Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2015 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдаланудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы N 1133 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 43, 475-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Агенттің 2009 жылға арналған қызметіне ақы төлеу 49944921 (қырық тоғыз миллион тоғыз жүз қырық төрт мың тоғыз жүз жиырма бір) теңге мөлшерінде бекітілсін.";
3-тармақтағы "2008 жылға" деген сөздер "2009 - 2011 жылдарға" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов