"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 18-бабына сәйкес ішкі нарықты қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған әкелуге қатысты көлемдердегі сандық шектеулер енгізілетін тауарлардың тізбесі бекітілсін.
2. Тек одан әрі өңдеу мақсатында әкелінетін қантқа арналған квота осы қаулыға қосымшаға сәйкес қант өңдеушілер болып табылатын заңды тұлғалар арасында бөлінсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті заңды тұлғалардың қантты осы қаулыға қосымшада көрсетілген көлемде әкелуін бақылауды қамтамасыз етсін және тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күні Ауыл шаруашылығы, Индустрия және сауда министрліктеріне қант әкелудің нақты көлемі туралы ақпарат берсін.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігімен бірлесіп:
1) осы қаулыға қосымшада көрсетілген заңды тұлғалармен Қантты мақсатты пайдалану және олардың ай сайынғы негізде қантты әкелу және пайдалану көлемі туралы, қант пайдаланылатын тауарларды өндірудің нақты көлемдері туралы ақпарат беруі туралы меморандум жасассын;
2) осы қаулыға қосымшада көрсетілген заңды тұлғалар әкелінген қантты мақсатсыз пайдаланған кезде, Қазақстан Республикасының Үкіметіне бөлінген квотаның көлемін қайта қарау туралы ұсыныс енгізсін.
5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
6. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 6 тамыздағы
N 1186 қаулысымен
бекітілген
Әкелуге қатысты сандық шектеулер енгізілетін тауарлардың
тізбесі
ҚР СЭҚ ТН коды |
Тауардың атауы |
Көлемі (тоннамен) |
Қолданылу мерзімі |
1701 99 100 |
_____ақ қант |
54 422,8 |
2010 жылғы 1 сәуірге дейін |
1701 99 900 |
_____басқалары |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 6 тамыздағы
N 1186 қаулысына
қосымша
Р/с |
Заңды тұлғалардың атауы |
Квота көлемі, тонна |
1 |
2 |
3 |
1. |
"Рахат" акционерлік қоғамы |
14 320,0 |
2. |
"Баян Сұлу" акционерлік қоғамы |
8 190,0 |
3. |
"Карағанды конфеттері" акционерлік қоғамы |
3 200,0 |
4. |
"Волна" Ақтау кондитер фабрикасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
589,0 |
5. |
"Ақтөбе кондитер фабрикасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
1 454,0 |
6. |
"Шаныбек" Орал кондитер фабрикасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
1 200,0 |
7. |
"Восток Кондитер" комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
308,0 |
8. |
"Магнитка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
375,0 |
9. |
"RG Brands Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
6 876,0 |
10. |
"Кока-кола Алматы боттлерс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
5 036,2 |
11. |
"ДальПродукт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
3 000,0 |
12. |
"Арасан" фирмасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
636,5 |
13. |
"Raimbek bottlers" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
2 920,0 |
14. |
"Рауан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
1 350,0 |
15. |
"Қарағанды-нан корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
436,0 |
16. |
"Голд Продукт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
280,0 |
17. |
"Дәнегүл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
207,0 |
18. |
"Евразиан Фудс" акционерлік қоғамы |
216,4 |
19. |
"Евразиан Фудс Корпорейшн" акционерлік Қоғамы |
171,9 |
20. |
"Бидай НАН ЛТД және Со" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
68,0 |
21. |
"Астрон" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
574,2 |
22. |
"Фуд Мастер" акционерлік қоғамы |
595,0 |
23. |
"Эфес Қарағанды сыра қайнату зауыты" ШК АҚ |
2 000,0 |
24. |
"Дастарал" ЖШС |
419,6 |
Жиыны: |
54 422,3 |
Ескертпе:
заңды тұлғалар үшін бөлінген квоталардың көрсетілген көлемі тек одан әрі өңдеу мақсатында көзделеді.