Қазақстан Республикасының халқын құжаттандырудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы N 1260 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.07.2013 № 684 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған электрондық ақпарат жеткізгіштері бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ыхтиярхатының үлгілері (сипаттамасы) бекітілсін.
      2. Осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліктері мен Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ыхтиярхаты олардың қолданылу мерзімдері аяқталғанға дейін жарамды деп саналсын.
      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттерді Қазақстан Республикасында электрондық ақпарат жеткізгіштері бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ықтиярхаты енгізілгені, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліктері мен Қазақстан Республикасында шетелдіктердің тұру ыхтиярхаттары олардың қолданылу мерзімдері аяқталғанға дейін жарамды екендігі туралы хабардар етуді қамтамасыз етсін.
      4. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 29, 359-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесінде:
      кіріспенің екінші абзацындағы "Конституцияның, "Азаматтық туралы", "Халықтың көші-қоны туралы" және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің "Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" заң күші бар Жарлығының" деген сөздер " Қазақстан Республикасы Конституциясының , " Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы ", " Халықтың көші-қоны туралы ", " Тұрғын үй қатынастары туралы ", " Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы ", " Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы " Қазақстан Республикасы Заңдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бүкіл мәтін бойынша "шетел азаматтары", "шетел азаматтарына", "шетел азаматының", "шетел азаматтарының" деген сөздер "шетелдіктер", "шетелдіктерге", "шетелдіктің", "шетелдіктердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақта:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы азаматының паспортына мынадай жазулар мен белгілер енгізіледі:";
      тоғызыншы абзацтағы бірінші сөйлем алып тасталсын;
      6-тармақта:
      бірінші абзац мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі он жыл мерзімге беріледі.";
      екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші абзацтар алып тасталсын;
      8-тармақта:
      бірінші абзацта "оның азаматы болып табылатын ел төлқұжатының қолданылу мерзіміне" деген сөздер "он жылға қолданылу мерзімімен, бірақ оның азаматы болып табылатын ел паспортының қолданылу мерзімінен артық емес мерзімге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы екінші сөйлем алып тасталсын;
      төртінші абзацта "Азаматтығы жоқ адамның қоныстану ықтиярхаты мен" деген сөздер "Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ыхтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20-тармақта "тұратын жері бойынша", "дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдық мекемесіне" деген сөздер "тұрақты тұратын (тіркелген) жері бойынша", "шет елдердегі мекемелеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      25-тармақта:
      бірінші абзацта:
      "Қазақстан Республикасының азаматтарына" деген сөздердің алдынан "жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші сөйлем алып тасталсын;
      екінші абзац алып тасталсын;
      үшінші абзацта "шетелдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері" деген сөздермен ауыстырылсын.
      5. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ықтиярхатының үлгісін (сипаттамасын) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 23 қаңтардағы N 87 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 16, 29-құжат);
      2) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 22 сәуірдегі N 429 қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 23 қаңтардағы N 87 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 қарашадағы N 1394 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 39, 493-құжат);
      3) "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 1235 қаулысының 4-тармағының 1) тармақшасы .
      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 27 тамыздағы
N 1260 қаулысымен  
бекітілген      

Қазақстан Республикасы азаматының электрондық ақпарат жеткізгіштері бар жеке куәлігінің үлгісі (сипаттамасы)

      1. Қазақстан Республикасы азаматының электрондық ақпарат жеткізгіштері бар жеке куәлігі машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес дайындалады.
      2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі тозбайтын көп қабатты материалдан әзірленген, көлемі 85,72x54,03 мм доғал бұрышты смарт-картаны білдіреді.
      3. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінде жеке куәліктің иесі туралы электрондық ақпарат жеткізгіші ретінде пайдаланылатын микросхема (байланысты және байланыссыз интерфейстері бар чип) орналасқан.
      Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада қорғалған түрде Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің иесі туралы, оның ішінде оның заңды мекен-жайы туралы графикалық және мәтіндік ақпарат, оның фотобейнесі және қолы сақталады.
      Микросхеманың байланысты бөлігі Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің келесі бетіне орналасқан. Микросхеманың антеннасы бар байланыссыз бөлігі Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің ішіне орналасқан.
      4.Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің беткі жағында жеке куәлік иесінің фотобейнесі, қолы және мынадай дербес деректері: тегі, аты, әкесінің аты, туған кезі және жеке сәйкестендіру нөмірі орналасқан.
      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің беткі жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және мемлекеттік және орыс тілдерінде мынадай жазулар орналасқан:
      "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
      РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН
      ЖЕКЕ КУӘЛІК
      УДОСТОВЕРЕНИЕ ЛИЧНОСТИ
      ТЕГІ/ФАМИЛИЯ
      АТЫ/ИМЯ
      ӘКЕСІНІҢ АТЫ/ОТЧЕСТВО
      ТУҒАН КЕЗІ/ДАТА РОЖДЕНИЯ
      ЖСН/ИИН
      ҚОЛЫ/ПОДПИСЬ".
      5. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің сыртқы жағында микросхеманың байланысты бөлігі, жеке куәлік иесінің туған жері және ұлты туралы дербес деректері, сондай-ақ жеке куәлікті берген мекеме, берілген кезі және қолданылу мерзімі туралы мәліметтер орналасқан. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінде ұлты жеке куәлік иесінің қалауы бойынша көрсетіледі.
      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің сыртқы жағы мынадай екі бөліктен тұрады:
      жоғарғы бөлігі - көзбен көру аймағы, онда микросхеманың байланысты бөлігі мен мемлекеттік және орыс тілдерінде мынадай жазулар орналасқан:
      "ТУҒАН ЖЕРІ/МЕСТО РОЖДЕНИЯ
      ҰЛТЫ/НАЦИОНАЛЬНОСТЬ
      БЕРГЕН МЕКЕМЕ/ОРГАН ВЫДАЧИ
      БЕРІЛГЕН КЕЗІ - ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ/ДАТА ВЫДАЧИ - СРОК ДЕЙСТВИЯ";
      төменгі бөлігі - машинамен оқылатын аймақ, онда машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес осы құжаттағы негізгі ақпарат қамтылған әріптер мен цифрлардың комбинациясынан тұратын машинамен оқылатын жазу орналасқан.
      6. Жеке сәйкестендіру нөмірінің штрих-коды және тоғыз цифрлық нышандардан тұратын Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің нөмірі жеке куәліктің сыртқы жағындағы жоғарғы бөлігінде оны әзірлеу үдерісінде қайта басылады.
      7. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінде жазудың сақталуын арттыруға немесе жеке куәлігін және онда жазылған жазуларды қолдан жасаудан қорғауға арналған арнайы әзірленген элементтер қолданылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 27 тамыздағы
N 1260 қаулысымен   
бекітілген     

Электрондық ақпарат жеткізгіштері бар Қазақстан Республикасында
шетелдіктің тұру ыхтиярхатының үлгісі (сипаттамасы)

      1. Электрондық ақпарат жеткізгіштері бар Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ыхтиярхаты машинамен оқылатын құжаттарға қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес дайындалады.
      2. Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ыхтиярхаты көлемі 85,72x54,03 мм доғал бұрышты, тозбайтын көпқабатты материалдан әзірленген смарт-картаны білдіреді.
      3. Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ыхтиярхатында тұру ыхтиярхатының иесі туралы электрондық ақпарат жеткізгіш ретінде пайдаланылатын микросхема (байланысты және байланыссыз интерфейстері бар чип) орналасқан.
      Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада қорғалған түрде Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ыхтиярхатының иесі туралы, оның ішінде оның заңды мекен-жайы туралы графикалық және мәтіндік ақпарат, оның фотобейнесі және қолы сақталады.
      Микросхеманың байланысты бөлігі Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ыхтиярхатының келесі бетіне орналасқан. Микросхеманың антеннасы бар байланыссыз бөлігі Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ыхтиярхатының ішіне орналасқан.
      4. Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ыхтиярхатының беткі жағында фотобейнесі, қолы және тұру ыхтиярхаты иесінің мынадай дербес деректері: тегі, аты, әкесінің аты, туған кезі және жеке сәйкестендіру нөмірі орналасқан.
      Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ыхтиярхатының беткі жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және мемлекеттік және орыс тілдерінде мынадай жазулар орналасқан:
      "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
      РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН
      ШЕТЕЛДІКТІҢ ТҰРУ ЫҚТИЯРХАТЫ
      ВИД НА ЖИТЕЛЬСТВО ИНОСТРАНЦА
      ТЕГІ/ ФАМИЛИЯ
      АТЫ/ИМЯ
      ӘКЕСІНІҢ АТЫ/ОТЧЕСТВО
      ТУҒАН КЕЗІ/ДАТА РОЖДЕНИЯ
      ЖСН/ИИН
      ҚОЛЫ/ПОДПИСЬ".
      5. Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ыхтиярхатының сыртқы жағында микросхеманың байланысты бөлігі, тұру ыхтиярхаты иесінің туған жері және азаматтығы туралы дербес деректері, сондай-ақ тұру ықтиярхатын берген мекеме, берілген кезі және қолданылу мерзімі туралы мәліметтер орналасқан.
      Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ыхтиярхатының сыртқы жағы мынадай екі бөліктен тұрады:
      жоғарғы бөлігі - көзбен көру аймағы, онда микросхеманың байланысты бөлігі мен мемлекеттік және орыс тілдерінде мынадай жазулар орналасқан:
      "ТУҒАН ЖЕРІ/МЕСТО РОЖДЕНИЯ
      АЗАМАТТЫҒЫ/ГРАЖДАНСТВО
      БЕРГЕН МЕКЕМЕ/ОРГАН ВЫДАЧИ
      БЕРІЛГЕН КЕЗІ - ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ/ДАТА ВЫДАЧИ - СРОК ДЕЙСТВИЯ";
      төменгі бөлігі - машинамен оқылатын аймақ, онда машинамен оқылатын құжаттарға қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес осы құжаттағы негізгі ақпарат қамтылған әріптер мен цифрлардың комбинациясынан тұратын машинамен оқылатын жазу орналасқан.
      6. Жеке сәйкестендіру нөмірінің штрих-коды және тоғыз цифрлық нышандардан тұратын Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ыхтиярхатының нөмірі тұру ыхтиярхатының сыртқы жағындағы жоғарғы бөлігінде оны әзірлеу үдерісінде қайта басылады.
      7. Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ыхтиярхатында жазудың сақталуын арттыруға немесе тұру ыхтиярхатын және онда жазылған жазуларды қолдан жасаудан қорғауға арналған арнайы әзірленген элементтер қолданылуы мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады