Павлодар облысы Екібастұз қаласының бас жоспары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 маусымдағы N 979 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 10 қазандағы № 838 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.10.2024 № 838 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес және Павлодар облысы Екібастұз қаласының кешенді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Павлодар облыстық мәслихаты мақұлдаған, Павлодар облысы Екібастұз қаласы бас жоспарының жобасы бекітілсін.

      2. "Екібастұз қаласының бас жоспары туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1979 жылғы 10 қыркүйектегі N 344 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 25 маусымдағы
N 979 қаулысымен
бекітілген

Екібастұз қаласының бас жоспары
1. Қаланың қала құрылысы дамуының мақсаты
1.1. Бас жоспардың мәні

      Павлодар облысының облыстық маңызы бар қаласы - Екібастұз қаласының бас жоспары қала құрылысын кешенді жоспарлауды айқындайтын, аумақтың аймаққа бөлінуін, жоспарлы құрылымын және функционалды ұйымдастырылуын, көліктік және инженерлік коммуникациялардың, көгалдандыру мен абаттандырудың жүйесін белгілейтін қала құрылысының негізгі құжаты болып табылады.

      Бас жоспарда табиғи-климаттық жағдайларды ескере отырып, әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымды қоса алғанда, Екібастұз қаласының аумағын дамытудың негізгі бағыттары, сондай-ақ функционалды аймақтарға бөліну, резервтік аумақтар, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы құбылыстар мен үрдістердің қауіпті әсерінен қорғау, экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар белгіленген.

      Екібастұз қаласы қала құрылысы дамуының басты мақсаты - қаланың тұрақты дамуы және қазіргі халқы үшін өмір сүрудің қолайлы ортасын қалыптастыру. Осы мақсатқа қол жеткізу мыналарды сипаттайды:

      1) өмір сүру ортасының экологиялық қауіпсіздігі және табиғи кешеннің тұрақтылығы;

      2) қала құрылысы шешімдерінің сабақтастығы, кеңістік тұтастығы, эстетикалық көркемдік, қаланың үйлесімділігі мен ортаның әр алуандығы;

      3) көліктік және инженерлік инфрақұрылымдардың сенімділігі мен қауіпсіздігі, тұрғын үй проблемалары шешімдерінің кешенділігі, тұрғылықты аумақтарды қайта құру мен дамыту және тұрғылықты ортаны қалыптастыру;

      4) өндірістік аумақтарды пайдалану тиімділігі, қоғамдық орталықтар жүйесінің дамығандығы мен қол жетімділігі.

      Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу Екібастұз қаласының аумағында құрылыс жүргізу, қайта ұйымдастыру және абаттандыру, құрылыс нысандарын қайта құру, өмір сүру ортасының сапалы сипаттамаларын арттыру жолымен жүзеге асырылуы тиіс.

2. Табиғи-климаттық және
инженерлік-геологиялық аспектілер

      Екібастұз қаласы Ертіс өңірі жазықтығының төменгі шағын адырлы шоқыларының шегінде орналасқан. Екібастұз каласы аумағының жер бедерінің салыстырмалы асып түсуі 5-15 метрден аспайды, еңісі 3-7 % шегінде, кейбір жерлерде 8-12%-ға дейін өзгеріп отырады. Екібастұз қаласының ауданында ұсақ түйіршік шоқының жалпы биіктігі 192-222 метрді құрайды.

2.1. Климаты

      Қысы суық және жазы қоңыржай ыстық қауырт (континенталды) Құрылыс-климаттық аудандарға бөлуге сәйкес Екібастұз қаласы І-В қосалқы ауданына жатады. Ең ыстық шілде айы ауасының орташа айлық температурасы 21,7 о , барынша жоғары абсолюттік температура - +41 o Қаңтардың күндізгі температурасының орташа айлық белгісі -17,6 o - 23 o құрайды, ал абсолюттік ең төменгі температурасы -43 o .

2.2. Ылғалдылық режимі

      Екібастұз қаласында жауын-шашынның орташа жылдық көлемі (жылына 269 мм) жасыл желек екпе ағаштарының суарусыз өсуі үшін жеткіліксіз. Жауын-шашынның барынша жоғары айлық көлемі - 40-45 миллиметр, ол жазғы шілде-тамыз айларына, ал ең төменгі көлемі қыс айларына келеді және 10-12 миллиметрді құрайды.

      Қар жамылғысы бір қалыпты; оның орташа биіктігі 10 сантиметрден аспайды. Топырақ қатуының есептік тереңдігі 230 сантиметрге тең.

2.3. Жел режимі

      Ауданда жел режимі материктік сипатқа ие және қыста оңтүстік-батыс желдердің, жазда солтүстік-батыс желдердің басымдылығымен сипатталады.

      Қатты жел болатын күндер саны (15 м/с жоғары) салыстырмалы түрде көп емес - жылына 19 күн. Қатты жел көбіне сәуір-мамыр және қараша-желтоқсан айларында болады.

      Қаланың аумағында жыл бойы шаңды дауыл соғып тұрады, бұл бірінші кезекте жергілікті шаңдатқыш жел көздерінің болуына байланысты. Аудандағы шаңды дауылдардың орташа саны метеостанциялардың мәліметі бойынша жылына 13,2 күнді құрайды.

2.4. Гидрографиялық, гидрологиялық жағдайлар

      Жергілікті гидрографиялық жүйенің айрықша белгісі суы таяз көлдердің көптігі мен көктемгі қар еріген кезеңде басым бөлігі уақытша ағын сулардың болуымен ерекшеленеді. Көлдердің пайда болуынан көптеген ойыстар саны бар тегістік-төбешікті жер бедері ықпал етеді. Олар түрлі қашықтықта орналасады және олардың тұзды, ащы тұзды суы, таяз және тұрақсыз су балансы болады.

      Барлық көлдердегі сулардың химиялық құрамы әртүрлі гидрокорбонатты, хлоридті, сульфатты. Судың минералдану дәрежесі де әртүрлі - 18 грамм/литрден 286 грамм/литрге дейін. Барлық көлдердің суы шаруашылық-ауыз суы мұқтаждықтары үшін жарамсыз. Қала мен оның кәсіпорындарының шаруашылық-ауыз су және өндірістік мұқтаждары үшін су қажеттілігі Ертіс-Қарағанды арнасымен қанағаттандырылады.

      Екібастұз қаласына іргелес өңірдегі ең ірі езендер - Шідерті және Өлеңті өзендері болып табылады. Қазіргі уақытта бұл өзендердің су ағындысы пәрменді бөгеттермен және бөгетшелермен тоқтатылған.

      Жаңбырлы және қар еру маусымында су деңгейі көтеріледі, ал минерализациясы төмендейді. Құрғақшылық кезеңде және қыста керісінше көлдер таязданады, ал су одан сайын сортаңданады. Көлдер, негізінен, көктемгі-жазғы кезеңдегі қардың еруінен және жауынның әсерінен толады, сондықтан олардың көбі жаз соңында құрғап кетеді.

2.5. Инженерлік-геологиялық жағдайлар

      Инженерлік-геологиялық жағдайлар қала аумағын қала құрылысы аймақтаудағы анықтаушы факторлардың бірі болып табылады. Осыған байланысты қала аумағы І-ІІ аудандарға бөлінген:

      I аудан - төменгі жер бедерінің бөлігінде таралған және 2,0 метрге дейінге жер асты суларының жоғары деңгейімен сипатталады. Жыл бойындағы жер асты су деңгейдің өзгеру амплитудасы 0,5-0,7 метрді құрайды. Жер асты су деңгейінің жоғары болуы құрылыстар мен ғимараттардың іргетастарына кері әсерін тигізеді. Су темірбетон, болат пен алюминий құрылғыларына қатысты сульфатты агрессияға ие болады.

      II аудан - барлық зерттелетін аумақтың 70%-ын алып жатыр. Мұнда ыза суы деңгейінің шегу тереңдігі бойынша үш қосалқы аудан бөлінген.

2.6. Жер асты сулары

      Шоғырлануы, гидравликалық режимі мен су сыйымды жыныстардың сипатына қарай мынадай сулы қат-қабаттар мен кешендер бөлінеді:

      1) элювиалдық-делювиалдық шөгінділердің сулы қат-қабаты кеңінен таралған, мезозой мен палеогеннің суға берік саздарында "ызат суы" түрінде шоғырланған;

      2) мезозой жыныстарының мору қыртысының элювиалды түзілімдерінің сулы деңгейжегі. Осы қат-қабаттың су шоғырланатын түпнегіз жыныстары сазды және саздақты толтырғыштары бар сазды және ұсақ тасты - қиыршықты грунттар болып келеді. Жер асты суларының шөгу тереңдігі 0,7-ден 10,0 метрге дейін шектерде болады;

      3) төменгі карбонның терригенді - шөгінді жыныстарының сулы кешені (С1) барлық жерде таралған. Құмтастар, шақпақтасты әктастар және суға берік сазтастар мен құмайттастармен қабаттасатын көмірлі жыныстар су сыйымды жыныстар болып табылады. Орныққан су деңгейінің шоғырлану тереңдігі 4,6-дан 14,0 метрге дейінгі шектерде болады;

      4) үстіңгі девонның фамен жікқабатының терригенді-шөгінді жыныстарының сулы кешені (D3 fm) шақпақтасты және сазды әктастармен, құмтастармен, әксаздармен, сазды тақтатастармен және құмайттастар мен танылады, олар көптеген сызаттармен және карст қуыстарымен тізіліп, сазды материалдармен толтырылған. Судың деңгейінің шөгу тереңдігі 6,9-дан 13,4 метрге дейін болады;

      5) жоғарғы девонның жарсор свитасы эффузионды-шөгінді жыныстарының сулы кешені (О3qr) қала аумағының (Северный кенті) батыс бөлігіне таралған. Осы кешеннің сулары морудың сызат аймағына (сызат) және тектоникалық жарық жерлерге (сызатты-желілік) орналастырылған. Сызаттың тереңдігі 60 метрге дейін таралады.

2.7. Физикалық-геологиялық үрдістер мен құбылыстар

      Қаланың аумағында физикалық-геологиялық үрдістер мен құбылыстар топырақтың сортаңдануы түрінде көрінеді. Топырақтың неғұрлым жоғары сортаңдығы жер үсті тұздар қатпарларымен және түстерімен жабылған көл маңындағы шұңқырларда байқалады. Сорлар таралған. Суда ерігіш тұздардың құрамы 1-5-тен 10-20%-ға дейін. Топырақтың сортаңдауы, ең алдымен қайталама бытыраңқы гипстің болуымен байланысты. Сорлар өсімдіктердің өсуіне қолайсыз.

2.8. Сумен қамтамасыз етілу жағдайлары

      Екібастұз қаласының тұрғындарын, өнеркәсіп кәсіпорындары мен мекемелерін сумен қамтамасыз етудің басты көзі Ертіс-Қарағанды арнасынан келіп түсетін Ертіс өзенінің беткі сулары болып табылады. Су, арнадан резервті су қоймасына арнаның құйылу тұсында орналасқан бас тоғаннан алынады. Бас тоғанның суы халықтың, өнеркәсіп кәсіпорындары мен қалалық ұйымдардың шаруашылық-ауыз су мұқтаждықтарына (шаруашылық - ауыз сумен жабдықтау жүйелері), қала кәсіпорындарының, өнеркәсіп торабы мен теміржол объектілерінің өртке қарсы және өнеркәсіп мұқтаждықтарына пайдаланылады. Бас тоғанның өнімділігі жылына 56 064,0 мың текше метр (153,6 мың м 3 тәулік, 1,78 м/с) құрайды, 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша нақты тәулігіне 23,809 мың м 3 тәулік, яғни жалпы қуаттылықтың 15,5 пайызын құрайды. Бұл өндіріс көлемінің біршама төмендегеніне және су бағасының тарифтік кестесінің артуына байланысты. Бас тоғанның техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз, келіп түсетін судың саны қаланы сумен қамтамасыз етуге жеткілікті.

3. Әлеуметтік-экономикалық аспектілер
3.1. Демография

      Өңірде 2030 жылға дейінгі болашақта демографиялық үрдістердің серпін: қоғамдық дамудың дәстүрлі, бұрыннан бері қалыптасқан, сонымен бірге қоғам өміріндегі көбейіп келе жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен құбылыстардың барысында қалыптасатын жаңа факторлардың барлық жиынтығының өзара қатынасымен анықталатын болады.

      Екібастұз қаласының демографиялық даму сипаты олардың масштабтары мен бағыттылығы:

      1) қаланың экономикалық әлеуетінің дамуына;

      2) тұрғын үй нарығының дамуына;

      3) жұмыспен қамту және еңбекақы деңгейіне;

      4) мемлекеттік және жергілікті әлеуметтік саясат және басқа факторлар сияқты әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің нәтижелеріне байланысты халықтың табиғи және көші-қон қозғалысымен белгіленетін болады.

      Екібастұз қаласы халқының болашақтағы санының болжамды көрсеткіштері түрлі әдістермен алынған. Осылайша, соңғы жылдары қалада халық өмірі деңгейінің көтерілуі, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі және басқа да өзара байланысты факторлардан туған халық санының ұдайы өсуі режимінде, көші-қон үдерістерінің бағыттылығы мен қарқындылығында біршама өзгерістер (халық саны өсімінің кемуінен жай ұдайы өсуге ауысу, көші-қонның теріс сальдосынан оң сальдосына ауысуы) орын алуда. Көші-қонның жағымды сальдосын болжамды кезеңге дейін сақтау көзделіп отыр.

      Бастапқы жылдағы бала туу коэффициенті (2006 жылғы 21 қаңтар) - 1,62.

      Болашақтағы бала туудың жиынтық коэффициенті:

      1) 2012 жылы - 1,77;

      2) 2020 жылы - 2,43.

      Екібастұз қаласы тұрғындарының бастапқы жылдағы саны (2006 жылғы 1 қаңтар) - 119,7 мың адамды құрады. Екібастұз қаласы халқының 2020 жылғы кезеңге дейінгі болжамды саны орнықты және инерциялық демографиялық беталыстармен сипатталады. Екібастұз қаласы тұрғындарының болашақтағы саны болжамдық неғұрлым ықтималды нұсқалары бойынша:

      1) 2012 жылы - 143,2 мың адам;

      2) 2020 жылы - 158,2 мың адам;

      3) 2030 жылы - 200,0 мың адам бола алады.

      Екібастұз қаласының қаланы қалыптастырушы кадрлар санының құрылымы мен серпінінің есептік көрсеткіштерін 2012 жылға қарай 49,7 мың адамға дейін жеткізу жоспарлануда, яғни бастапқы жылғыдан 17,8 адамға көп, ал 2020 жылы экономика салаларында жұмыспен қамтылғандар саны 51,9 мың адамға жетуі тиіс.

3.2. Тұрғын үй құрылысы

      Тұрғын үй ортасын кешенді қалыптастырудың негізгі бағыттары 2020 жылға дейін қаланың барлық тұрғын үй қорын 2757,8 мың шаршы метрден 3480,5 мың шаршы метрге дейін арттырумен, 1 адамға 23 шаршы метрден 25 шаршы метрге дейін тұрғын үймен орташа қамтамасыз етуге жеткізуді қарастырады. Құрылыс бос аумақтарда жүргізілетін болады. Құрылысты аймақтандыру және жаңа тұрғын үй құрылысы объектілерінің көлемін бөлу құрылыс кезеңдері бойынша:

      2012 жылы:

      1) үй-жай құрылысы - 46,2%;

      2) блокталған 2-3 қабатты тұрғын үйлер - 16,4%;

      3) көппәтерлі үйлер - 45,2%;

      2020 жылы:

      4) үй-жай құрылысы - 66,5%;

      5) блокталған 2-3 қабатты тұрғын үйлер - 13,2%;

      6) көппәтерлі үйлер - 35,3%.

      Екібастұз қаласының тұрғын үй аумақтарын қайта құру және дамытудың басымдық бағдарламалары:

      1) аумақты пайдаланудың төмен қарқындылығы бар қаланың құрылымдық бөліктерінде (магистраль маңындағы аумақтарда, орталық ядрода, қалалық тораптарда және т.б.) қазіргі құрылыстың тығыздылығы төмен аудандарын қайта құру;

      2) ескі аз қабатты тұрғын үйді бұзу жалпы ауданы 47,6 мың шаршы метрді құрайды, бұзудан босатылған аумақтар көше - жол жүйесін кеңейтіп, қалыптастыруға, жасыл егістері бар жалпықалалық орталықтың мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінің құрылысына пайдаланылады;

      3) қалыптасқан құрылыстар жүргізуден бос қалалық аумақтарында құрылысы аяқталмаған объектілердің құрылысын салуды аяқтау және тұрғын үй кешендерін қалыптастыру;

      4) жаппай құрылыстың аудандарын кезең-кезеңмен қайта құру, соның ішінде күрделі жөндеу, қайта жоспарлау, қайта құрылатын қорды жөндеу.

      Бас жоспарда әлеуметтік-кепілді минимум қызмет көрсету мекемелерінің қамтамасыз етілуін нормативтік көрсеткіштерге және 2020 жылға қарай қалалық маңыздағы объектілер дамуының нормативтік көрсеткіштеріне қол жеткізу бағытында жаңа әлеуметтік-экономикалық және қала құрылысы жағдайларын ескере отырып, әлеуметтік саланы дамыту қарастырылып отыр.

3.3. Көгалдандыру жүйесін дамыту

      Бас жоспарда қаланың аумағында жасыл екпелердің тұтас кешенін құру қарастырылған. Көгалдандыру жүйесі көгалдандырылған аумақтардың тірек қорын экологиялық қайта құру, сондай-ақ жаңа объектілер салу есебінен құрылады, мұндайда қала аумағындағы жасыл екпелерді біркелкі бөлу және олардың көліктер мен жаяу жүргіншілерге қолжетімділігі ескеріледі. Қаланың көгалдандырылған аумағының тірек қоры жалпы алаңы 41,45 гектар екі паркпен және сегіз сквермен ұсынылып отыр.

      Қалалық деңгейдегі қоғамдық, мәдени және әкімшілік мәндегі жаңа объектілер мен кешендер (білім беру, денсаулық сақтау, спорт, демалыс объектілері және т.б.) өзара жасыл екпелер, субұрқақтармен және серуендеу саяжолдары жүйесімен байланыстырылған. Олар қаланың орталық бөлігінде және Ащыкөл көлі ауданында орналасқан. Жобамен қала құрылысының жүйесінде, қаланың эстетикалық келбетін қалыптастыруда және демалыс үшін қолайлы, жағдай туғызуда табиғи фактор ретінде Ащыкөл көлінің маңызы арта түседі.

      Қаланың жобаланатын жасыл екпелердің жалпы ауданы 2012 жылы - 1131,02 гектарды, есепті мерзімде (2020 жылы) - 1589,3 гектарды құрайды.

3.4. Экономикалық қызмет

      Екібастұз қаласының аумағында экономикалық қызметтің салааралық құрылымын қайта ұйымдастыру ұсынылып отыр, соның ішінде: ғылымның, білім берудің, мәдениет пен жоғары технологиялық өнеркәсіптің рөлін сақтау; өндірістік, іскери және әлеуметтік инфрақұрылымдардың, қызмет көрсету салаларын, туризм мен рекреацияның дамуын ынталандыру; экологиялық қауіпті және ресурстарды қажет ететін өндірістерді тарату, қайта ұйымдастыру.

      Материалдық өндіріс салаларын қайта құрылымдауды жүзеге асыру ғылымды көп қажетсінетін және ресурстарды сақтайтын технологиялар пайдасына ұсынылып отыр.

      Екібастұз қаласының облыстық маңыздағы қала мәртебесін сақтау және ғылыми-техникалық, білім беру, мәдени, әлеуметтік, өндірістік және инфрақұрылымдық әлеуетін, облыстық және республикалық маңыздағы нарықтық инфрақұрылымдар институттарының желісін қарқынды дамыту көзделіп отыр.

      Экономиканың мемлекеттік және жеке меншік секторларының одан әрі тиімді үйлесімі мен өзара қатынасы жоспарланып отыр.

      Бас жоспармен аумақтардың экологиялық қауіпсіздігін көтеріп, қала құрылысы әлеуетін қаланы дамыту мүддесінде аса тиімді пайдалану мақсаты бар өндірістік аумақтарды қайта ұйымдастыру ұсынылып отыр.

4. Дамудың экологиялық талаптары

      Екібастұз қаласы қала құрылысы дамуының экологиялық талаптарына мыналар жатады:

      1) өмір сүру ортасын оның орнықты экологиялық жайсыздық аймақтарында түбегейлі сауықтыру;

      2) қолда бар табиғи кешен аумақтарын жағымсыз антропогендік әсерлерден қорғау, қоршаған ортаның шаруашылық қызмет нәтижесінде жоғалтқан қасиеттерін қалпына келтіру және қайта жасау, сондай-ақ резервтік аумақтарда жасыл алқаптарды қалыптастыру жөніндегі шараларды іске асыру;

      3) өмір сүру ортасының жайлылығын, соның ішінде аумақты көгалдандыру және қаланың тұрғын үй, қоғамдық аймақтарында мезоклиматтық және микроклиматтық жағдайларды жақсарту жолымен арттыру.

      Бас жоспардағы Екібастұз қаласы қала құрылысы дамуының экологиялық талаптары мыналарды қарастырады:

      1) тұрғындар денсаулығының қауіпсіздігіне қауіп келтіретін экологиялық қатер аймақтарын жою;

      2) қатты техногендік жүктемеге түскен аумақтарды (рұқсатсыз қоқыс үйінділерінің, магистраль маңындағы аумақтардағы газдалған аймақтар мен шу жайсыздығы аумақтары) санациялау, қалпына келтіру, қайта ұйымдастыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

      3) жоғары экологиялық қауіп көзі болып табылатын өндірістерді жою;

      4) аз қалдықты және қалдықсыз таза экологиялық технологияларды, өндірістің ағынсыз циклдарын енгізу, өнеркәсіп, энергетика, қалалық шаруашылық объектілерін қазіргі заманғы газ тазарту, шаң ұстағыш және су тазарту құрал-жабдығымен 100 %-ға жабдықтауға жеткізу;

      5) ауыз су сапасының стандарттарын сақтауды және өндірістік, коммуналдық ағын сулары мен беткі ағынды тазартуды қамтамасыз ету;

      6) үздіксіз қозғалысты автомагистральдар құрылысын салу;

      7) өндірістік және қатты тұрмыстық қалдықтарды толық өңдеу және зиянсыздандыру болып табылады.

5. Аумақты қорғау және қаланың орнықты дамуын
қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар

      Жобада тұрақты қызмет етуді арттыру және Екібастұз қаласының тұрғындарын табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың әсерінен қорғау мақсатында мынадай қала құрылысының іс-шаралары қарастырылып отыр:

      1) қаланың аумағын неғұрлым айқын аймақтау;

      2) қолда бар өнеркәсіптік аймақтарды одан әрі қалыптастыру және қайта ұйымдастыру;

      3) құрылыс жүргізу аймағын жасыл екпелер жолақтарымен жоспарлау аудандарына мүшелеу және өзеннің су қорғау жолақтарын көгалдандыру;

      4) көше-жол желісін одан әрі дамыту және оның негізінде тұрақты қызмет етудің жалпықалалық желісін қалыптастыру.

6. Табиғи кешен аумағын сақтаудың
және дамытудың негізгі бағыттары

      Екібастұз қаласының табиғи кешені - әсіресе табиғат қорғау, рекреациялық, сауықтыру және ландшафт құрайтын функцияларды орындайтын және қаланың табиғи-ландшафттық қаңқасын қалыптастыратын өсімдігі және (немесе) суы көп аумақтардың жиынтығы. Табиғи кешен аумақтарына: табиғи аумақтар - дендропарк, көгалдандырылған аумақтар - саябақтар, бақтар, желекжолдар мен шағын гүлбақтар, бақсаябақ өнері мен ландшафттық сәулет ескерткіштері, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының, қоғамдық, өндірістік және коммуналдық мақсаттағы объектілердің көгалдандырылған аумақтары; резервтік аумақтар - бұл бұзылғандарды қалпына келтіру және жоғалған табиғи аумақтарды қайта жасау, көгалдандырылған жаңа аумақтарды ұйымдастыруға арналған резервтелген аумақтар жатады.

      Табиғи кешен аумағын сақтаудың және дамытудың негізгі бағыттары:

      1) Екібастұз қаласы табиғи кешенінің бүтіндігін және оның қала маңы аймағын сақтауды;

      2) түрлі иерархиялық деңгейдегі рекреациялық аймақтарды қалыптастыруды;

      3) табиғи кешеннің нақты аумақтарын жобалау және ұстауды экологияландыруды көздейді.

7. Аумақты сәулеттік-жоспарлы ұйымдастыру

      Екібастұз қаласының бас жоспарымен қаланың қалыптасқан шектерінде ішкі резервтер есебінен де, солтүстік ауданды игеру жолымен ішкі аумақтық резервтерді салған соң құрылыс аумақтарын кезең-кезеңмен кеңейту есебінен де бұдан әрі дамыту қарастырылған.

      Жаңа тұрғын үй құрылысын көп қабатты, аз қабатты блокты және үй-жайлы тұрғын үйлер қалыптастырады. Қалыптасқан қалалық аумақ құрылымындағы көп қабатты құрылыс жалпы қалалық маңыздылығы бар магистраль бойында шоғырланған. Көп қабатты үйлердің кешені "Әуезов", "Энергетиктер", "Торайғыров" көшелерінің батыс бағытын құрайды. "Солтүстік тұрғын үй ауданы" аумағында көпқабатты үйлер құрылысы "Павлодар-Астана" автожолының бойында орналасады. Аз қабатты құрылыс қаланың ішкі бос аумағында қолда бар аз қабатты құрылысты дамытатын құрылыс болып көзделуде. Сондай-ақ "Солтүстік тұрғын үй ауданының" негізгі бөлігі аз қабатты тұрғын үйлер орнындағы құрылыс болып ұсынылады.

      Қаланың қазіргі және жаңа бөлігін байланыстыратын негізгі жалпы қалалық магистральдар "Энергетиктер", "Беркімбаев", "Абай" көшелерінің жалғасы болып табылады.

      Қаланың болашақтағы жоспарлы құрылымының негізі мыналар болып табылады:

      1) экологиялық қауіпсіздік талаптары мен санитарлы-гигиеналық нормаларға жауап беретін санитарлы-техникалық аймақтар мен қорғаныс көгалдандыру жолақтарын құру жолымен қалалық ортаның экологиялық жағдайын жақсарту, аумақты кешенді көріктендіру, рекреацияға қолданылатын табиғи және көгалдандырылған аумақтар учаскелерінің антропогендік орнықтылығын арттыру;

      2) қаланың шегінде олардың экологиялық қауіпсіздігі мен жер пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында өнеркәсіп аумақтарын оңтайландыру және жаңғырту;

      3) қаланың жоспарлы құрылымын дамытуда тарихи сабақтастықты қамтамасыз ете отырып, тұрғын үйлер мен қоғамдық аумақтардың микроклиматтық сипаттамаларын жақсарту.

      Бас жоспар қаланың көліктік құрылымын дамытуды және жетілдіруді көздейді. Қаланың көліктік-жоспарлық құрылымы кешелердің тік бұрышты торы болып табылады. Жаңа көлік магистральдары мен тұрғын үйлер көшелері қазіргі көшелердің жалғауы болып табылып, тұрғын үйлердің ғимараттарын бағдарлауға қолайлы болуы үшін батыстан шығысқа, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай және оңтүстік-солтүстік немесе оңтүстік-шығыс-солтүстік-батыс бағыттарында тартылған.

7.1. Қоғамдық аумақтарды дамытудың негізгі бағыттары

      Қоғамдық құрылыс жүргізу аймағы, көп пішінді және мамандырылған қоғамдық орталықтар мен қалалық және аудандық маңызы бар аймақтардың тарамдалған көп орталықты жүйесі болып табылатын жалпы қалалық орталық жүйесіне кіреді.

      Екібастұз қаласының орталық бөлігін, әлеуметтік инфрақұрылым, қызмет көрсету және тұтыну нарығы кешендерін - денсаулық сақтау, білім, мәдениет, діни қарекеті, сауда, бос уақыт және рекреация, дене тәрбиесі мен спорт, қонақ үйлер кешенін белсенді дамыту бас жоспармен көзделген.

      Қоғамдық орталықтардың бірыңғай жүйесін дамыту қаланың орталық бөлігін қарқынды дамытуды көздейді:

      1) орталық алаңды және өнер мектебін, әмбебап концерттік және театр залдарын және т.б. қосқандағы қоғамдық-мәдени кешенді қалыптастыру;

      2) кәсіпкерлік қызметті дамытуға барынша қолайлы жағдай туғызу үшін іскерлік аудан құру. Іскерлік аудан құрылымына бизнес орталықтарын, қаржы орталықтарын, қонақ үй кешендерін, офистік ғимараттарды, сауда-ойын-сауық және көрме кешендерін және т.б. орналастыру көзделген;

      3) құрамында стадион, жүзу бассейндері, түрлі спорт залдары, қонақ үйлер, сауда кешендері және т.б.мамандандырылған спорт қалашығын құру;

      4) жасыл екпелердің түр жиынын жаңарту, аумақты көріктендіру және жаңа объектілерді орналастыру, жыл бойы істейтін аквапарк, түрлі ашық және жабық аттракциондер, дендрариді және т.б. орналастыру жолымен орталық демалыс паркінің аумағын жаңғырту.

      Екібастұз қаласының тұрғындары үшін толыққанды әлеуметтік инфрақұрылымды - жаяу жүргіншілердің жайлы қолжетімділігі шегінде сауда, жаппай сұраныстағы бос уақыт өткізу орындары мен жұмыс орындарын құру мақсатында объект жанындағы парктер мен көшебақтары бар көпфункционалды қоғамдық орталықтар жүйесін дамыту бас жоспармен көзделген.

      Аудандық маңызы бар магистральдар тұрғын үй шағын аудандары мен тұрғын үйлер топтарына кешенді күнделікті және мерзімді қызмет көрсетудің жергілікті қоғамдық орталықтарды біріктіреді. Негізгі рөл ашық қоғамдық кеңістіктер мен жаяу жүргіншілер байланыстарының жүйесін қалыптастыруға беріледі.

7.2. Аумақтарды қала құрылыстық аймақтандыру

      Екібастұз қаласын дамытудың бас жоспарында аумақты қала құрылыстық аймақтандыру "Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық мекендерді жоспарлау және салу" ҚР СНиП 3.01 - 01-2002 талаптарына сәйкес белгіленеді. Бас жоспар аумақтардың, қала құрылысының кадастрлық секторларының деңгейінде функционалдық пайдалануға қойылатын талаптарды белгілейді.

      Функционалдық аймақтандыру сызбасы Екібастұз қаласының аумақтық-кеңістік дамуының негізгі бағыттарымен қарастырылған қаланың аумағын пайдаланудағы өзгерістерді заңды түрде бекітеді.

      Қаланың аумағын фунционалды пайдалануды өзгертудің негізгі беталыстары мыналар болып табылады:

      1) қоғамдық пайдаланудағы (Ащыкөл көліндегі көпшілікке арналған демалыс орнын ұйымдастыру үшін ландшафты-рекреациялық аймақ жобасы) көгалдандырылған аумақтардың жалпы алаңы мен пайызын арттыру;

      2) қазіргі заманғы ғылыми-индустриалды аймақты (технопарк аясында) дамыту;

      3) қоғамдық мәндегі аумақтарды, әсіресе қаланың орталық бөлігінде белсенді арттыру;

      4) мамандандырылған аумақтың үлесін қысқарту және аралас фунционалды пайдаланудағы аумақтардың үлесін арттыру.

7.3. Өнеркәсіп және коммуналдық-қойма аумақтарын дамыту

      Екібастұз қаласында өнеркәсіп кәсіпорындарының аумақтары, негізінен, солтүстік, шығыс және оңтүстік өнеркәсіп аймақтары құрамындағы аудандарының аумағында орналасқан.

      Өнеркәсіп аудандарын функционалды-жоспарлы ұйымдастыру негізгі және көмекші өндірістер панельдерінің түрінде қалыптасады.

      Екібастұз көмір өндіруші өнеркәсіп базасында пайда болып дамығандықтан, негізгі өнеркәсіп аумақтары: қалаға бекітілген біршама алаңдарды алып отырған "Богатырь", "Северный", "Южный", "Центральный", "Восточный" көмір кеніштері болып табылады. Кеніштердің аумақтары қала құрылысы жүргізілетін шектердің сыртында, жеткілікті санитарлық арақашықтықта, 1,5-8 шақырым қашықтықта орналасқан. Сондай-ақ, үлкен аумақтар жыныс үйінділерінің астында орналасқан.

      Қала ұрылысын жүргізу шекараларында 3 өнеркәсіптік аймақ-солтүстік, шығыс және оңтүстік аймақтарға бөлінген. Солтүстік өнеркәсіп аймағы теміржол магистралі мен Екібастұз-1 станциясына түйісе жанасуда, мұнда істеп тұрған тағам өнеркәсібінің кәсіпорындары - сүт зауыты, сыра зауыты, нан зауыты, ет комбинаты орналасқан.

      Бірінші кезекте осы өнеркәсіп аймағындағы бос аумақтарда сүт зауытын, ет зауытын, түйеқұс шаруашылығын орналастыру ұсынылады.

      Атап өтілгендерден басқа, солтүстік өнеркәсіп аймағында автобазалар, энергоқұрылыс механизациясы басқармасы, өндірістік база, 27 азаматтық құрылыс дистанциясы, бас жабдықтау, қара металды қайта өңдеу базалары, жеке машиналар гараждары бар.

      Жел жағында қоныстанған аумақтарға қатысы бойынша Солтүстік өнеркәсіп аймағы қолайлы орналасқан.

      Солтүстік өнеркәсіп аймағында орналасқан барлық кәсіпорындар өз шекараларында қалады немесе құрылысты реттеу үшін біршама кеңейту алады. Солтүстік өнеркәсіп аймағында ені 50-100 метр болатын санитарлық-қорғау белдеуі ұйымдастырылуда.

      Шығыс өнеркәсіп аймағы қаланың шекарасы шегінде негізгі болып табылады. Ол 6 шақырымға жуық қашықтықта солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан көмір кеніштеріне және ірі өнеркәсіп кәсіпорындарына қызмет көрсететін бүкіл шығыс теміржол магистралі бағытымен созылған.

      Онда машина жасау саласы кәсіпорындары: механикалық - жөндеу зауыты, металл өңдеу цехы мен зауыты, тау-кен көлігі жабдықтарын жөндеу зауыты орналасқан. Құрылыс материалдарын өндіру саласының кәсіпорындары - темірбетон өнімдері зауыты (ТБӨ).

      Шығыс аймағындағы жаңа өнеркәсіп кәсіпорындары орналаспайды, жұмыс істеп тұрғандары ескі шекараларда қалады немесе құрылыс шекараларын реттеу үшін аумақтарын кеңейтеді.

      Бүкіл шығыс өнеркәсіп аймағы құрылыс жүргізу аумақтарына қатысты жел жағынан қолайлы орналасқан. Қонаев даңғылының бойында жасыл желекжол түріндегі ені 100 метр санитарлық-қорғау белдеуін қалыптастыру ұсынылады.

      Оңтүстік өнеркәсіп аймағы "Южная жынысы" теміржол станциясы ауданында орналасқан, мұнда жылу энергоорталығы (ЖЭО), қосалқы станциялар, жылыжайлар орналасқан. Бас жоспар бойынша бірінші кезекте оңтүстік өнеркәсіп аймағында оның қуаттылығын өндірістік циклында пайдалану үшін жылуэнергоорталығы ауданында жылыжай шаруашылығы орналасады.

      Жылуэнергоорталығы зияндылығы 1 санатты кәсіпорын болып табылады, жобамен оны газға ауыстыру ұсынылады, сонда санитарлық-қорғау аймағы 300 метрге дейін азаяды. Санитарлық қорғау белдеуі ретінде "Қонаев" даңғылы бойынша көк желекжол құру ұсынылуда.

      Екібастұз қаласында теміржол көлігі ғимараттары кең аумақты алып отыр. Қаланың солтүстігінен Екібастұз-1 станциясынан теміржол магистралі қиып өтеді, оның дамыған жол шаруашылығы және түрлі станция маңы құрылғылары бар. Батыс, шығыс және оңтүстік жағынан қаланы тікбұрышқа бекіткен теміржол магистральдары өтеді. Теміржол желілерінің және станция маңындағы шаруашылықтардың барлығында қызмет етуіне және дамуына жеткілікті аумақтары бар. Оңтүстік-батыс бағытында 14 шақырымда құрылыс жүргізілетін аумақтардан жеткілікті санитарлық-қорғау аймағы бар әуежай алаңы орналасқан.

      Екібастұзда энергетика кәсіпорындарынан ГРЭС-1 және ГРЭС-2 бар, олар және қала құрылысынан 14 және 30 шақырымда солтүстік-шығыс бағытында орналасқан құрылыс жүргізілетін аумақтарға зиян келтірмейді.

      Қолда бар өнеркәсіп аймағының аумақтарын оңтайландыру, өндірістік аумақтарының функционалдық пайдалануын өзгерте отырып, біртіндеп қайта құру, негізгі өндірістерді технопарк аумағына шығару ұсынылады.

      Бас жоспар өндірістік пайдалану аумақтарын қысқартуды және жалпы қалалық орталықтар жүйесі мен табиғи аймақтарды қалпына келтіру үшін қала ішіндегі резервтер ретінде босатылатын аумақтарды пайдалануды қарастырады.

      Өндірістік аумақтар құрамында ғылыми-өндірістік аудан немесе технопарк ерекше аймақ болып табылады, ол қаладан солтүстік-шығыс бағытында ГРЭС-1 және ГРЭС-2 аралығында орналасқан және 5000 гектар аумақты алып отыр.

      Технопаркті көмірді қайта өңдеуге бағытталған жаңа технологиялар, құрылыс материалдарын және күл үйінділерінен басқа да өнімдерді өндіру негізінде өндірістерді әзірлеуге және енгізуге қаржыларын жұмсауға дайын мемлекеттік және жеке құрылымдарды тарта отырып, қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған Екібастұз ғылыми-техникалық орталық негізінде құру болжамдалып отыр.

      Технопарк құрамына аумағы 1000 гектар алюминий зауыты, ғылыми-зерттеу институттарының, енгізу фирмалары мен инновациялық орталықтарының жүйелері кіреді. Оның құрылымында жоғары және орта оқу орындарының аймағы бөлінген. Қоғамдық-сауда орталығын, мейманхана кешенін, спорт орталығын, бос уақыт және ойын - сауық объектілерін, демалыс парктерін құру ұсынылады. Технопаркті дамытуға арналған резервті аумақ 500 гектарды алып отыр.

      Барлық қалыптасқан және жобаланған өнеркәсіп аумақтары теміржолдармен және автожолдар жүйелерімен жарақталған және даму үшін ішкі резервтері бар.

      Бас жоспардың жобасымен жаңа технологиялар аймағын құрумен қатар есепті мерзімде қалыптасқан өнеркәсіп аумақтарын ұйымдастыруға байланысты мынадай іс-шаралар белгіленеді:

      1) қалыптасқан кәсіпорындар ортасында ішкі резервтерді пайдалану есебінен өндірісті дамытуды қамтамасыз ететін аумақтар ретінде өнеркәсіп аудандарының, олардың неғұрлым тиімді пайдаланылу шекаралары белгіленді;

      2) басқа энерготасымалдағыштарға ауыстыру жолымен жылу энергоорталығының қоршаған ортаға тигізетін зиянын есепті мерзімге азайтудың қажеттілігін анықтау;

      3) қалалық ағын суларды тазартудың жүйелерін жетілдіру;

      4) жүк, өнеркәсіп тасымалы үшін автожолдар жүйесін және өнеркәсіп алаңшаларында көлік тұрақтарын дамыту;

      5) қатты-тұрмыстық қалдықтардың (ҚТҚ) жаңа полигонын салу;

      6) қолданыстағы нормативтерге сәйкес өнеркәсіп аймақтары аумағындағы автожолдар бойындағы орман жиектерінің және орман алқаптарының нормаларын ескере отырып, өнеркәсіп аудандары мен жекелеген кәсіпорындар төңірегінде тиісті санитарлық-қорғау аймақтарын қамтамасыз ету.

8. Көлік инфрақұрылымын дамыту

      Қаланың сыртқы байланыстары теміржол, әуе, өзен, автомобиль көлігімен, автомобиль жолдарымен беріліп отыр.

      Екібастұз қаласының бас жоспарында қаланың жоспарлау құрылымы және барлық функционалдық аймақтармен, қала маңы аймағында орналасқан объектілермен, сыртқы көлік объектілерімен және автомобиль жолдарымен жылдам, әрі қауіпсіз көлік байланысын қамтамасыз ететін оның айналасындағы аумақтарымен байланыстағы көлік және көше-жол желісінің біртұтас жүйесі қарастырылып отыр.

      Қаланың көше-жол желісі көшелер мен жолдардың функционалдық мақсатын, көлік және жүргіншілер қозғалысының қарқындылығын, аумақтардың сәулеттік-жоспарлы ұйымдастырылуын және құрылыс жүргізу сипатын ескере отырып, жобаланды.

      Қаланың ішкі көше-жол жүйелері де, сондай-ақ қалада алып отырған аумақтармен байланыстыратын автожолдарды салу және халықаралық маңызы бар Павлодар-Астана автомагистраліне шығатын айналма жол құрылысы да дамытылуда.

      Солтүстік алаңның өңірдің жалпы көлік жүйесімен көлік қатынасын толық түрде қамтамасыз ету үшін Павлодар-Астана автожолының тармағын салу қажет және қолданыстағы жолқұбырымен теміржол арқылы өтетін автожол байланысының құрылысын жүзеге асыру қажет.

      Қала ішіндегі қоғамдық көлігінің негізгі түрі - автобус болып танылады. Жобамен автобустар паркін көбейту және жаңарту, жолаушыларға арналған автокөлік кәсіпорындарын (ПАКК) кеңейту, қайта құру көзделіп отыр.

      Автосервис объектілерін (автомобильге май құю станциялары, көпқабатты паркингтер, автомобильдерді сақтауға арналған тұрақтар және техникалық қызмет көрсету станцияларын) дамыту қарастырылып отыр.

9. Инженерлік инфрақұрылымды дамыту
9.1. Сумен қамтамасыз ету

      Бас жоспар қаланың сумен қамтамасыз ету жүйесін дамытудың мынадай бағыттарын:

      1) қаланың қолданыстағы сумен қамтамасыз ету көзін - өнімділігі тәулігіне - 153,6 мың м 3 Қаныш Сәтбаев атындағы арнаның (Ертіс-Қарағанды арнасы) бас тоған имараттарын сақтауды;

      2) қызмет ететін бас тоғандарды қайта құру, қызмет ететін су құбыры желілерін кезең-кезеңмен қайта құру және жаңа су құбырының құрылысы, су құбыры имараттарының орталықтандырылған автоматтандырылған басқару жүйесін ұйымдастыру және суды тазартудың жаңа технологиясына көшу есебінен қаланың сумен қамтамасыз ету жүйесі беріктігінің деңгейін жоғарылатады;

      3) жаңа су құбырлары, магистральдық желілер құрылысы жолымен жаңа қала құрылысын игеру аудандарының жұмыс істеп тұрған сумен қамтамасыз ету жүйесімен байланыстырып, тұрақты сумен қамтамасыз етілуін ұйымдастыруды қарастырады.

9.2. Кәріз

      Бас жоспар кәріз жүйесін дамыту бөлігінде мыналарды:

      1) жобалық қуаттылығы тәулігіне 58,15 мың м 3 қызмет ететін толық биологиялық тазарту имараттарын қайта құру және жаңғырту есебінен кәріз жүйесінің қызмет ету беріктігін жаңа тазарту технологиялары құрал-жабдықтарды қолдана отырып арттыруды;

      2) кәріз желілерін дамыту, коллекторлардың құрылысы, қызмет ететін ескі желілерді кезең-кезеңмен қайта құру, жаңа коллекторлардың тегеурінді құбырлардың және болашақтағы құрылыстарды кәріздендіру үшін тасымалдау кәріз сорғы станцияларының құрылысын;

      3) зиянды заттардың тыйым салынған концентрацияларын қалалық кәрізге жіберуді болдырмау мақсатында кәсіпорындарда технологиялық үдерістерді жетілдіру есебінен ағынды суды тазарту технологиясы мен сапасын жетілдіруді көздейді.

9.3. Жылумен қамтамасыз ету

      Қаланың орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету көздерінің жылу қуаттылығы құрылыс кезеңінде сағатына 740 Гкал шамасында (ұсынылып отырған қайта құруды ескере отырып) қалып отыр.

      Бас жоспарда Екібастұз қаласының жылумен қамтамасыз ету жүйесін дамытудың негізгі бағыттары:

      1) неғұрлым жетілдірілген электр қуатын үнемдейтін және экологиялық тиімді технология ретіндегі жылуландыру негізінде орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету жүйесін сақтау, жетілдіру және одан әрі дамыту;

      2) тұрғын үй қоры аудандарында зауытта жасалған жаңа заманғы жоғары сапалы автономдық жылу беру құрал-жабдығын енгізу есебінен жекелей жылумен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, жаңғырту және дамыту болып табылады.

      Жылуландыру жүйесінде:

      1) N 5 және N 7 бу қазандықтары мен N 1-13 су жылытқыш қазандықтарын қайта құруды қоса алғандағы қаланың орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етудің негізгі көзі Екібастұз жылу орталығының, жұмыс істеу қабілетін сақтау жөніндегі шаралардың бірқатарын қолдану;

      2) жоспарланған N 7 ауданның аумағындағы жаңа құрылыстың тұтынушыларын жылумен қамтамасыз ету үшін есептік мерзімге қуаттылығы сағатына 75 Гкал (бірінші кезекте сағатына 45 Гкал) жаңа су жылытқыш қазандығын салу;

      3) жаңа жылу желілерінің құрылысы, қалыптасқан жылумен қамтамасыз ету аймағында жылу магистральдарының жеке учаскелерін қайта құру және нығайту қарастырылып отыр.

9.4. Электрмен жабдықтау

      Бас жоспармен қаланы электр қуатымен қамтамасыз ету жүйесін дамытудың мынадай бағыттары қабылданды:

      1) қаланың батыс бөлігінде кернеуі 110 кВ жаңа екі қосалқы станцияларын сала отырып, физикалық және моральдық жағынан ескірген, қуаты 35 кВ "Городская", "Центральная" және "Западная" қосалқы станцияларын бөлшектеу;

      2) кернеуі 35 және 110 кВ жоғары вольттық электр тарату желілерінің өту трассаларын реттеу;

      3) жұмыс істеп тұрған құрылыс аймағындағы ескірген электр желілері объектілерін қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру;

      4) жаңа N 7 тұрғын үй ауданын электр қуатымен қамтамасыз ету үшін "Северная" қосалқы станциясын салу.

9.5. Газбен жабдықтау

      Қазіргі уақытта қаланы газбен қамтамасыз ету Павлодар мұнай өңдеу зауытынан жеткізілетін сұйытылған көмірсутекті газды пайдалану негізінде жүзеге асырылады.

      Бас жоспар қалалық газ шаруашылығын басқарудың ұйымдастыру және экономикалық мәселелері шешілген жағдайда барлық жобалық кезеңде үй-жай құрлысы жүргізілетін жерлердегі тұрғындарды сұйытылған газбен қамтамасыз ету жүйесін сақтап қалады.

      Тұрғындардың түрлі санаттарының сұйытылған газды тұтынуының есептік жиынтық сомасы бірінші кезекте жылына - 5300 тоннаны, есепті мерзім кезеңінде жылына - 7000 тоннаны құрайды.

9.6. Телефон өткізу

      Бас жоспармен телекоммуникация желісін сандандыру және қалалық телефон станциясының (ҚТС) сыйымдылығын бірінші кезекте 45800 нөмірге, есепті мерзімде 62500 нөмірге дейін жеткізе отырып, оптикалық-талшықтық технологияға көшу негізінде қалалық абоненттік сыйымдылықты одан әрі есеп айырысу өлшемдеріне дейін көбейту қарастырылып отыр.

      Жобамен:

      1) жаңа қала құрылысын игеру аудандары бағытында телефон кәбілдік кәріздің құрылысы;

      2) қызмет ететін байланыс әуе желілерін кәбілдік кәрізге кезең-кезеңмен қайта өткізу;

      3) сандық автоматтандырылған телефон станциялары (АТС) арасындағы станцияаралық байланыстарды ұйымдастыру үшін оптикалық-талшықтық желілердің құрылысы көзделіп отыр.

9.7. Аумақты инженерлік дайындау

      Құрылыс жүргізілген аумақтан беткі ағынды кетіру үшін жобамен жабық нөсерлі кәріз кешенін салу көзделіп отыр.

      Беткі ағын ашық су бұру желілері, өздігінен су ағызатын жабық коллекторлар мен тасымалдаушы сорғы станциялары арқылы жотадағы орға және, одан әрі арнайы тазарту құрылғыларына (гидроботаникалық алаңдарға) жіберу көзделіп отыр. Жобамен 24,5 шақырым жабық өздігінен су ағызатын нөсерлі коллекторларының, екі нөсерлі су сорғы станциясының құрылысы және 78 шақырым ашық арық желісін өткізу белгіленуде.

      Жотадағы орды Ащыкөл көліне дейінгі қашықтықта тазарту қарастырылған.

      Жобамен барлық қалалық құрылысты суармалы су құбырымен жарақтау көзделіп отыр. Сәтбаев атындағы арнаның суы суармалы сумен қамтамасыз ету көзі болып қабылданды.

      Ыза су деңгейін төмендету үшін жобада аудандық жүйелік көлденең жабық кәріздеуді көлденең, сызықтық, қабаттық және қабырғалық кәріздеумен үйлестіріп қолдану ұсынылады.

      Жалпы жобалық кезеңде кәріздеу желісінің 65,3 шақырымдық коллекторын, соның ішінде жаңа Солтүстік алаңшада - 12,9 шақырым және кәріздеу суларының 12 сорғы станцияларын салу қажет.

      Жобада Ащыкөл көлінің бойымен 4,3 шақырымға созылған жағаны нығайту жұмыстарын жүргізу ұсынылып отыр.

9.8. Қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) басқару

      Жобамен аумақты тазартудың жоспарлы - тұрақты жүйесін дамыту тазалауды дамыту қарастырылып отыр. Аумақты жоспарлы-тұрақты тазарту кешеніне мынадай іс-шаралар кіреді:

      1) қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинау және дұрыс сақтау, оларды шығару және залалсыздандыру;

      2) жолдар мен көшелердің жаяу жолдарын сыпыру, жуу, қарлардан тазарту және көктайғақпен күресу.

      Қатты-тұрмыстық қалдықтар көлемі 1-кезекте жылына 55,8 мың тоннаны есепті мерзімде жылына - 61,6 мың тоннаны құрайды. Жетілдірілген жабындылардан алынатын көше сыпырындыларының көлемі 1 шаршы метрден 15 кг болып анықталған. Қатты-тұрмыстық қалдықтарды аптасына кем дегенде үш рет, ал қоғамдық орталықтардан - күнсайын шығаруды жүзеге асыру қарастырылған.

      Тұрмыстық қалдықтар арнайы жабдықталған алаңдарда жиналады, онда сыйымдылығы 1,1 және 1,6 текше метр контейнерлер орналасқан. Қатты-тұрмыстық қалдықтарды жұмыс істеп тұрған үйінді-полигондарға шығару қарастырылған.

Екібастұз қаласының бас жоспары бойынша негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер

N

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2006 жылғы 1 қаңтар

2012 жыл

2020 жыл

1

2

3

4

5

6

1

Қала шетіндегі аумақтар, барлығы

га

73767,0

105807,0

105807,0

1.1.

А. Құрылыс жүргізу аумақтары:

га





Шағын аудандар, кварталдар


845,0

1219,2

1760,7


Қызмет көрсету мекемелері мен кәсіпорындарды учаскелері (шағын аудандық маңыздағы мекемелер мен кәсіпорындардан басқасы)


164,0

451,0

1105,0


Жалпы пайдалануды көгалдандыру (саябақтар, шағын гүлбақтар, желекжолдар)


46,2

155,3

386,9


Магистраль желісі (қызыл сызықтарда)


226,0


367,0

510,0


Өнеркәсіптік және коммуналдық-қоймалық кәсіпорындар


434,5

434,5

434,5


Құрылыс жүргізу аумақтарының жиыны:

га

1737,2

2627,0

4197,1

1.2.

Ә. Құрылыс жүргізуден тыс аумақтар

1.2.1.

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауылшаруашылық мақсаттағы емес жерлер

га

1273,1

8 013,1

8 263,1


соның ішінде:


технопарк

га

-

5000,0

5000,0


Сыртқы көліктің жерлері Арнаның су кеңістігі (көлдер, су қоймалары? арналар)

га

1700,0

1829,2

1865,5

га

1500,0

1500,0

1500,0


Жасыл екпелер үшін

га

37,4

1113,0

1220,6


Ауылшаруашылық пайдаланудың жерлері

га

15644,2

18108,3

18108,3


соның ішінде:


- саяжайлар

га

568,0

175,5

175,5

- жылыжайлар

га

8,7

276,5

276,5


- зираттар

га

21,6

21,6

21,6


Басқа жерлер (ауыл шаруашылығы мақсатындағы арнайы инженерлік іс-шаралар мен қосымша зерттеулерді талап ететін аумақтар, сондай-ақ құрылыс жүргізу аумақтарына есептік мерзімнің шегінен тыс қаланың дамуы үшін резервтік аумақтар (соның ішінде тұрғын үй және қоғамдық), рекреациялық және басқа да аймақтарды ұйымдастыру үшін өнеркәсіптік-өндірістік және коммуналдық аумақтар)

га

51 853,5

72 594,8

70 630,8


Құрылыс жүргізуден тыс аумақтардың жиыны:

га

72029,8

103180,0

101609,9

2.

Халқы





2.1.

Екібастүз қаласы тұрғындарының саны, барлығы

мың

адам

119,7

143,3

158,3


Соның ішінде:





2.2.

Халық тығыздылығы






Құрылыс жүргізу аумақтарының шегінде

адам/га

69

55

38

2.3.

Халықтың жас құрылымы

2.3.1.

15 жасқа дейінгі балалар

мың

адам

%

23,5

19,6

28,4

19,8

37,0

23,4

2.3.2.

Еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар

мың

адам

%

79,8

66,7

95,0

66,3

100,4

63,4

2.3.3.

Еңбекке қабілетті жасынан асқан тұрғындар

мың

адам

%

16,4

13,7

19,9

13,9

20,9

13,2

3.

Тұрғын үй құрылысы

3.1.

Тұрғын үй қоры

жалпы ауданы мың м 2

27,57

3480,5

3 984,0

3.2.

Жалпы қордан





3.2.1.

Көп пәтерлі үйлерде

-//-

2192,4

2577,8

2762,4

3.2.2.

Жеке үлгісіндегі үйлерде

-//-

565,4

902,7

1221,6

3.3.

Халықтың пәтерлердің жалпы ауданымен орташа қамтылуы

м 2 /адам

23,1

24,3

25,2

3.4.

Жаңа тұрғын үй құрылысы, барлығы

жалпы

ауданы

мың м 2

-

733,0

551,1


соның ішінде:





3.4.1.

Жеке үй-жайлар

-//-

-

337,3

366,5

3.4.2.

Көпқабатты

-//-

-

395,7

184,6

4.

Мәдени-сауық және мақсаттағы мекемелер мәдени-тұрмыстық

4.1.

Мектепке дейінгі балалар мекемелері барлығы 1000 адамға

орын

3733

31

5285

37

7616

48

4.2.

Жалпы білім беретін мектептер барлығы 1000 адамға

орын

23349

195

27201

190

28401

179

4.3.

Емханалар барлығы 1000 адамға

төсек орын

1370

11

4730

33

5230

33

4.4.

Тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары барлығы 1000 адамға

жұмыс орындары

209

6

719

15

792

5

4.5.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары

орын

735

6

1145

8

1265

8

4.6.

Өрт сөндіруші депо ғимараттары, барлығы 1000 адамға

Автомобиль саны

10

0,08

28

0,20

40

0,25

5.

Көліктік қамтамасыз ету

5.1.

Магистральдық көшелер мен жолдардың ұзақтығы

шақырым

425

474

529

5.2.

Сыртқы көлік

5.2.1.

Қалааралық және халықаралық тасымалдарға қызмет көрсететін автомобиль көлігі

мың

жолаушы

11,7

15,2

18,7

6.

Инженерлік құрал-жабдық

6.1.

Сумен қамтамасыз ету:

6.1.1.

Жиынтық тұтыну, барлығы

мың

м 3 /тәулік

-

60183,5

75988,1


соның ішінде:






шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне

мың

м 3 /тәулік

-

50962,9

65548,7


өндірістік қажеттіліктерге

мың

м 3 /тәулік

-

9220,6

10439,4

6.1.2.

Бас тоған имараттарының қуаттылығы

мың

м 3 /тәулік

153,6

153,6

153,6


Үлестік су тұтыну 1 адамға

м 3 /тәулік

-

420

480

6.2.

Кәріз

6.2.1.

Ағынды сулардың жалпы түсімі, барлығы

мың

м 3 /тәулік

45650,0

48856,1

63558,6


соның ішінде:






- тұрмыстық кәріз

мың

м 3 /тәулік

-

45230,9

59316,7


- өндірістік кәріз

мың

м 3 /тәулік

-

3625,2

4241,9

6.2.2.

Кәріз тазарту имараттарының жобалық өнімділігі

мың

м 3 /тәулік

58150,0

58150,0

58150,0

6.3.

Жылумен жабдықтау






Орталықтандырылған көздердің қуаты, барлығы

Гкал/сағ.

740

785

815

6.3.1.

соның ішінде:






- ЖЭО

Гкал/сағ.

740

740

740


- оқшауланған көздер

Гкал/сағ.

-

45

75

6.3.2.

Жиынтық жылу жүктемесі, барлығы

Гкал/сағ.

505

695

873


соның ішінде:






- коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге

Гкал/сағ.

428

565

693


- өндірістік қажеттіліктерге

Гкал/сағ.

77

130

180

6.4.

Газбен жабдықтау


Сұйылтылған газ қажеттілігі, барлығы

мың

тн/жыл

-

5300

7000


соның ішінде:


- коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге

мың

тн/жыл

-

2087

2745

6.5.

Электр қуатымен жабдықтау

6.5.1.

Қала бойынша жиынтық электр жүктемесі

МВт

86,9

139,5

159,1


соның ішінде:


- коммуналдық-тұрмыстық сектор

МВт

61,82

78,88

90,2


- өнеркәсіп секторы

МВт

16,8

19,1

23,5

6.6.

Телефон өткізу


Орнатылған телефон аппараттарының саны

нөмір

33010

45800

62500


1000 адамға орнатылған телефон аппараттарының саны


260

320

400

7.

Аумақтық инженерлік дайындығы



Жер жұмыстары:






- қазу

мың м 3

-

1070

500


- көму

мың м 3

-

255

125


Желілердің ұзақтығы:


соның ішінде:


- өздігінен су ағызатын нөсер коллекторлар

шақырым

-

16,5

8,0


- ашық арық желісі

шақырым

-

54,0

24,0


- жотадағы орды тазарту

шақырым

-

6,0

3,0


- сызықтық кәріздеу

шақырым

-

30,6

10,2


- жабық көлденең кәріздеу

шақырым

-

15,5

9,0


- суармалы су құбыры

шақырым

-

32,0

15,0


Ғимараттар:


- нөсер суларының сорғы станциялары

дана

-

1

1


- суару суларын тазарту имараттары

га

-

5,8

2,6


- кәріз суларының сорғы станциялары

дана

-

1,0

-


- Ащыкөл көлінің жағасын нығайту

шақырым

-

0,5

3,8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады