Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арсеналдарында, базалары мен қоймаларында қару-жарақтың, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 шілдедегі N 1030 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арсеналдарында, базалары мен қоймаларында қару-жарақтың, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне тоқсанына бір рет есептіден кейінгі айдың 20-күніне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жинақтық ақпарат берсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі.                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 3 шілдедегі
N 1030 қаулысымен
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арсеналдарында,
базалары мен қоймаларында қару-жарақтың оқ-дәрілер мен жарылғыш
заттардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шаралардың атауы

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындалу мерзімі

Болжамды шығыстар, мың теңге

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1.

Мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды кәдеге жарату жобасын жүзеге асыруға қатысу мүмкіндігі мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

Қорғанысмині, ИСМ, Қоршағанортамині, Қаржымині, ҰҚК (келісім бойынша), ІІМ, ТЖМ, РҰ (келісім бойынша)

2009 жылғы шілде

Талап етілмейді


2.

Мемлекеттік монополияға оқ-дәрілерді кәдеге жарату бойынша функцияларын берудің орындылығын зерделеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

Қорғанысмині, ИСМ, Қоршағанортамині, Қаржымині, ҰҚК (келісім бойынша), ИМ, ТЖМ, РҰ (келісім бойынша)

2009 жылғы шілде

Талап етілмейді


3.

Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау объектілерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жоспарды әзірлеу

Қорғанысминінің бұйрығы

Қорғанысмині

2009 жылғы шілде

Талап етілмейді


4.

"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасының тұжырымдамасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаруды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сақтау объектілерінде тыйым салынған аймақтар мен аудандар белгілеуді регламенттейтін актілерді бекіту жөніндегі құзыретін айқындау бөлігінде Заң жобасы қызметінің мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізу

Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы

Қорғанысмині, ИСМ, Қоршағанортамині, Қаржымині, ҰҚК (келісім бойынша), ІІМ, ТЖМ, РҰ (келісім бойынша)

2010 жылғы I тоқсан

Талап етілмейді


5.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанында қару, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар сақтауды жүзеге асыратын тыйым салынған аймақтар мен аудандарды белгілеу ережесін әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

Қорғанысмині, ИСМ, Қоршағанортамині, Қаржымині, ҰҚК (келісім бойынша), ІІМ, ТЖМ, РҰ (келісім бойынша)

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері және қорғанысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңын қабылдағаннан кейін 2 ай мерзімде

Талап етілмейді


6.

Арыс қаласында оқ-дәрілерді кәдеге жарату пунктінде болған оқиға салдарынан келтірілген зиянның орнын толтыру жөнінде жұмыс жүргізу

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығына ақпарат

Қорғанысмині

2009 жылғы тамыз

Талап етілмейді


7.

Қапшағай, Арыс, Отар қалаларының кәдеге жарату өнімдері қоймаға салынған жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығына ақпарат

Қорғанысмині

2009 жылғы шілде

Талап етілмейді


8.

Отар станциясындағы N 3 кәдеге жарату пунктін күрделі салудан кейін пайдалануға қабылдауды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қорғанысмині

2009 жылғы қазан

Талап етілмейді


9.

Қапшағай және Арыс қалаларындағы өндірістік учаскелерде кәдеге жарату өнімдерін сату жөнінде заңнамада белгіленген тәртіппен шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қорғанысмині

2009 жылғы қараша

Талап етілмейді


Қосымша: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қорғанысмині          - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
ІІМ                   - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Қоршағанортамині      - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
                        министрлігі
ИСМ                   - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
                        министрлігі
Қаржымині             - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҰҚК                   - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
                        комитеті
ТЖМ                   - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
                        министрлігі
РҰ                    - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы
Әділетмині            - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады