"Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 289
өкіміне
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының делегациясын Париж қаласына (Француз Республикасы) іссапарға жіберу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 ақпандағы N 229
қаулысына
мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының делегациясы:
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда 2009 жылғы 1 - 4 наурыз кезеңіне;
2) Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов 2009 жылғы 1 - 3 наурыз кезеңіне Париж қаласына (Француз Республикасы) іссапарға жіберілсін.";
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"мыналарға:
Абылай Қиялұлы Сабдалинге, Жанат Мұратұлы Қожахметовке, Дәулет Әбірбекұлы Мамековке, Александр Афанасьевич Кимге, Әлібек Әсетұлы Бақаевқа, Ляйля Нариманқызы Тілепбергеноваға, Эльвира Балтабекқызы Ыбыраеваға, Махуза Қабдығалымқызы Шоқановаға, Мұнира Абдықайымқызы Артықбековаға, Шоқан Балтабайұлы Омаровқа қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Стамбул - Париж - Стамбул - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға;
Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Стамбул - Париж - Майндағы Франкфурт - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов