Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Уранды байыту жөніндегі халықаралық орталыққа Армения Республикасының уәкілетті ұйымының қатысуы туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Марат Мұханбетқазыұлы Тәжинге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Уранды байыту жөніндегі халықаралық орталыққа Армения Республикасының уәкілетті ұйымының қатысуы туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімге қол қойсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
РҚАО ескертуі: Бұдан әрі келісімінің қазақ тіліндегі мәтіні берілмеген