Дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, оларға "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының лицензиат сақтауға міндетті пруденциалдық нормативтер, қаржылық тұрақтылықтың өзге де көрсеткіштері мен өлшемдері (нормативтері) туралы нормалары қолданылмайтын заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 шілдедегі N 1064 Қаулысы

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының 49-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, оларға "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының лицензиат сақтауға міндетті пруденциалдық нормативтер, қаржылық тұрақтылықтың өзге де көрсеткіштері мен өлшемдері (нормативтері) туралы нормалары қолданылмайтын заңды тұлғалардың тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2009 жылғы 14 шілдедегі
N 1064 қаулысымен   
бекітілген       

Дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы
холдингке тиесілі, оларға "Бағалы қағаздар рыногы туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының лицензиат сақтауға міндетті
пруденциалдық нормативтер, қаржылық тұрақтылықтың өзге де
көрсеткіштері мен өлшемдері (нормативтері) туралы нормалары
қолданылмайтын заңды тұлғалардың тізбесі

Р/с
N

Ұйымның атауы

1

"Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамы

2

"Kazyna Capital Management" акционерлік қоғамы

3

"Қазпочта" акционерлік қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады