Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 шілдедегі N 1139 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.20 № 429 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 57, 551-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамында:
      мыналар енгізілсін:

Бишімбаев                  - Қазақстан Республикасы Президентінің
Қуандық Уәлиханұлы           көмекшісі (келісім бойынша);

Досқалиев                  - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Жақсылық Ақмырзаұлы          сақтау министрі;

Жақыпов                    - Қазақстан Республикасының Білім
Айдар Бексұлтанұлы           және ғылым вице-министрі;

Кармазина                  - Қазақстан Республикасының Экономика
Лена Мағауянқызы             және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;

Келімбетов                 - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат коры"
Қайрат Нематұлы              акционерлік қоғамының басқарма
                             төрағасы (келісім бойынша);

Әлімғазинова               - "ҚазАгроИнновация" акционерлік
Баян Шұрымбайқызы            қоғамының президенті (келісім бойынша);

      мына:

"Исекешев                  - Қазақстан Республикасы Президентінің
Әсет Өрентайұлы              көмекшісі (келісім бойынша);

Жантаев                    - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Жұмабек Шабденамұлы          ғарыш агенттігі "Астрофизикалық
                             зерттеулер орталығы" республикалық
                             мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры;

Әдекенов                   - Қазақстан Республикасы Білім және
Серғазы Мыңжасарұлы          ғылым министрлігінің Ғылым комитеті
                             "Фитохимия" ғылыми-өндірістік орталығы"
                             акционерлік қоғамының президенті;

Дробжев                    - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Виктор Иванович              агенттігінің "Астрофизикалық зерттеулер
                             орталығы" республикалық мемлекеттік
                             кәсіпорны  Ионосфера институтының
                             директоры;

Перуашев                   - "Атамекен" Одағы" ұлттық экономикалық
Азат Тұрлыбекұлы             палатасының басқарма төрағасы
                             (келісім бойынша)"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын

"Исекешев                  - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы              және сауда министрі,
                             төрағаның орынбасары;

Жантаев                    - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Жұмабек Шабденамұлы          ғарыш агенттігі "Ұлттық ғарыштық
                             зерттеулер және технологиялар орталығы"
                             акционерлік қоғамының президенті
                             (келісім бойынша);

Әдекенов                   - "Парасат" ұлттық ғылыми технологиялық
Серғазы Мыңжасарұлы          холдингі" акционерлік қоғамы
                             "Фитохимия" ғылыми-өндірістік орталығы"
                             акционерлік қоғамының президенті
                             (келісім бойынша);

Дробжев                    - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Виктор Иванович              ғарыш агенттігі "Ұлттық ғарыштық
                             зерттеулер және технологиялар орталығы"
                             акционерлік қоғамының "Ионосфера
                             институты" департаменті директорының
                             міндетін атқарушы (келісім бойынша);

Перуашев                   - "Атамекен" одағы" Қазақстанның ұлттық
Азат Тұрлыбекұлы             экономикалық палатасының төрағасы
                             (келісім бойынша)";

      көрсетілген комиссияның құрамынан Анатолий Григорьевич Дерновой, Владимир Сергеевич Школьник, Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев, Арман Ғалиасқарұлы Дунаев, Төлеутай Сатайұлы Рахымбеков, Марат Әпсеметұлы Құсайынов, Мұхтар Еркінұлы Жәкішев шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады