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шараларды іске асыру;
      мамандарды оқыту, қайта оқыту және оларды мұнай өңдеу саласына тарту үшін жағдай жасау;
      отандық мұнай өңдеу зауыттарының ресурстарын басқару тиімділігінің өте жоғары дәрежесіне қол жеткізу мақсатында ақпаратты орталықтандырып жинау және ақпараттық, материалдық және ақша ағындарын үйлестіру міндеттерін шешу бойынша шаралар қабылдау;
      мұнай өңдеу зауыттарының ең жоғары жүктемесін және өнімнің уақтылы шығарылуын қамтамасыз ететін көлік инфрақұрылымын дамыту шараларын қабылдау.
      Қажет болған кезде Қазақстан Республикасы мұнай өңдеу зауыттарын дамытудың 2009 — 2015 жылдарға арналған Кешенді жоспарын нақты іс-шаралардың аяқталуы бойынша және рынок үрдісі өзгерген жағдайда түзеткен жөн

8. Кешенді жоспарды іске асырудан күтілетін нәтижелер

      Мұнай өнімдерін тұтынудың болжамы негізінде Кешенді жоспарды мұнай өңдеу зауыттарының мынадай жүктемелері кезінде және дамыту мен жаңғырту жобаларын іске асыру мерзімдерін ескере отырып, мұнай өнімдерін өндіру болжамы қаралады.

Мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін өндірудің және тұтынудың
2009 - 2015 жылдарға арналған болжамы

12-кесте (мың тонна)

Жылдар

2009

2010

2011

2012


Өндіру

Тұтыну

Өндіру

Тұтыну

Өндіру

Тұтыну

Өндіру

Тұтыну

Бензин, соның ішенде

2 520,0

3 418,8

2 675,8

3 527,5

2 829,4

3 669,7

2 916,9

3 840,5

жоғары октанды

1 363,8

2 402,6

1 468,2

2 532,9

1 548,7

2 703,2

1 601,0

2 908,7

Төмен октанды

1 156,2

1 016,2

1 207,6

994,6

1 280,8

966,5

1 315,9

931,8

Дизотын

3 966,6

4 100,7

4 124,1

4 211,8

4 206,4

4 356,3

4 362,8

4 529,4

Авиаотын

360,0

607,4

416,0

642,8

461,3

690,2

479,9

749,2

Мазут

2 720,0

2 354,5

2 811,2

2 354,5

2 923,6

2 354,5

3 031,0

2 354,5

кестенің жалғасы

Жылдар

2013

2014

2015


Өндіру

Тұтыну

Өндіру

Тұтыну

Өндіру

Тұтыну

Бензин, соның ішінде

3 014,7

4 015,6

4 553,6

4 198,7

5 188,6

4 390,2

жоғары октанды

1 667,1

3 769,6

4 553,6

4 198,7

5 188,6

4 390,2

төмен октанды

1 347,5

246,0

-

-

-

-

Дизотын

4 519,2

4 705,1

4 961,2

4 887,7

5 647,8

5 077,3

Авиаотын

498,4

811,8

1 006,3

879,6

1 136,6

953,0

Мазут

3 135,6

2 354,5

967,3

2 354,5

1 118,6

2 354,5

      Болжамды кезеңде автомобиль отынын өндіру көлемі жылына 2 520,0 мың тоннадан жылына 5 188,6 мың тоннаға дейін артады. Дегенмен, автомобиль бензинінің импортына тәуелділік жылына 1 412 мың тонна көлемінде 2013 жылғы кезеңге дейін сақталатын болады.
      Төмен октанды бензинді өндіру 2013 жылға дейін осы мұнай өніміне қажеттілікті қамтамасыз ететін болады. "Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін енгізу болжанып отырғандығына байланысты 2014 жылдан бастап төмен октанды бензинді пайдалануды тоқтату болжанады.
      Жоғары октанды бензин өндірісі 2013 жылға дейін осы өнім тапшылығын жоя алмайды. 2014 жылдан бастап жоғары октанды автомобиль бензині өндірісінің көлемі тұтынудың болжамды деңгейінен асатын болады.

Жоғары октанды және төмен октанды бензиннің 2009 - 2015
жылдарға арналған болжамды теңгерімі

13-кесте

Атауы

Өлшем бірлігі

Болжам

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Жоғары октанды бензин









өндіру

мың тонна

1 363,8

1 468,2

1 548,7

1 601,0

1 667,1

4 553,6

5 188,6

импорт - барлығы

мың тонна

1 038,8

1 064,7

1 154,5

1 307,7

1 802,5

0,0

0,0

таратуға ресурстар

мың тонна

2 402,6

2 532,9

2 703,2

2 908,7

3 469,6

4 553,6

5 188,6

экспорт - барлығы

мың тонна

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

354,9

798,4

ішкі нарықтағы тұтыну

мың тонна

2 402,6

2 532,9

2 703,2

2 908,7

3 469,6

4 198,7

4 390,2

А-80 бензині









өндіру

мың тонна

1 156,2

1 207,6

1 280,7

1 315,9

1 347,5

0,0

0,0

импорт - барлығы

мың тонна

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

таратуға ресурстар

мың тонна

1 156,2

1 207,6

1 280,8

1 315,9

1 347,5

0,0

0,0

экспорт - барлығы

мың тонна

140,0

213,0

314,2

384,1

801,5

0,0

0,0

ішкі нарықтағы тұтыну

мың тонна

1 016,2

994,6

966,5

931,8

546,0

0,0

0,0

      Болжамды кезеңдегі дизель отынының өндіріс көлемі ішкі тұтынуды толық жабады.
      Авиаотын өндірісі 2013 жылға дейін болжамды тұтынудан төмен болады, оның тапшылығы жылына 325 мың тонна көлемінде импортпен толтырылуы тиіс.
      Болжамды кезеңдегі мазут өндірісі мазуттың ішкі өндірісін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мазутты тұтынуды болжау кезінде ең көп тұтыну 2005 жылғы деңгейде қабылданғандығына қарамастан, болашақта мазутты тұтыну төмендеуі мүмкін.
      Қазақстан Республикасы мұнай өңдеу зауыттарын дамытудың 2009 - 2015 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру авиаотын мен автомобиль бензині қажеттілігінің тапшылығын қысқартуға мүмкіндік береді, дизель отыны мен мазутқа қажеттілікті 2014 жылға дейін толық қамтамасыз етеді.
      Мұнай өңдеу зауыттарының қосынды қуаты жылына 17 млн. тоннаға жетеді, мұнай өңдеудің орташа тереңдігі 84 %-ды құрайды.
      Осы Кешенді жоспарды іске асырудағы маңызды аспектілердің бірі қоршаған ортаға зиянды әсердің төмендеуін қамтамасыз ету болып табылады. Кешенді жоспарда болжанған шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасының экологиялық талаптарына сәйкес келетін жоғары сапалы мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету күтіледі. Нәтижесінде мыналарға:
      2014 жылға қарай бензинге (бензолдың көлемдік үлесі 1 %-ға дейін, күкірттің массалық үлесі 150 ppm-ге дейін), дизель отынына (күкірттің массалық үлесі 350 ppm-ге дейін);
      2016 жылға қарай бензинге (бензолдың көлемдік үлесі 1 % дейін, күкірттіц массалық үлесі 50 ppm-ге дейін), дизель отынына (күкірттің массалық үлесі 50 ppm-ге дейін) сұраныс төмендейді.
      Mұнай өнімдерінің Еуростандарттар бойынша сапасына қол жеткізу әлемдік нарыққа қосылған құны жоғары мұнай өнімдерін экспорттауға мүмкіндік береді.
      Мұнай өнімдеріндегі хош иістендіргіш қоспаларды азайту жөніндегі экологиялық мәселелерді шеше отырып, хош иісті көмірсутегін (бензол, параксилол) өндіру жөніндегі инвестициялық жобалар Қазақстанның мұнай-химия саласын дамытуға арналған шикізат ресурстарының отандық базасын құруға, полистирол мен полиэтилентерефталат өндірушілердің шикізатқа - бензол мен параксилолға қажеттілігін қанағаттандыруға және шығарылатын мотор отындарының сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

      Одан әрі даму перспективалары

      Мұнай өнімдерін тұтыну болжамы негізіндегі мұнай өңдеу зауыттары жүктемесінің серпінін ескере отырып, 2015 жылға қарай олардың қуаты 100 % жүктеледі деп күтілуде, яғни болжанатын кезеңде қолданыстағы қуат жеткілікті болады, бірақ ресурстардың одан әрі өсімі үшін қолданыстағы қуат жеткіліксіз. Жобалардың іске асырылу ұзақтығын назарға ала отырып, 2010 жылдан бастап мұнай өңдеу зауыты қуаттарын дамыту жобасының бірінші кезеңінде жылына 6 миллион тоннаға жеткізіп, 2015 жылға қарай аяқтау және 2015 жылдан бастап екінші кезеңінде жылына 6 миллион тоннаға жеткізіп, 2020 жылға қарай аяқтау қажет. Осы бағытта жұмыс бастау үшін мұнай өнімдерін тұтыну болжамының дұрыстығына талдау жүргізу қажет. Шымкент мұнай өңдеу зауыты және Павлодар мұнай өңдеу зауыты негізінде объектілер салу мұнай өңдеу қуаттарын арттырудың ықтимал нұсқаларының бірі болып табылады. Дегенмен, шешім өңірлік өсу мен тұтыну көлемдерін, көлік инфрақұрылымының бар болуы мен дамуын толық талдауға және мұнай ресурстарын бағалауға негізделуі тиіс.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2009 жылғы 14 мамырдағы
N 712 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарын дамытудың
2009 - 2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шара

Аяқталу нысаны

Орындау үшін жауаптылар

Орындалу мерзімі

Болжанған шығыстар, АҚШ доллары

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1

"АМӨЗ" ЖШС-де бензол шығару блогы бар каталитикалық риформинг қондырғысын салу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау) "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ "ҚМГ" ҰК" АҚ (келісім бойынша)

2009-2013 жылдар

398 000 000

Қарыз қаражаты

2

"АМӨЗ" ЖШС-де хош иісті көмірсутегін өндіру жөніндегі кешен құрылысы

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау) "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ "ҚМГ" ҰК" АҚ (келісім бойынша)

2009-2013 жылдар

393 000 000

Қарыз қаражаты

3

"АМӨЗ" ЖШС-де мұнайды терең өңдеу жөніндегі кешен құрылысы

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау) "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ "ҚМГ" ҰК" АҚ (келісім бойынша)

2009-2014 жылдар

1 366 200 000

"ҚМГ" СҮ" АҚ меншікті қаражаты және қарыз қаражаты

4

"АМӨЗ" ЖШС-де ЭЛОУ-АВТ вакуумдық блогын қайта жаңарту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау) "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ "ҚМГ" ҰК" АҚ (келісім бойынша)

2007-2010 жылдар

77 600 000

"ҚМГ" СҮ" АҚ меншікті қаражаты

5

"АМӨЗ" ЖШС-де баяу кокстау қондырғысын қайта жаңарту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау) "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ "ҚМГ" ҰК" АҚ (келісім бойынша)

2008-2010 жылдар

49 900 000

"ҚМГ" СҮ" АҚ меншікті қаражаты

6

"АМӨЗ" ЖШС-де Айналма темір жолдар салу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау) "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ "ҚМГ" ҰК" АҚ (келісім бойынша)

2009-2011 жылдар

80 000 000

"ҚМГ" СҮ" АҚ меншікті қаражаты

7

"ПКОП" ЖШС-де зауыттың жобалық қуатын қалпына келтіру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау) "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ "ҚМГ" ҰК" АҚ (келісім бойынша) СNРС ("ПКОП" ЖШС) (келісім бойынша)

2009-2010 жылдар

80 000 000

"ҚМГ" СҮ" АҚ меншікті қаражаты

8

"ПКОП" ЖШС-де каталитикалық крекинг қондырғысын салу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау) "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ "ҚМГ" ҰК" АҚ (келісім бойынша) СNРС ("ПКОП" ЖШС) (келісім бойынша)

2009-2013 жылдар

200 000 000

Қарыз қаражаты

9

"ПКОП" ЖШС-де бензинді демеркаптанизаиялау қондырғысын салу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау) "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ "ҚМГ" ҰК" АҚ (келісім бойынша) СNРС ("ПКОП" ЖШС) (келісім бойынша)

2009-2013 жылдар

85 000 000

Қарыз қаражаты

10

"ПКОП" ЖШС-де изомеризациялау қондырғысын салу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау) "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ "ҚМГ" ҰК" АҚ (келісім бойынша) СNРС ("ПКОП" ЖШС) (келісім бойынша)

2009-2013 жылдар

63 000 000

Қарыз қаражаты

11

"ПКОП" ЖШС-де газбен фракциялау қондырғысын салу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау) "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ "ҚМГ" ҰК" АҚ (келісім бойынша) СNРС ("ПКОП" ЖШС) (келісім бойынша)

2009-2013 жылдар

30 000 000

Қарыз қаражаты

12

"ПКОП" ЖШС-де полипропилен қондырғысын салу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау) "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ "ҚМГ" ҰК" АҚ (келісім бойынша) СNРС ("ПКОП" ЖШС) (келісім бойынша)

2009-2013 жылдар

32 000 000

Қарыз қаражаты

13

"ПКОП" ЖШС-де бензолды экстракциялау қондырғысын салу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау) "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ "ҚМГ" ҰК" АҚ (келісім бойынша) СNРС ("ПКОП" ЖШС) (келісім бойынша)

2009-2013 жылдар

50 000 000

Қарыз қаражаты

14

"ПКОП" ЖШС-де метилтретбутилді эфир қондырғысын салу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау) "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ "ҚМГ" ҰК" АҚ (келісім бойынша) СNРС ("ПКОП" ЖШС) (келісім бойынша)

2009-2013 жылдар

25 000 000

Қарыз қаражаты

15

"ПКОП" ЖШС-де қышқыл суды тазалайтын блогы бар күкірт өндіру қондырғысын салу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау) "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ "ҚМГ" ҰК" АҚ (келісім бойынша) СNРС ("ПКОП" ЖШС) (келісім бойынша)

2009-2013 жылдар

35 000 000

Қарыз қаражаты

16

"ПКОП" ЖШС-де сутегі ендіру қондырғысын салу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау) "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ "ҚМГ" ҰК" АҚ (келісім бойынша) СNРС ("ПКОП" ЖШС) (келісім бойынша)

2009-2013 жылдар

25 000 000

Қарыз қаражаты

17

ПКОП" ЖШС-де дизель отынын гидротазалау қондырғысын қайта жаңарту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау) "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ "ҚМГ" ҰК" АҚ (келісім бойынша) СNРС ("ПКОП" ЖШС) (келісім бойынша)

2009-2013 жылдар

30 000 000

Қарыз қаражаты

18

"ПКОП" ЖШС-де газбен фракциялау қондырғысын қайта жаңарту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау) "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ "ҚМГ" ҰК" АҚ (келісім бойынша) СNРС ("ПКОП" ЖШС) (келісім бойынша)

2009-2013 жылдар

25 000 000

Қарыз қаражаты

19

"ПМХЗ" АҚ-да зауыттық жобалық қуатын қалпына келтіру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау) "ПМХЗ" АҚ (келісім бойынша)

2009-2010 жылдар

158 000 000

"ҚМГ" СҮ" АҚ меншікті қаражаты

20

"ПМХЗ" АҚ-да каталитикалық крекинг қондырғысында өңдеу үшін Атырау МӨЗ бен Шымкент МӨЗ-ден вакуумдық газойлды құюға арналған эстакада салу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау) "ПМХЗ" АҚ (келісім бойынша)

2010-201  жылдар

30 000 000

"ҚМГ" СҮ" АҚ меншікті қаражаты

21

"ПМХЗ" АҚ-да нафтаны фракциялау қондырғысын салу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау) "ПМХЗ" АҚ (келісім бойынша)

2009 - 2013 жылдар

95 000 000

Қарыз қаражаты

22

"ПМХЗ" АҚ-да көмірсутегіні изомеризациялау қондырғысын салу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау) "ПМХЗ" АҚ (келісім бойынша)

2009-2013 жылдар

65 000 000

Қарыз қаражаты

23

"ПМХЗ" АҚ-да каткрекинг бензинін селективті күкіртсіздендіру қондырғысын салу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау) "ПМХЗ" АҚ (келісім бойынша)

2009-2013 жылдар

95 000 000

Қарыз қаражаты

24

"ПМХЗ" АҚ-да газойлды гидротазала  қондырғысын қайта жаңарту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау) "ПМХЗ" АҚ (келісім бойынша)

2009-2013 жылдар

73 000 000

Қарыз қаражаты

25

"ПМХЗ" АҚ-да күкірт өндіру қондырғысын қайта жаңарту (қуатын жылына 21-ден 35 мың тоннаға дейін арттыру)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау) "ПМХЗ" АҚ (келісім бойынша)

2009-2013 жылдар

84 000 000

Қарыз қаражаты


Жиыны




3 644 700 000


Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ЭМРМ                       - Қазақстан Республикасы Энергетика және
                             минералдық ресурстар министрлігі
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ   - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
                             акционерлік қоғамы
"ҚМГ" ҰК" АҚ               - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясын
                             акционерлік қоғамы
"ҚМГ" СҮ" АҚ               - "ҚазМұнайГаз" Сауда Үйі" акционерлік
                             қоғамы
"АМӨЗ" ЖШС                 - "Атырау мұнай өңдеу зауыты"
                             жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
"ПҚОП" ЖШС                 - "ПетроҚазақстан ОйлПродакст"
                             жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
"ПМХЗ" АҚ                  - "Павлодар мұнай-химия зауыты"
                             акционерлік қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады