"Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 маусымдағы N 1013 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

      Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

"Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап. "Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1997 ж., N 11, 155-құжат, 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 16, 104-құжат; 2007 ж., N 10, 69-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1-бапта:
      төртінші абзацтағы "мен жұмылдыру" деген сөздер алып тасталсын;
      алтыншы абзацтағы "орындау" деген сөзден кейін ", бейбіт уақытта ізгілік көмек көрсету, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қабылдау" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы оныншы және он бірінші абзацтармен толықтырылсын:
      "жұмылдыру даярлығын бағалау - жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңнамада белгіленген жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру нормативтері мен талаптарына мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дайындық деңгейі сәйкестігінің дәрежесін айқындау;
      уақытша қайта тиеу ауданы - әскерлер мен әскери жүктерді көліктің бір түрінен екіншісіне қайта тиеуді жүзеге асыратын жергілікті жер учаскесі.";
      2) 4-бапта:
      5) тармақшадағы "әскери міндетті азаматтарды" деген сөздер "әскери міндеттілерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) тармақшадағы "немесе олардың мүдделеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экономикасының мүдделеріне пайдалануға" деген сөздер ", сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын өзге ұйымдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 5-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды;";
      4) 7-бапта:
      1) тармақшадағы "жалпы" деген сөз алып тасталсын;
      4) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарында белгіленген" деген сөздер алып тасталсын;
      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) жұмылдыру дайындығын бақылауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Президентіне жыл сайын республиканың жұмылдыру даярлығының деңгейі туралы баяндап отырады;";
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "15) Әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі республикалық комиссияны құрады және әскери міндеттілерді бекітіп қою ережесін бекітеді;";
      мынадай мазмұндағы 20), 21), 22), 23) және 24) тармақшалармен толықтырылсын:
      "20) уақытша қайта тиеу аудандарын ұйымдастыру ережесін бекітеді;
      21) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңіне және соғыс уақытына өнім өндіру мен қызмет көрсетудің тиісті есепті жылға арналған жоспарын бекітеді;
      22) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтары жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында қорғаныс мұқтаждарына өздерінің меншігіндегі жер учаскелерін, ғимараттарды, құрылыстарды, көлік құралдарын және басқа да мүлікті олардың құнын мемлекет кейіннен тең мөлшерде өтейтіндей етіп беру тәртібін бекітеді;
      23) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмылдыру органдары туралы үлгі ережені бекітеді;
      24) әскери-көліктік міндеттің орындалу тәртібін бекітеді.";
      5) 7-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "7-1 бап. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның
      өкілеттігі
      Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган:
      1) мемлекеттік органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын және жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңіне және соғыс уақытына өнім өндіру мен қызмет көрсетудің тиісті есепті жылға арналған жоспарын әзірлейді, мемлекеттік органдардың, облыстар және республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын келіседі;
      2) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау номенклатурасы мен көлемі жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыруға қатысады;
      3) мемлекеттік органдардың жұмылдыру дайындығы саласындағы қызметін үйлестіреді;
      4) жұмылдыру дайындығы саласында ғылыми зерттеулер мен әдістемелік қамтамасыз етуді, сондай-ақ жұмылдыру органдары мамандарының біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
      5) жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар банкрот болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған, олардың жұмыс бейіні өзгертілген кезде мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау және басқаға беру туралы ұсыныс енгізеді;
      6) жұмылдыру дайындығы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қатысады;
      7) Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру ережесінде белгіленген тәртіппен республиканың жұмылдыру даярлығының деңгейіне баға береді және бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын баяндап отырады;
      8) жұмылдыру дайындығы саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлейді;
      9) әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіреді.";
      6) 8-бапта:
      тақырыбындағы және бірінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейін "Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың және", "Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдары және" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында ұйымдардың жұмылдыру дайындығын жоспарлайды, ұйымдастырады және оған басшылық етеді, Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру ережесінде белгіленген тәртіппен жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдардың жұмылдыру даярлығын бағалауды жүргізеді;";
      3-1) тармақшадағы "жұмылдыру дайындығы" деген сөздерден кейін "мен жұмылдыру" деген сөздер алып тасталсын;
      6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6-1) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және (немесе) бекітеді;";
      7) тармақшадағы "мен жұмылдыру" деген сөздер алып тасталсын;
      8) тармақшадағы "қарамағындағы ұйымдарда" деген сөздер "мемлекеттік басқарудың тиісті саласында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "9-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың,
      астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың
      жергілікті атқарушы органдарының және қаладағы аудан, аудандық
      маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ
      әкімдерінің жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы
      өкілеттігі
      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері және қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдері өз құзыреті шегінде:
      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің, сол аумақта орналасқан жұмылдыру тапсырмалары бар ұйымның жұмылдыру дайындығының жай-күйі үшін жауап береді;
      2) бейбіт уақытта және жұмылдыру жарияланған кезде жергілікті әскери басқару органдарына жәрдем көрсетеді, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар (жаттығулар) өткізуге қатысады;
      3) әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
      4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде басқару органдары мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз етеді;
      5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде шақырылуға тиісті азаматтарды дер кезінде хабардар етуді және жеткізуді, жиналу орындарына немесе әскер бөлімдеріне техника жеткізуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жер учаскелерін, ғимараттарды, құрылыстарды, коммуникацияларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен қорғаныс мұқтаждарына береді.
      2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері:
      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде жұмылдыру жоспарларын әзірлейді және бекітеді, жұмылдыру дайындығы жөнінде іс-шараларды жүргізеді;
      2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмылдыру дайындығы мүддесін көздеп, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында өнімдер беруге, қызметтер көрсетуге ұйымдармен шарттар (келісім-шарттар) жасасады;
      3) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды жетілдіру жөнінде жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді;
      4) республиканың орталық мемлекеттік органдарымен бірлесіп, жұмылдыру жоспарларын орындауға экономиканы дайындау жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
      5) аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын келіседі;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемін қарастырады.
      3. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері:
      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде жұмылдыру жоспарларын әзірлейді және бекітеді, жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
      2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмылдыру дайындығы мүддесін көздеп, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында өнімдер беруге, қызметтер көрсетуге ұйымдармен шарттар (келісім-шарттар) жасасады;
      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      4) республиканың мемлекеттік органдарымен бірлесіп жұмылдыру жоспарларын орындауға экономиканы дайындау жөніндегі іс-шараларды жүргізеді.";
      8) 10-баптың 1-тармағында:
      7) тармақшадағы "әскери міндетті азаматтар" деген сөздер "әскери міндеттілер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) тармақшадағы "мен жұмылдыру жөніндегі уәкілетті органға, орталық атқарушы органдардың жұмылдыру органдарына" деген сөздер "саласындағы уәкілетті органға, орталық және жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) тиісті мемлекеттік органдармен, тапсырыс беруші ұйымдармен жұмылдыру жоспарларын келіседі және оларды бекітеді.";
      9) 12-баптың 1-тармағындағы "орталық және жергілікті атқарушы" деген сөздер "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;
      10) 13-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
      11) 14-бапта:
      2-тармақтағы "орталық және жергілікті атқарушы" деген сөздер "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақ алып тасталсын;
      12) 16-бап мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Үкіметімен айқындалған тәртіп пен жағдайда ізгілік көмек көрсету әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қабылдау үшін жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтары бейбіт уақытта пайдаланылуы мүмкін.";
      13) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "17-бап. Әскери міндеттілерді мемлекеттік органдар мен
      ұйымдарға бекітіп қоюдың құқықтық негізі
       1. Әскери міндеттілерді мемлекеттік органдар мен ұйымдарға бекітіп қою мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кідіріссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
      2. Әскери міндеттілерді мемлекеттік органдар мен ұйымдарға бекітіп қою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.";
      14) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "18-бап. Әскери міндеттілерді бекітіп қоюдың ұйымдастырылуы мен
      тәртібі
      1. Әскери міндеттілерді бекітіп қоюдың ұйымдастырылуы мен тәртібі осы Заңда және Әскери міндеттілерді бекітіп қою ережесінде айқындалады.
      2. Қазақстан Республикасының аумағында әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысқа басшылықты Әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі республикалық комиссия жүзеге асырады.
      3. Бекітіп қоюға жататын қызметтер мен мамандықтардың тізбесін Әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі республикалық комиссия бекітеді.
      4. Мемлекеттік органдарға, ұйымдарға бекітіліп қойылған әскери міндеттілер берілген кейінге қалдырылу қолданыста болған уақытқа жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытындағы шақырудан босатылады.".

       2 бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады