2009 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге дайындық және оны өткізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі N 1165 Қаулысы

      2009 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге дайындық және оны өткізу мақсатында, сондай-ақ "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2009 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен:
      1) әскери шеру өткізуге:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне 215 652 600 (екі жүз он бес миллион алты жүз елу екі мың алты жүз) теңге сомасында қаражат;
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне 6740000 (алты миллион жеті жүз қырық мың) теңге сомасында қаражат;
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне 7346941 (жеті миллион үш жүз қырық алты мың тоғыз жүз қырық бір) теңге сомасында қаражат;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 39 302 858 (отыз тоғыз миллион үш жүз екі мың сегіз жүз елу сегіз) теңге сомасында қаражат;
      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге 463074449 (төрт жүз алпыс үш миллион жетпіс төрт мың төрт жүз қырық тоғыз) теңге сомасында қаражат, оның ішінде:
      мерекелік концерт өткізуге 201674449 (екі жүз бір миллион алты жүз жетпіс төрт мың төрт жүз қырық тоғыз) теңге;
      Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге дайындық және оны өткізуге байланысты іс-шараларға Астана қаласының әкіміне ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде аудару үшін 261400000 (екі жүз алпыс бір миллион төрт жүз мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.25 № 2179 Қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.Н.Ахметовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 31 шілдедегі
N 1165 қаулысымен   
бекітілген       

2009 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы
күнін мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар
жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.10.23 N 1653 Қаулысымен

Р/с
N

Іс-шара

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

1. Ұйымдастыру-дайындық іс-шаралары

1.

Мерекелік іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеудің медиа-жоспарын өңірлеу және бекіту

1 тамыз

МАМ, "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі" АҚ (келісім бойынша)

2.

Қалалар мен елді мекендерді мерекелік безендіру (билбордтар, баннерлер, пилондар, тартпалар және т.б.)

15-30 тамыз

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

3.

Шақырылатын адамдардың құрамын қалыптастыру және келісу, Мемлекет басшысының қатысуымен Астана қаласында өтетін мерекелік іс-шараларға көрермендердің қатысуын қамтамасыз ету

25 тамызға дейін

Астана қаласының әкімі, МАМ, Астана қаласының әкімі

4.

Трибуналар мен көрермендердің орындарын дайындау, монтаждау және безендіру, сауданы және мерекелік іс-шараларды өткізу үшін белгіленген аумақтарды абаттандыруды ұйымдастыру

25-30 тамыз

Астана қаласының әкімі

5.

Астана қаласында және өңірлерде мерекелік іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету

28-30 тамыз

ІІМ

6.

Астана қаласында және өңірлерде мерекелік іс-шаралар өткізілетін орындарда медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру

28-30 тамыз

ДСМ

7.

Астана қаласында және өңірлерде мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету

28-30 тамыз

ТЖМ

8.

Астана қаласында өткізілетін мерекелік іс-шараларға қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдерін аккредиттеу

25 тамыз

Президенттің Баспасөз қызметі (келісім бойынша), МАМ, СІМ

9.

Республикалық телеарналар эфирінде мерекелік іс-шараларды тікелей трансляциялауды қамтамасыз ету

30 тамыз

МАМ, "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі" АҚ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімі

2. Әскери шеруді ұйымдастыру және өткізу

10.

"Қазақ елі" монументі алдындағы алаңда әскери шеру өткізу сценарийін әзірлеу және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне келісуге енгізу

1 тамыз

Қорғанысмині

11.

Әскери шеруге арналған әскери техника тізбесін бекіту

10 тамыз

Қорғанысмині

12.

Шеру кезінде көрсету үшін әскери техниканы техникалық байқау және дайындау

15 тамыз

Қорғанысмині

13.

Әскери шеруге дайындық: жеке құрамды, қару-жарақ пен техниканы тасымалдау; орналастыру және тамақтандыру; шеруге қатысушыларға салтанатты киімдерді жеке тігу

20 шілде - 30 тамыз

Қорғанысмині, ІІМ ТЖМ, ҰҚК (келісім бойынша), РҰ (келісім бойынша)

14.

Әскери шеруді сүйемелдеу үшін дыбыс жабдығын орнату

28 тамыз

Қорғанысмині, Астана қаласының әкімі

15.

Әскери шеру жаттығуларын ұйымдастыру және өткізу

20 шілде - 28 тамыз

Қорғанысмині, ІІМ, ТЖМ, ҰҚК (келісім бойынша), РҰ (келісім бойынша)

16.

Әскери шерудің бас дайындығын өткізу

28 тамыз

Қорғанысмині, ІІМ, ТЖМ, РҰ (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша)

17.

Әскери шеру өткізу

30 тамыз

Қорғанысмині, ІІМ, ТЖМ, РҰ (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша)

3. Астана қаласында мерекелік концертті ұйымдастыру және өткізу

18.

Сценарийлік және режиссерлік-қоюшы топтың құрамын бекіту

1 тамыз

МАМ

19.

Мерекелік концерт бағдарламасын дайындау және бекіту

10 тамыз

МАМ

20.

Артистердің, шығармашылық ұжымдардың, жүргізушілердің және мерекелік концерттің басқа да қатысушыларының құрамын анықтау

10 тамыз

МАМ

21.

Сахна эскиздерін әзірлеу және бекіту

10 тамыз

МАМ

22.

Декорацияларды дайындау, костюмдер тігу

15 тамыз

МАМ

23.

Сахнаны монтаждау және безендіру

24-30 тамыз

МАМ, Астана қаласының әкімі

24.

Мерекелік концертке дайындық және оны өткізу кезінде "Бейбітшілік және келісім сарайы" ғимаратының техникалық қызметтерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету

25-30 тамыз

Астана қаласының әкімі

25.

Жарық және дыбыс жабдықтарын орнату

24-30 тамыз

МАМ

26.

Мерекелік концертке қатысушылардың орналастыруды және тамақтандыруды ұйымдастыру

24-30 тамыз

МАМ, Астана қаласының әкімі

27.

Мерекелік концерттің бас дайындығын өткізу

28 тамыз

МАМ

28.

Мерекелік концертті тапсыру

29 тамыз

МАМ

29.

Мерекелік концертті өткізу

30 тамыз

МАМ

30.

Мерекелік отшашуды ұйымдастыру

30 тамыз

Астана қаласының әкімі

4. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруы және өткізуі

31.

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған шерулер, салтанатты жиналыстар, концерттер, спорттық жарыстар және басқа да мерекелік іс-шаралар өткізуді көздейтін өңірлік жоспарларды бекіту және іске асыру

25-30 тамыз

Облыстардың және Алматы қаласының әкімдері

32.

Алматы қаласы мен облыс орталықтарының орталық алаңдарында дисплейлер (мониторлар) орната отырып, Астана қаласында өткізілетін мерекелік іс-шараларды тікелей трансляциялауды қамтамасыз ету

30 тамыз

Облыстардың және Алматы қаласының әкімдері, "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі" АҚ (келісім бойынша)

33.

Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін іске асыруға елеулі үлес қосқан азаматтарды құрметтеу және көтермелеу

20-30 тамыз

Орталық және жергілікті атқарушы органдар

34.

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні 16 жасқа толатын жас азаматтарға төлқұжаттар, Негізгі Заңның мәтіндерін табыс етуді ұйымдастыру

тамыз бойы

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

35.

Мемлекеттік қызметке жаңадан орналасқан мемлекеттік қызметшілердің салтанатты ант қабылдауы

20-30 тамыз

Орталық және жергілікті атқарушы органдар

36.

Әскери бөлімдер мен бөлімшелерде жауынгерлік және жаттығу дайындықтарында ерекше көзге түскендерді көтермелей отырып, салтанатты сап түзеу өткізу

20-30 тамыз

Қорғанысмині

37.

Таяу және алыс шет елдердегі Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орайластырылған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

10-30 тамыз

СІМ

38.

Мұрағаттарда, мұражайларда және кітапханаларда Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған тақырыптық көрмелер мен экспозициялар өткізу

тамыз-қыркүйек

Орталық және жергілікті атқарушы органдар

39.

Қазақстан Республикасындағы конституциялық құрылыс мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференциялар, "дөңгелек үстелдер" отырыстарын, "тамыз оқуларын" өткізу

тамыз-қыркүйек

Орталық және жергілікті атқарушы органдар

40.

Жалпы білім беру мектептерінде:
- Қазақстан Республикасының Конституцисы күніне арналған алғашқы қоңырау және алғашқы сабақ;
- жұмыстың жаңа түрлері мен әдістерін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін зерделеу және насихаттау;
- Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған арнайы стенділерді, сөрелерді, бұрыштарды безендіру;
- Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған конференциялар, шығармалар конкурстарын, сынып сағаттарын өткізу

29 тамыз - 20 қыркүйек

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

41.

Жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған ең үздік ғылыми жұмысқа конкурстар өткізу

қыркүйек

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

БҒМ          - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ДСМ          - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
МАМ          - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
               министрлігі
РҰ           - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы
СІМ          - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ТЖМ          - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ҰҚК          - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік министрлігі
ІІМ          - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
БАҚ          - бұқаралық ақпарат құралдары
АҚ           - акционерлік қоғам

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады