Кондитерлік бұйымдардың кейбір түрлерінің импортына уақытша қорғау шараларын енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 маусымдағы N 850 Қаулысы

      "Тауарлар импорты жағдайында ішкі нарықты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес кондитерлік бұйымдардың кейбір түрлерінің импортына 2009 жылғы 20 қыркүйекке дейінгі мерзімде кедендік құнының 28 пайызы, бірақ 1 килограмм үшін 0,3 евродан кем емес мөлшерде уақытша қорғау шаралары енгізілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті кедендік баждың қолданыстағы ставкасының үстінен алынатын осы қаулының 1-тармағында көрсетілген уақытша қорғау шараларын депозитке салсын.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық коғамдастықтың Интеграциялық комитетін және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетін Қазақстан Республикасының уақытша қорғау шараларын енгізгені туралы хабардар етсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 8 маусымдағы
N 850 қаулысына   
қосымша        

Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, оларға қатысты
уақытша қорғау баждары енгізілетін тауарлардың тізбесі

Өнімнің атауы

ҚР СЭҚ ТН бойынша коды

Құрамында какао жоқ, ішінде тәттісі бар немесе тәттісі жоқ мұз кәмпиттен жасалған карамель

1704907100

Тоффи, карамельдер және құрамында какао жоқ соған ұқсас тәттілер

1704907500

Құрамында алкоголь бар, ішінде тәттісі бар немесе тәттісі жоқ шоколадты кәмпиттер

1806901100

Ішінде тәттісі бар немесе тәттісі жоқ өзге шоколадты кәмпиттер

1806901900

Құрамында какао бар, қантты алмастыратын өнімдерден әзірленген, қанттан және оның алмастырғыштарынан жасалған кондитерлік өнімдер: ішінде тәттісі бар немесе тәттісі жоқ мұз кәмпиттен жасалған карамель

1806905001

Құрамында какао бар, қантты алмастыратын өнімдерден әзірленген, қанттан және оның алмастырғыштарынан жасалған кондитерлік өнімдер: тоффи, өзге де карамельдер және соған ұқсас тәттілер

1806905002

Құрамында какао бар, қантты алмастыратын өнімдерден әзірленген, қанттан және оның алмастырғыштарынан жасалған кондитерлік өнімдер: өзгелері

1806905009

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады