Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2009 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге дайындық және оны өткізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі N 1165 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2009 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
"Әскери шеруді ұйымдастыру және өткізу" деген 2-бөлімде:
3-бағанда:
реттік нөмірі 13-жолдағы "1-30 тамыз" деген сөздер "20 шілде-30 тамыз" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 15-жолдағы "1-28 тамыз" деген сөздер "20 шілде-28 тамыз" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов