Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 317 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 шілдедегі N 1038 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 380 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.06 № 380 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 317 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасына:
      "Тұжырымдаманың негізгі бағыттары мен іске асыру тетіктері" деген 3-бөлімде:
      "Медицина және фармацевтика кадрларын даярлау құрылымдарын өзгерту" деген 5.1-параграфта:
      он жетінші абзацтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "медициналық-профилактикалық іс бакалавры академиялық дәрежесі беріле отырып "медициналық-профилактикалық іс" (5 жыл);";
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 2-жолдың 5-бағаны ", 2009 жылғы 2-тоқсан" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады