Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.20 № 429 Қаулысымен.

      Ғылым мен техника саласында бірыңғай саясатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрылсын.
      2. Мыналар бекітілсін:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже (1-қосымша);
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы (2-қосымша).
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
1999 жылғы 20 желтоқсандағы
N 1946 қаулысына    
1-қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
Ж оғары ғылыми-техникалық комиссия туралы
Ереже

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.05.13 № 411 Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі - ЖҒТК) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен мемлекеттік басымдықтарын жасауға жауапты консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. ЖҒТК-нi төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi (бұдан әрi - төраға) басқарады, оның ғылым және инновациялар саласындағы уәкiлеттi органдардың бiрiншi басшылары тұлғасындағы екi орынбасары болады.
      ЖҒТК-ның жеке құрамы мен ол туралы Ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      ЖҒТК Үкімет мүшелерінен, мемлекеттiк органдардың басшыларынан, жетекші ғалымдардан, білімнің түрлі салаларының мамандарынан, ұлттық компаниялар, iрi бизнес және үкiметтiк емес сектор өкілдерінен қалыптастырылады.
      ЖҒТК-нiң жанынан дүниежүзiне танымал отандық және шетелдiк ғалымдардан тұратын Халықаралық сараптамалық кеңес құрылады. Халықаралық сараптамалық кеңестiң ережесi мен құрамын төраға айқындайды.
      Комиссияның хатшысы комиссия отырысының күн тәртiбi жөнiнде ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындайды және ол өткiзiлгеннен кейiн хаттамалар ресiмдейдi.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.03.19 N 357, 2004.02.20 N 207, 2004.08.02 N 820, 2005.04.15 N 362, 2006.08.25 N 815, 2007.01.29 N 63 Қаулыларымен.
      3. ЖҒТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Ғылым туралы Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.02.20 N 207 Қаулысымен.

2. Негізгі міндеттері

      4. ЖҒТК-ның негізгі міндеттері:
      бірыңғай мемлекеттік ғылыми ғылыми-техникалық және инновациялық саясатты қалыптастыру, жетілдіру үшін талдау ақпараттарын жинақтау және ұсынымдар дайындау;
      іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен стратегияларын әзірлеу;
      елді әлеуметтік-экономикалық дамыту мүддесінде ғылымның жетістіктері мен жаңа технологияларды пайдалану жөнінде ұсынымдар жасау;
      мемлекеттік бағдарламалардың, заңдардың, тұжырымдамалардың жобасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      ғылыми-техникалық ұйымдардың желісін ұтқырландыру, маңызды өнеркәсіп объектілерін, оның ішінде шетелдің қатысуымен құру және қайта жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды және интеллектуалдық меншікті құқықтық қорғауды күшейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      Қазақстанның қорғаныс кешенін конверсиялау және оның ғылыми және материалдық-техникалық әлеуетін республиканың экономикасында тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      мемлекетаралық және халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың неғұрлым перспективалық және тиімді бағыттарын талдау және айқындау;
      жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауды және аттестациялауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың нысандары мен әдiстерi, мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асыру кезiнде ғылым, бiлiм беру, өндiрiс және қаржы-кредит салаларының өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
      ғылыми-техникалық саланы инвестициялау жүйесiн жетiлдiру, инновациялық жобалар мен бағдарламаларды iске асыру инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру үшiн мемлекеттiк ресурстарды тиiмдi пайдалану және сыртқы инвестицияларды тарту жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады.
      Халықаралық сараптамалық кеңестiң ұсынымдарын ескере отырып, елдiң ғылыми-техникалық даму басымдықтарын мақұлдау;
      мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптаманың ұсынымдарын ескере отырып, ғылыми-техникалық бағдарламаларды мақұлдау;
      Республикалық бюджет комиссиясына ғылыми-технологиялық бағдарламаларды қаржыландыру көлемі жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
      әрбiр үш жыл сайын Қазақстан Республикасының Президентiне елдiң ғылыми-технологиялық даму қорытындылары бойынша есеп дайындау.
      ЖҒТК үш жылда бiр рет:
      ғылыми-техникалық дамудағы әлемдiк трендтер және елдiң нақты бағыттар бойынша озық ғылыми зерттеулер жүргiзуге арналған әлеуеттi мүмкiндiктерi туралы Халықаралық сараптамалық кеңестi;
      орындалған ғылыми-технологиялық бағдарламалардың нәтижелерi туралы Бiлiм және ғылым министрлiгiн және басқа да салалық министрлiктердi;
      ғылыми қоғамдастықтың және үкiметтiк емес сектордың өкiлi ретiнде Ғылым туралы ұлттық баяндамасымен Ұлттық ғылым академиясын тыңдайды.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.12.20 N 1333, 2006.08.25 N 815 Қаулыларымен.
      4-1. ЖҒТК-нің Қазақстан Республикасының Президентіне елдің ғылыми-технологиялық даму қорытындылары бойынша есебі мынадай бөлімдерден тұруға тиіс:
      1. Кіріспе.
      2. Негізгі бөлік:
      1) елдің Ғылыми-техникалық дамуының басым бағыттары;
      2) іргелі зерттеулердің негізгі нәтижелері;
      3) қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберіндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың негізгі нәтижелері.
      3. Ұсынымдар.
      ЖҒТК-нің есебі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне әрбір үш жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі 15 наурызға дейін енгізіледі.
      Ескерту. Ереже 4-1-тармақпен толықтырылсын - ҚР Үкіметінің 2010.05.13 № 411 Қаулысымен.
      5. ЖҒТК-ның:
      Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асырудың мәселелері жөнінде; мемлекеттік инновациялық және өндірістік саясатты қалыптастыру проблемалары және өз құзыретіне жататын өзге де мәселелер жөнінде ұсыныс енгізуге;
      Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп беретін мемлекеттік органдардан қажетті материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға;
      ұлттық ғылыми және ғылыми-техникалық саясаттың мәселелері жөніндегі ұсыныстарды зерделеу және жасау үшін жұмыс топтарын құруға құқығы бар.
      ЖҒТК-ның төрағасы ЖҒТК қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды және қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды.
      6. ЖҒТК-ның шешімі хаттамамен ресімделеді.
      7. ЖҒТК-нiң қызметiн, оның iшiнде ЖҒТК-нiң жұмысына тартылатын шетелдiк және отандық ғалымдар мен сарапшылардың қызметтерiн қаржыландыру және оларды iссапарға жiберу осы мақсаттарға бөлiнетiн республикалық бюджет қаражатынан жүргiзiледi.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.08.25 N 815 Қаулысымен.
      8. ЖҒТК-мүшесінің:
      өзінің бастамашылығы бойынша ЖҒТК-ның қарауына ұсынымдар, ұсыныстар және тиісті шешімдердің жобаларын енгізуге;
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ЖҒТК қызметінің мәселелері бойынша іссапарларға баруға;
      ЖҒТК мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданған шешімдер бойынша ЖҒТК мәжілісінің хаттамасында көрсетілуі тиіс өзінің ерекше пікірін енгізуге құқығы бар.
      9. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.05.13 № 411 Қаулысымен.
      10. ЖҒТК-ның мәжілісі қажеттiлiгiне қарай, бiрақ кемiнде жарты жылда бiр рет өткiзiледi өткізедi.
      ЖҒТК-нің шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берген жағдайда қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетi Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның жұмыс органы болып анықталсын.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.12.20 N 1333, 2004.02.20 N 207, 2005.04.15 N 362, 2007.01.29 N 63, 2010.05.13 № 411 Қаулыларымен.

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
1999 жылғы 20 желтоқсандағы
N 1946 қаулысына     
2-қосымша        

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы
Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның
Құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.08.25 N 815, 2007.01.29 N 63, өзгерту енгізілді - 2007.12.28 N 1340, 2008.08.29 N 795, 2009.07.25 N 1139, 2010.05.13 № 411, 2011.02.22 N 168 Қаулыларымен.

Мәсiмов                    - Қазақстан Республикасының
Кәрiм Қажымқанұлы            Премьер-Министрi, төраға

Жұмағұлов                  - Қазақстан Республикасының Білім және
Бақытжан Тұрсынұлы           ғылым министрі, төрағаның орынбасары

Исекешев                   - Қазақстан Республикасы Премьер-
Әсет Өрентайұлы              Министрінің орынбасары - Қазақстан
                             Республикасының Индустрия және жаңа
                             технологиялар министрі, төрағаның
                             орынбасары

Шаяхметов                  - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Саят Болатұлы                министрлігі Ғылым комитеті төрағасының
                             орынбасары, хатшы

Айтжанова                  - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Жанар Сейдахметқызы          даму және сауда министрі

Жәмішев                    - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы            министрі

Күрішбаев                  - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы           шаруашылығы министрі

Жұмағалиев                 - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Асқар Қуанышұлы              ақпарат министрі

Есекеев                    - «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының
Қуанышбек Бақытбекұлы        басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Сұлтанов                   - Қазақстан Республикасының Парламенті
Қуаныш Сұлтанұлы             Сенатының депутаты, Халықаралық
                             қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік
                             комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

Сағадиев                   - Қазақстан Республикасының Парламенті
Кенжеғали Әбенұлы            Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Жантаев                    - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Жұмабек Шабденамұлы          ғарыш агенттігі "Ұлттық ғарыштық
                             зерттеулер және технологиялар орталығы"
                             акционерлік қоғамының президенті
                             (келісім бойынша)

Сүлейменов                 - "Қазақстан Республикасының Ұлттық
Ербол Зинаддинұлы            ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
                             акционерлік қоғамының президенті
                             (келісім бойынша)

Бектұрғанов                - "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық
Нұралы Сұлтанұлы             холдингі" акционерлік қоғамының
                             басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Перуашев                   - "Атамекен" одағы" Қазақстанның ұлттық
Азат Тұрлыбекұлы             экономикалық палатасының төрағасы
                             (келісім бойынша)

Әбдірайымов                - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Бақытжан Жарылқасымұлы       министрлігі Л.Н.Гумилев атындағы
                             Еуразия ұлттық университетінің ректоры

Жұмағұлов                  - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Бақытжан Тұрсынұлы           министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ
                             ұлттық университетінің ректоры

Жұрынов                    - "Қазақстан Республикасының Ұлттық
Мұрат Жұрынұлы               ғылым академиясы" қоғамдық
                             бiрлестiгiнiң президентi

Қадыржанов                 - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Қайрат Камалұлы              минералдық ресурстар министрлiгi
                             "Қазақстан Республикасының Ұлттық
                             ядролық орталығы" республикалық
                             мемлекеттiк кәсiпорнының бас директоры

Раманқұлов                 - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Ерлан Мiрхайдарұлы           министрлiгiнiң Ғылым комитетi
                             "Қазақстан Республикасының Ұлттық
                             биотехнология орталығы" республикалық
                             мемлекеттiк кәсiпорнының бас директоры

Әдекенов                   - «Парасат» ұлттық, ғылыми-технологиялық
Серғазы Мыңжасарұлы          холдингі» акционерлік қоғамы «Фитохимия»
                             халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі»
                             акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                             (келісім бойынша)

Қасқабасов                 - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Сейiт Асқарұлы               министрлiгiнiң Ғылым комитетi
                             М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
                             институтының директоры

Қайырбекова                - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Салидат Зекенқызы            сақтау министрі

Келімбетов                 - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
Қайрат Нематұлы              акционерлік қоғамының басқарма
                             төрағасы (келісім бойынша)

Кененбаев                  - «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының
Серік Барменбекұлы           президенті (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады