"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 тамыздағы N 1268 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

      Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық  Кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат;  N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат;  N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 21-22, 87-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 4, 24, 25-құжаттар; N 8, 45-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 3, 21-құжат; N 4, 28-құжат; N 5-6, 37-құжат; N 8, 52-құжат; N 9, 67-құжат; N 12, 88-құжат; 2009 ж., N 2-3, 16-құжат; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 31 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 30 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 825-1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "10-1) сақтанушыға немесе сақтандырылушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін жетіспейтін қажетті құжаттар туралы хабарлау мерзімі;";
      2) 826-баптың 1-тармағында:
      5) тармақша "сақтандыру сомасы" деген сөздерден кейін "(аннуитеттік сақтандыру шарттарын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "11-1) сақтанушыға немесе сақтандырылушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін жетіспейтін қажетті құжаттар туралы хабарлау мерзімі;";
      3) 826-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жинақтаушы сақтандыру шартында белгіленген мерзімде сақтандыру жарнасын алмаған сақтандырушы (біріншіні қоспағанда) сақтанушыға сақтандыру жарнасын төлеу қажеттігі туралы хабарлауға міндетті.";
      4) 828-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "міндетті" деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) сақтанушы (сақтандырылушы) немесе зардап шегуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері сақтандыру төлемін жүзеге асыруға қажетті барлық құжаттарды бермеген жағдайда, оларға ерікті сақтандыру шартында немесе Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері бойынша заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде жетіспейтін құжаттар туралы хабарлауға міндетті.";
      5) 841-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінің 7) тармақшасы алып тасталсын;
      6) 842-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "842-бап. Сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатудың зардабы
      1. Жинақтаушы емес сақтандыру шарты осы Кодекстің 841-бабының 1-тармағында көзделген мән-жайлар бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының осы сақтандыру қолданылған уақытқа теңбе-тең бөлігіне құқығы бар. Сақтандырушыны таратқан кезде сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) қайтару Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес жүзеге асырылады.
      Жинақтаушы сақтандыру шарты осы Кодекстің 841-бабының 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жағдай бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылғанда сатып алу сомасы тек шартта белгіленген мөлшерде және Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес қайтарылуға тиіс.
      2. Сақтанушы шарттан бас тартқан кезде (осы Кодекстің 841-бабының 2-тармағы), егер ол осы Кодекстің 841-бабының 1 және 1-1-тармақтарында көрсетілген мән-жайлармен байланыста болмаса, егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақысы не сақтандыру жарналары қайтарылмайды.
      3. Сақтандыру шартының мерзімінен бұрын тоқтатылуы шарт талаптарының сақтандырушының кінәсіне байланысты орындалмауынан болған жағдайда, соңғысы сақтанушы төлеген сақтандыру сыйлықақысын не сақтандыру жарналарын оған толық қайтаруға міндетті.".
      2. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 85-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; 2005 ж., N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 25-құжат; N 8, 45-құжат; N 13, 85-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28, 33-құжаттар; N 8, 52-құжат; N 18, 145-құжат; 2008 ж., N 17-18, 72-құжат; N 20, 88-құжат; 2009 ж., N 2-3, 18-құжат; 2009 жылғы 31 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 30 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 3-бап:
      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
      "аджастер - функциясына сақтандыру төлемі бойынша өтінішті қарау және сақтандыру жағдайынан болған залалды бағалау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері;
      андеррайтер - функциясына сақтандыруға қабылданған сақтандыру тәуекелдерін бағалау және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының талаптарын айқындау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері;";
      бесінші абзацтағы "дауыс беретін" деген сөздерден кейін "(артықшылық берілгендерін шегергендегі)" деген сөздермен толықтырылсын;
      жиырма бірінші абзацта:
      "жүзеге асыратын" деген сөздерден кейін "сақтандыру агенттерінің тізіліміне енген" деген сөздермен толықтырылсын;
      "берілген өкілеттіктеріне сәйкес" деген сөздерден кейін "осы Заңның талаптарын ескере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтармен толықтырылсын:
      "сақтандыру бойынша деректер базасы - сақтанушы, сақтандырылушы, сақтандырушы және пайда алушы туралы ақпараттың жиынтығы;
      сақтандыру есебі - сақтандыру бойынша деректер базасына ақпаратты толық немесе ішінара беру нысаны;";
      жиырма төртінші абзацта:
      "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының" деген сөздерден кейін ", сақтандыру холдингінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірлескен ірі қатысушысы" деген сөздерден кейін ", сақтандыру холдингі" деген сөздермен толықтырылсын;
      жиырма бесінші абзацтағы "дауыс беретін" деген сөздерден кейін "(артықшылық берілгендерін шегергендегі)" деген сөздермен толықтырылсын;
      жиырма алтыншы абзацтағы "ұйымы" деген сөз "ұйымының дауыс беретін (артықшылық берілгендерін шегергендегі)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы отыз төртінші - қырық тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "сақтандыру тәуекелі - сақтандыру жағдайының басталу ықтималы;
      сақтандыру тобы - банктік конгломерат болып табылмайтын, бас ұйымнан және оның еншілес ұйымдарынан, сондай-ақ бас ұйымның және (немесе) оның еншілес ұйымдарының капиталда қомақты қатысуы бар ұйымдарынан тұратын және мына талаптардың біреуіне сәйкес келетін заңды тұлғалар тобы:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бас ұйым болып табылады немесе еншілес ұйымдарының бірі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылады;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бас ұйым болып табылмайды, бірақ топтың қызметі негізінен сақтандыру секторына шоғырландырылған, яғни топтың жиынтық активтеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жиынтық активтерінің қатынасы қырық және одан да көп процентті құрайды;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бас ұйым болып табылмайды, бірақ топта бір сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және өзге қаржы ұйымы бар.
      Егер құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін заңды тұлғалар тобында бас ұйым ұлттық басқарушы холдинг болып табылса, онда сақтандыру тобы мыналар болып танылады:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бас ұйымы болып табылатын сақтандыру холдингі;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бас ұйымы болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдары;
      капиталында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бас ұйымы болып табылатын сақтандыру холдингінің қомақты үлесі бар ұйымдар.
      Егер заңды тұлғалар тобында бас ұйым - Қазақстан Республикасының резиденті емес - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болса, онда сақтандыру тобы болып Қазақстан Республикасының резиденті - еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және оның еншілес ұйымдары, сондай-ақ капиталында еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және оның еншілес ұйымдарының қомақты үлесі бар ұйым танылады;
      сақтандыру холдингі - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылық берілгендерін шегергендегі) акцияларының жиырма бес немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иелене алатын немесе:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылық берілгендерін шегергендегі) акцияларының жиырма бес немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беру;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерді шартқа орай не өзгеше түрде анықтау немесе бақылау жасау мүмкіндігіне ие заңды тұлға (осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда);
      сюрвейер - функциясына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру объектісін алдын ала тексеріп қарау мен бағалау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері не ақылы қызмет көрсету шартына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қызмет көрсететін заңды тұлға;
      тәуелсіз актуарий - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері немесе аффилиирленген тұлғасы болып табылмайтын және уәкілетті органның актуарлық қызметке беретін лицензиясы бар немесе тізбесі мен оларға қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілеген актуарийлер қауымдастығының мүшесі болып табылатын тұлға.";
      2) 5-1-бапта:
      2-тармақ "шарттарын жасасуға" деген сөздерден кейін "және орындауға" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға мыналарға:
      1) жеке және Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларынан Қазақстан Республикасының резиденті еместері пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) төлеуге;
      2) сақтандыру шарттары бойынша жеке және Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының пайдасына Қазақстан Республикасының резиденттері емесінен алынатын сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға байланысты осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға тыйым салынады.";
      3) 6-бапта:
      2-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) сақтандырушының кірісіне сақтанушының қатысумен өмірді сақтандыру;
      4) инвестицияларға қатысты өмірді сақтандыру.";
      3-тармақ:
      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "15-1) осы тармақтың 13), 14), 15) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының шығындарын сақтандыру;";
      мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
      "18) титулдық сақтандыру.";
      4) 7-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Аннуитеттік әлеуметтік сақтандыру міндетті сақтандыру түрлері бойынша және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамалық актілерде көзделген талаптарға сәйкес зейнетақы немесе рента түрінде кезең-кезеңімен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жинақтаушы сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.";
      2-1-тармақ алып тасталсын;
      2-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-2. Сақтандырушының пайдасына сақтанушының қатысуымен өмірді сақтандыру сақтандырушының табысына сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) қатысуы талап етіле отырып, сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі аяқталғанға дейін не сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайларда, белгіленген сомада сақтандыру төлемін немесе рента түрінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін жинақтаушы сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.";
      мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын:
      "2-3. Инвестицияларға қатысты өмірді сақтандыру сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) сақтандыру ұйымының инвестицияларына қатысуын көздейтін жинақтаушы сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді. Сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) инвестицияларға қатысу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.";
      мынадай мазмұндағы 16 және 17-тармақтармен толықтырылсын:
      "16. Қаржы ұйымдарының залалын сақтандыру осы Заңның 6-бабының 3-тармағының 13), 14, 15) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымының қаржылық қызмет көрсету нәтижесіндегі залалдарын ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
      17. Титулдық сақтандыру мүлікке меншік құқығын жоғалтқан жағдайда, сақтанушының мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.";
      5) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "10-бап. Сақтандыру нарығына қатысушылар
      Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығына қатысушылар мыналар болып табылады:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;
      2) сақтандыру брокері;
      3) сақтандыру агенті;
      4) сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;
      5) актуарий;
      6) тәуелсіз актуарий;
      7) тәуелсіз бағалаушы;
      8) андеррайтер;
      9) аджастер;
      10) сюрвейер;
      11) кәсіби қатысушылардың бірлестігі;
      12) сақтандыруға байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де жеке және заңды тұлғалар.";
      6) мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2, 10-3-баптармен толықтырылсын:
      "10-1-бап. Кәсіби қатысушылардың бірлестігі
      1. Сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылар сақтандыру нарығында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру нарығына қатысушылардың кемінде жетпіс проценті қатысқан жағдайда кәсіби қатысушылар бірлестігін құруға құқылы.
      2. Кәсіби қатысушылар бірлестігі - қызметі өз мүшелерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етумен және кәсіби қызметті жүзеге асырудың жалпы талаптарын құрумен сипатталатын, сондай-ақ басқа да ортақ міндеттерді шешу үшін қауымдастық (одақ) нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым.
      10-2-бап. Кәсіби қатысушылар бірлестігінің функциялары
      1. Кәсіби қатысушылар бірлестігінің функциялары мыналар болып табылады:
      1) сақтандыру нарығында өз қызметін жүзеге асыру кезінде өз мүшелерінің өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету;
      2) мүшелердің міндетті сақтауы үшін кәсіби қызметтің ережелері мен стандарттарын әзірлеу;
      3) сақтандыру нарығына қатысушыларды оқытуды өткізу;
      4) кәсіби қатысушылардың бірлестіктері мүшелерінің арасында туындайтын дауларды қарау;
      5) өз мүшелерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
      6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері бойынша заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды бұзған жағдайда, өзінің мүшесіне қатысты шектеулі ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы өтінішті уәкілетті органға жіберу;
      7) бірлестіктің құрылтай құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      2. Кәсіби қатысушылар бірлестігі өзінің мүшелері қызметінің мәселелері бойынша уәкілетті орган беретін ақпаратты өзінің мүшелеріне мәлімет үшін жеткізуге міндетті.
      10-3-бап. Кәсіби қатысушылар бірлестігінің ішкі құжаттары
      Кәсіби қатысушылар бірлестігінің ішкі құжаттары:
      1) сақтандыру нарығында қызмет ету ережесі мен стандарттары;
      2) кәсіби этика ережелері;
      3) дауларды шешу ережелері;
      4) кәсіби қатысушылар бірлестігінің мүшелігіне қабылдау және
құрамынан шығару тәртібін регламенттейтін ережелер;
      5) кәсіби қатысушылар бірлестігінің жарғысында көзделген өзге де құжаттар мен ережелер.
      Ішкі құжаттар кәсіби қатысушылар бірлестігі мүшелерінің жалпы жиналысында бекітіледі және жалпы жиналыста белгіленген күнінен бастап оның мүшелері үшін міндетті болады.";
      7) 11-баптың 4-тармағында:
      бірінші бөлігі:
      "сақтандыру ұйымдары" деген сөздерден кейін "мәжбүрлеп" деген сөзбен толықтырылсын;
      "кепілдік беретін қор" деген сөздерден кейін "(бұдан әрі - қор)" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Заңда және Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері бойынша заңнамалық актілерінде сақтандыру ұйымдарының қорға міндетті қатысуы көзделуі мүмкін.";
      8) 11-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "11-1-бап. Сақтандыру қызметін жүзеге асырудың жалпы талаптары
      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметін (қайта сақтандыру жөніндегі қызметті) жүзеге асыру құқығына лицензиясы, сақтандыруды белгілі бір түрі бойынша жүзеге асырудың жалпы талаптарын айқындайтын сақтандыру ережелері және ішкі ережелер болғанда ғана сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы.
      Өзара сақтандыру қоғамы Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісінде белгіленген жағдайларда сақтандыру қызметін лицензиясыз жүзеге асыруға құқылы.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі ережелері:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бөлімшелерінің құрылымын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін;
      2) ішкі аудит қызметінің және басқа да тұрақты жұмыс істейтін
органдардың құрылымын, мүшелерінің санын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының техникалық (сақтандыру), инвестициялық, кредиттік, операциялық, нарықтық және басқа да тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатын ашып көрсететін тәуекелдерді басқару жүйесін;
      4) құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттерін;
      5) оның атынан және оның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кездегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің өкілеттіктерін;
      6) сақтанушылардың (сақтандырылушылардың), зардап шегушінің (пайда алушылардың) және олардың өкілдерінің жазбаша және ауызша өтініштерін, сондай-ақ сақтандыру жағдайлары мәселелері бойынша келіп түсетін өтініштер мен құжаттарды тіркеу тәртібін;
      7) сақтандыру жағдайларының мәселелері жөніндегі өтініштер мен құжаттар бойынша қарау және сақтанушыларға (сақтандырылушыларға), зардап шегушіге (пайда алушыларға) жауап беру тәртібін және мерзімдерін;
      8) сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту тәртібі мен мерзімдерін;
      9) сақтандыру төлемі туралы шешімді қабылдау рәсімін;
      10) сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру тәуекелдерін (оның ішінде сақтандыруға қабылданатын мүлікті) және залал мөлшерін бағалау тәртібін;
      11) андеррайтердің, аджастердің және сюрвейердің өкілеттіктерін
айқындауға тиіс.
      3. Сақтандыру ережесін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі ережесін директорлар кеңесі бекітеді.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз штатында актуарий болмаса, сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.
      Тәуелсіз актуарий ретінде тарту жағдайларын қоспағанда, актуарий өзінің қызметін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында қоса атқаруға құқылы емес.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатындағы актуарийдің осы Заңда белгіленген қызметіне тексеру жүргізу үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімде тәуелсіз актуарийді тартады.
      Осы тармақтың талаптары аудиторлық ұйым міндетті аудит жүргізген кезде осы Заңда тәуелсіз актуарий үшін көзделген талаптарға сәйкес келетін актуарийді тартқан жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қолданылмайды.
      6. Тәуелсіз актуарий ретіндегі қызметті тексерілетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері болып табылмайтын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметін жүзеге асыратын сақтандыру саласында кемінде екі жыл актуарийлік қызмет ету тәжірибесі бар жеке тұлға жүзеге асыруға құқылы.
      7. Тәуелсіз актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жариялағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жауап береді.";
      9) 12-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы аннуитеттік әлеуметтік сақтандыру бойынша сақтандыру шарттарын жасамас бұрын қормен қатысу шартын жасасуға және көрсетілген қорды құру және оның қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен оның акционері болуға міндетті. Қатысу шартының және қордың акцияларын сатып алуды растайтын құжаттардың көшірмелері уәкілетті органға аннуитеттік әлеуметтік сақтандыру бойынша сақтандыру шарттарын жасамас бұрын ұсынылады.";
      10) 15-1-баптың 3-тармағында "оған" деген сөз "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына" деген сөздермен, "міндеттемесін" деген сөз "міндеттемелерін" деген сөзбен ауыстырылсын;
      11) 16-баптың 3-тармағында:
      "кірістері мен шығыстары" деген сөздер "пайдасы мен шығындары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "аудиторлық есепті" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес құпия болып табылмайтын өзге де ақпаратты" деген сөздермен толықтырылсын;
      12) 18-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Сақтандыру ұйымы сақтандыру агенті мынадай іс-әрекеттерді жасағаны үшін жауап береді:
      1) сақтандыру шарттарын жасасқаны, сондай-ақ белгіленген
өкілеттіктерден тыс басқа да іс-әрекеттер жасағаны;
      2) сақтандыру ұйымында уәкілетті органының лицензиясы жоқ сақтандыру сыныптары мен түрлері бойынша сақтандыру шарттарын жасасқаны;
      3) сақтандыру шартын жасасу талаптары бойынша сақтанушыны әдейі шатастырғаны;
      4) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарын өзге де бұзғаны.";
      13) 18-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "18-1-бап. Сақтандыру агентіне қойылатын талаптар
      1. Сақтандыру агентінің қызметін сақтандыру ұйымының сақтандыру агенттері тізіліміне енгізілген жеке тұлға жүзеге асыруға құқылы. Осы Заңда сақтандыру агенттері үшін көзделген талаптар қызметін сақтандыру агенті ретінде жүзеге асыратын заңды тұлғаның қызметкерлеріне қолданылады.
      Сақтандыру ұйымы өзі өкілеттік берген сақтандыру агенттерінің тізілімін жүргізуге және оны шолу (сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы) және жалпыға қол жетімді телекоммуникациялық желілердегі Интернет-ресурстарды қоса алғанда, танысу үшін қол жетімді жерде орналастыруға міндетті.
      Жеке тұлғаны сақтандыру агенттері тізіліміне енгізу үшін сақтандыру ұйымы оқытуды және уәкілетті органмен белгіленген барынша төмен оқыту бағдарламалары бойынша емтихан тапсырғанын растайтын тиісті құжат беруді ұйымдастырады. Сақтандыру агенті басқа сақтандыру ұйымының атынан делдалдық қызметті жүзеге асырған кезде ондай сақтандыру ұйымы оқудан өткені және емтихан тапсырғаны туралы бұрын берілген құжатты сақтандыру агентінің біліктілігін растау арқылы тануға құқылы.
      Сақтандыру ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және мерзімдерде уәкілетті органға сақтандыру агенттерінің тізілімін тапсыруға міндетті.
      2. Сақтандыру агенттерін оқытуды жүргізуге қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.
      3. Мынадай:
      1) кәмелеттік жасқа толмаған;
      2) орта білімі жоқ;
      3) осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес оқудан өтпеген;
      4) экономикалық қызмет саласында жасаған қылмысы үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
      5) бұрын уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, лицензиядан айыру, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағанға дейінгі бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің не өзге қаржы ұйымының не заңнамада белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаның басшы қызметкері лауазымын атқарған жеке тұлға сақтандыру агенті бола алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, лицензиядан айыру туралы, мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағаннан не заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп танығаннан кейін бес жыл бойы қолданылады.";
      14) мынадай мазмұндағы 18-2-баппен толықтырылсын:
      "18-2-бап. Сақтандыру агентінің құқықтары мен міндеттері
      1. Сақтандыру агенті өз қызметінде:
      1) бір немесе бірнеше сақтандыру ұйымдарының атынан және оның тапсырмасы бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыруға;
      2) сақтандыру ұйымынан лицензиялардың болуы туралы және қаржылық есептілік деректері туралы шынайы ақпарат алуға;
      3) сақтандыру жөніндегі консультациялық қызметті жүзеге асыруға;
      4) оның өкілеттіктері бар болғанда жасасқан сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын алуға;
      5) өзінің делдалдық қызметін жүзеге асырғаны үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан сыйақы алуға құқылы.
      2. Сақтандыру агенті өз қызметінде:
      1) сақтанушыға оның жеке басын, сақтандыру агенттері тізілімінде оның деректерінің болуын растайтын құжатты, агенттік келісімді немесе сақтандыру ұйымының атынан және оның тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасуға құқығын куәландыратын өзге құжатты ұсынуға;
      2) сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиясының көшірмесін қоса алғанда, өзі сақтандыру агенті болып табылатын сақтандыру ұйымы туралы ақпаратты ұсынуға;
      3) сақтанушының талабы бойынша жасасатын сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ережелерімен таныстыруға;
      4) ақпаратты және бар болса - жасалатын сақтандыру шарты бойынша барлық қажетті құжаттарды ұсынуға;
      5) сақтандыру шартын жасасқан кезде құжаттарды дұрыс және уақтылы ресімдеуді қамтамасыз етуге;
      6) делдалдық қызметті жүзеге асырған кезде алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті.
      Агенттік келісімде сақтандыру агентінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да құқықтары мен міндеттері де көзделуі мүмкін.";
      15) 19-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      "7. Тәуелсіз актуарий уәкілетті органға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатындағы актуариймен жасалған есептердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жібереді.";
      16) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "20-бап. Аудит
      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудитін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқығы бар аудиторлық ұйым жүргізеді.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сондай-ақ сақтандыру тобына қатысушылар өз қызметінің аудитін қатарынан жеті жылдан астам бір аудиторлық ұйымда не қатарынан бес жылдан астам аудиторлық ұйымда жұмыс істейтін аудиторда жүргізуге құқылы емес.
      Осы тармақтың талаптары банк конгломератының құрамына кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қолданылмайды.
      3. Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, сақтандыру тобына бас ұйым және оның еншілес ұйымдары ретінде кіретін ұйымдардың аудитін сол бір аудиторлық ұйым жүзеге асырады. Сақтандыру тобының құрамына кіретін Қазақстан Республикасының резиденттері емес бас ұйымның және оның еншілес ұйымдарының аудитін, егер осындай аудит жүргізу олар резидент болып табылатын ел заңнамасының талаптарына қайшы келмесе сол бір аудиторлық ұйым жүзеге асыруы мүмкін.
      4. Аудиторлық ұйым сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудитін осы Заңда тәуелсіз актуарийлерге қойылатын талаптарға сәйкес келетін актуарийді тарту арқылы жүргізуге құқылы.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының құрамына кіретін басқа заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру туралы аудиторлық есеп коммерциялық құпия болып табылмайды.
      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының құрамына кіретін басқа заңды тұлғалардың міндетті аудитін жүргізу кезінде аудиторлық ұйым өзіне белгілі болған:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына әкеп соқтырған;
      2) пруденциялық нормативтерді және сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзуға әкеп соқтырған;
      3) қаржылық есептіліктің кейбір немесе барлық баптарын растаудан бас тартуға не оларды ескертпе жасай отырып растауға, сондай-ақ кері пікір білдіруге әкеп соқтырған шешімдер туралы уәкілетті органға дереу хабарлауға міндетті.
      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымында қызметі лицензиялануға жатпайтын ішкі аудит (аудитор) қызметі болуы тиіс.
      8. Ішкі аудит жүргізудің тәртібі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті ішкі құжаттарында уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптары ескеріле отырып, айқындалады.
      9. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру холдингтері және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдар үшін міндетті. Жүргізілген аудит туралы есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдар осы құжаттарды алған күннен бастап немесе оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру холдингтеріне және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдарға берген күннен бастап отыз күн ішінде уәкілетті органға ұсынуы тиіс.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы аудиторлық есепті алғаннан кейін он күн ішінде оның көшірмесін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаларға табыс етуге міндетті.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін аудиторлық ұйым растауы тиіс.
      10. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын, Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингі аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингі алған күннен бастап отыз күн ішінде осы құжаттарды уәкілетті органға табыс етеді.
      Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингінің шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингі орналасқан елдегі қаржы ұйымдарына аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым растауы тиіс.
      11. Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі уәкілетті органға аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын қазақ немесе орыс тілдерінде табыс етеді.
      12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйым аудиторлық есепте көрсетілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайына әсер ететін жолсыздықтарды аталған тұлғалар аудиторлық есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган жолсыздықтар жойылғанға дейін:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуын осы Заңның 54-бабының 1-тармағы 8-1) тармақшасының негізінде тоқтата тұруға;
      сақтандыру холдингіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сондай-ақ сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымға қатысты осы Заңның 53-1-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
      Жолсыздықтар осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын осы Заңның 55-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының негізінде лицензиясынан айыруға;
      сақтандыру холдингіне қатысты осы Заңның 53-1-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.";
      17) 26-бапта:
      тақырыбындағы "Сақтандыру" деген сөз "Сақтандыру холдингі және сақтандыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      бірінші бөлігіндегі "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы" деген сөздер "сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөлігіндегі "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы" деген сөздер "сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші бөлігіндегі "дауыс беретін" деген сөздерден кейін "(артықшылықты акцияларды шегергендегі)" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтағы "Ірі қатысушы" деген сөздерден кейін "немесе сақтандыру холдингі" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-1-тармақта:
      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы" деген сөздер "Сақтандыру холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "дауыс беретін" деген сөздерден кейін "(артықшылықты акцияларды шегергендегі)" деген сөздермен толықтырылсын;
      8-тармақта:
      "ұйымы акцияларының он немесе одан да көп процентін иеленетін немесе олармен" деген сөздер "ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегергендегі) акцияларының он немесе одан да көп процентін иеленетін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      "8-1. Сақтандыру холдингі болуға ниеттенген тұлғаларға уәкілетті органның келісімін беру сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Сақтандыру холдингі болуға ниеттенген тұлғаға уәкілетті органның келісімін беруден бас тарту үшін осы Заңның 26-1-бабының 1-тармағында көзделген негіздемелермен қоса мыналар:
      1) өтініш беруші - қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;
      2) Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру тобына қатысушылар орналасқан елдердің заңнамасы оларға және сақтандыру тобына осы Заңда көзделген талаптарды орындауға мүмкіндік бермейтініне байланысты сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалау жүргізуге мүмкіндігінің болмау жағдайлары негіздеме болып табылады.";
      9-тармақтағы "Сақтандыру (қайта сақтандыру)" деген сөздер "Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақта:
      "ірі қатысушы" деген сөздерден кейін "немесе сақтандыру холдингі" деген сөздермен толықтырылсын;
      "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары" деген сөздерден кейін "немесе сақтандыру холдингі" деген сөздермен толықтырылсын;
      11-тармақта:
      бірінші бөлігі "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы" деген сөздерден кейін "немесе сақтандыру холдингі" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлігі:
      "ірі қатысушы" деген сөздерден кейін "немесе сақтандыру холдингі" деген сөздермен толықтырылсын;
      "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы" деген сөздерден кейін "немесе сақтандыру холдингі" деген сөздермен толықтырылсын;
      "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының" деген сөздерден кейін "немесе сақтандыру холдингінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөлігі "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы" деген сөздерден кейін "немесе сақтандыру холдингі" деген сөздермен толықтырылсын;
      11-1-тармақтың бірінші абзацы "дауыс беретін" деген сөздерден кейін "(артықшылықты акцияларды шегергендегі)" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 11-2-тармақпен толықтырылсын:
      "11-2. Сомасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегергендегі) акцияларының жиырма бес немесе одан да көп процентін иеленетін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегергендегі) акцияларының жиырма бес немесе одан да көп процентімен тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар және:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өздерінің арасында жасалған шартқа орай не өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;
      2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;
      3) олардың бірі басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;
      4) олардың бірі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес екінші тұлғаға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген тұлғалар бірлесіп сақтандыру холдингі болып табылатын тұлғалар деп танылады.";
      12-тармақтағы "ірі қатысушы" деген сөздер "сақтандыру холдингі немесе ірі қатысушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13-тармақта:
      бірінші бөлігі:
      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы" деген сөздер ", сақтандыру холдингі" деген сөздермен толықтырылсын;
      "дауыс беретін" деген сөздерден кейін "(артықшылықты акцияларды шегергендегі)" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлігінде:
      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына" деген сөздер ", сақтандыру холдингіне" деген сөздермен толықтырылсын;
      "дауыс беретін" деген сөздер "(артықшылықты акцияларды шегергендегі)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы" деген сөздерден кейін ", сақтандыру холдингі" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөлігі:
      "дауыс беретін" деген сөздер "(артықшылықты акцияларды шегергендегі)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына" деген сөздерден кейін ", сақтандыру холдингіне" деген сөздермен толықтырылсын;
      "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының" деген сөздерден кейін ", сақтандыру холдингінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы" деген сөздерден кейін "немесе сақтандыру холдингі" деген сөздермен толықтырылсын;
      16-тармақта:
      "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының," деген сөздерден кейін "сақтандыру холдингінің," деген сөздермен толықтырылсын;
      ", сондай-ақ" деген сөздерден кейін "сақтандыру холдингінің немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      18) 26-1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) құжаттардың толық емес пакетін ұсыну не ұсынылған құжаттардың осы Заңның 26-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі;";
      19) 27-бапта:
      1-тармақта:
      4) тармақшадағы "кірістер мен шығыстар" деген сөздер "пайда мен шығындар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшадағы "экономикалық қызмет саласында жасаған қылмысы, сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмысы үшін" деген сөздер алып тасталсын;
      1-1-тармақ "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы" деген сөздерден кейін "немесе сақтандыру холдингі" деген сөздермен толықтырылсын;
      20) 32-бапта:
      1-тармақтағы "48-бабының 1-тармағында" деген сөздер "48-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымын және аффилиирленген тұлғалар туралы мәліметтерді.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандыру холдингі болмаған жағдайда, еншілес ұйымдармен:
      олардың қызметін меморандумның немесе осы ұйымдардың қауымдастығы ережелерінің талаптарына сәйкес бірлескен негізде басқару арқылы байланыста болатын;
      егер көрсетілген ұйымдардың директорлар кеңесі немесе басқарма құрамының үштен бір бөлігінен астамы сол бір тұлғалар болған ұйымдар туралы қосымша ақпарат беріледі;";
      5-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдарының болжамды болуы нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы құрамына кіретін сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерді сақтамауы;";
      21) 34-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы "жеке тұлғасы, ірі қатысушысы" деген сөздерден кейін "(сақтандыру холдингі)" деген сөздермен толықтырылсын;
      22) 35-баптың 2-тармағының бірінші абзацындағы "Орналастырылған (артықшылықты және сатып алынған акцияларды шегере отырып)" деген сөздер "Дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегергендегі)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      23) 37-бапта:
      1-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды орындағаны туралы, оның ішінде уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін үй-жайдың, жабдықтардың дайын болуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына жауап беретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінің және уәкілетті органның тиісті қорытындысының болуымен расталған біліктілік талаптарына сай келетін қызметкерлерінің болуы туралы куәландыратын құжаттарды;";
      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) осы Заңның және Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес сақтандыру жөніндегі деректер базасына қатысуын растайтын құжаттарды;";
      2-тармақ:
      4) тармақшадағы "табыс етеді" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5) осы Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандыру түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес сақтандыру жөніндегі деректер базасына қатысуын растайтын құжаттарды;
      6) уәкілетті орган белгілеген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігіндегі талаптарды орындағанын растайтын құжаттарды табыс етеді.";
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Бұл ретте сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша лицензия алғанға дейін уәкілетті орган алты ай бойы жүйелі түрде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына осы Заңның 53-3-бабында көзделген, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабының екінші, үшінші, бесінші, жетінші және оныншы бөліктерінде  және 356-бабында көзделген негіздемелер бойынша әкімшілік айыппұл салу түріндегі санкцияларды қолданбауы тиіс";
      24) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "40-бап. Актуарийдің қызметін лицензиялау
      1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру нарығында актуарийлік қызметті жүргізуге лицензия беру жөніндегі жалғыз лицензиялар болып табылады.
      2. Сақтандыру нарығында актуарийлік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша лицензия беру туралы өтінішті;
      2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша лицензия алуға өтініш беруші туралы мәліметтерді;
      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      4) жоғары білімі туралы дипломның нотариалды расталған көшірмесін;
      5) лицензиялық алымды төлегенін растайтын құжаттың көшірмесін;
      6) өтініш берушіні салық органында есепке алу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      7) лицензия алуға өтініш беруші уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген актуарийлерді оқытудың ең төмен міндетті бағдарламасы бойынша оқудан өткенін және тиісті емтиханды табысты тапсырғанын куәландыратын құжаттардың көшірмесін немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актінің талаптарына сәйкес "Актуарий" мамандану бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі дипломының көшірмесін;
      8) Қазақстан Республикасының резиденттері емес жеке тұлғалар үшін - тізбесі мен талаптарын уәкілетті орган белгілеген актуарийдің мәртебесі актуарийлердің қауымдастығына мүшелігін растайтын құжаттардың көшірмесін.
      Уәкілетті орган лицензия беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық пакеті берілген күнінен бастап бір ай ішінде қарайды.
      3. Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия өтініш берушіге ол Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасын білуіне тестілеуден өткеннен кейін беріледі. Тестілеуді өткізу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген.
      Актуарий лицензияны алғаннан кейін актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензияны алған күнінен бастап он төрт күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға оның актуарийлердің кәсіби қатысушылары бірлестігіндегі мүшелігін растайтын құжатты ұсынуға міндетті.
      4. Әрбір үш жыл сайын актуарий уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен біліктілік емтиханын тапсыруға міндетті.
      5. Лицензия беруден:
      1) егер өтініш беруші осы баптың 1-тармағында белгіленген лицензия алуға арналған барлық құжаттарды ұсынбаған;
      2) осы Заңның 60-бабы 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиядан айыру туралы деректер болған;
      3) уәкілетті орган өткізген тестілеудің теріс нәтижесі болған жағдайларда бас тартылуы мүмкін.
      6. Лицензия беру туралы ақпарат уәкілетті органның мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.";
      25) 43-бапта:
      3-1) тармақша "дауыс беретін" деген сөздерден кейін "(артықшылықты акцияларды шегергендегі)" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) осы Заңның 54-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығыстарын, оның ішінде әкімшілік шығыстардың ұлғаюын шектеуге құқылы;";
      23) тармақшада "кәсіби қатысушыларына" деген сөздерден кейін "орындалуы үшін міндетті" деген сөздермен толықтырылсын;
      26) 46-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциялық нормативтер:
      1) жарғылық капиталдың ең аз мөлшерін;
      2) төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін;
      3) жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативін;
      4) активтерді әртараптандыру нормативін қамтиды.
      Төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі сақтандыру топтарына арналған пруденциялық норматив болып табылады.
      Уәкілетті орган қосымша пруденциалық нормативтерді, оның ішінде аннуитеттік әлеуметтік сақтандыру бойынша сақтандыру резервтерін жабатын активтерді инвестициялау жөніндегі пруденциялдық нормативтерді белгілеуге құқылы.";
      27) 46-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "46-1-бап. Ірі қатысушылардың міндеті:
      1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және (немесе) сақтандыру холдингтерін жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қолданады.
      2. Сақтандыру холдингі, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегергендегі) акцияларының жиырма бес процентінен астамын тікелей немесе жанама иеленетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары - жеке тұлғалар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, пруденциялық нормативтерді белгіленген деңгейден төмен емес деңгейде ұстау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
      3. Сақтандыру холдингі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының мөлшерін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген деңгейде қамтамасыз етуге міндетті.
      Уәкілетті орган сақтандыру холдингі жоқ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін жекелеген пруденциялық нормативтерді және олардың нормативтік мәнін белгілеуге құқылы.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерінің деңгейі төмендеген жағдайда, сақтандыру холдингі уәкілетті органның талабы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын жақсарту, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде ұлғайту жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
      5. Егер уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының аффилиирленген тұлғаларының, олардың лауазымды тұлғаларының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, осы бапта келтірілген шаралар осы тұлғаларға қатысты да қолданылуы мүмкін.";
      28) 51-бапта:
      1-тармақта:
      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін" деген сөздерден кейін "(артықшылықты акцияларды шегергендегі)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "жалпы санының бес процентінен астам дауыс беретін" деген сөздерден кейін "(артықшылықты акцияларды шегергендегі)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша" деген сөздер "растайтын құжаттарды ұсына отырып, ерікті нысанда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ алып тасталсын;
      29) 53-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "53-1-бап. Ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі белгілерін
                 иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ сақтандыру (қайта
                 сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру
                 холдингіне және сақтандыру тобының құрамына кіретін
                 заңды тұлғаларға қолданылатын мәжбүрлеу шаралары.
      1. Уәкілетті орган ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлғаларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сондай-ақ сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғаларға:
      1) ірі қатысушы және сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алмаған;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы және сақтандыру холдингі мәртебесін иеленгеннен кейін осы Заңның 26-1-бабының 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған;
      3) осы Заңның 53-2-бабының 7-тармағына сәйкес уәкілетті органның жазбаша ұйғарымдарын орындамаған;
      4) ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлғаның, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі және сақтандыру тобына кіретін заңды тұлғаның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына залал келтіретін немесе келтіруі мүмкін іс-әрекеттер жасауы;
      5) салдары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына залал келтірген немесе келтіруі мүмкін, ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлғаның, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғалардың қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлғаның және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің арасында уәкілетті органның осы Заңда көзделген қадағалау функцияларын жүзеге асыруына кедергі келтіретін қатынастар болған жағдайларда мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
      Уәкілетті орган сақтандыру холдингтеріне және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегергендегі) акцияларының жиырма бес процентінен астамын тікелей немесе жанама иеленетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары - жеке тұлғаларға осы Заңның 46-1-бабының 2-тармағы талаптарының орындалмауына әкелген олардың іс-әрекеттері немесе әрекетсіздіктері үшін де мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде, уәкілетті орган:
      1) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының оған тікелей немесе жанама түрде тиесілі акцияларының санын дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегергендегі) акциялардың он процентінен төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;
      2) сақтандыру холдингі белгілерін иеленген тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру холдингінен оған тікелей немесе жанама тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегергендегі) акцияларының жиырма бес процентінен төмен деңгейге дейін төмендетуді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын олар мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы арасындағы тәуекелге душар ететін операцияларды (тікелей және жанама) тоқтата тұруды талап етуге;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру холдингі қатысушы болып табылатын ұйымға, сондай-ақ сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға қатысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын олар мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы арасындағы тәуекелге душар ететін операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруын талап етуге;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, сақтандыру холдингінен немесе сақтандыру холдингінің белгілері бар тұлғадан өзінің жарғылық капиталындағы өздерінің қомақты қатысуы бар еншілес ұйымды немесе ұйымдарды иелену немесе бақылау үлесін иеліктен шығаруды талап етуге құқылы.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингінің не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы не сақтандыру холдингінің белгілерін иеленуші тұлға осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 20-бабының 8-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті органның шешімі негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингінің белгілерін иеленуші тұлғаның акцияларын сенімгерлікпен басқару тағайындалады. Осы акциялар уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға үш айға дейінгі мерзімге беріледі.
      Уәкілетті органның акцияларды сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыруы кезеңінде акциялардың меншік иесі сенімгерлікпен басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқылы емес.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленуші тұлға уәкілетті орган алдында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіне тиесілі барлық акцияларын қолдаухатта көрсетілген тұлғаларға сату туралы өтініш беруге құқылы.
      Қолдаухатта көрсетілген акциялар сатып алушылар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындаған жағдайда уәкілетті орган қолдаухатты қанағаттандырады.
      Акциялар уәкілетті органға сенімгерлік басқаруға берілген күнінен бастап, екі ай ішінде акцияларды сенімгерлік басқаруға беру үшін негіздер жойылмағанда, уәкілетті орган сенімгерлік басқарудағы акцияларды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында оларды өткізу жолымен иеліктен шығарады. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары уәкілетті органға сенімгерлік басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленуші тұлғаның акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";
      30) 53-2-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігі "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының" деген сөздерден кейін "немесе сақтандыру тобының" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақтың бірінші бөлігінде "орындалуға міндетті" деген сөздер алып тасталсын;
      7-тармақ:
      "уәкілетті орган" деген сөздерден кейін "сақтандыру холдингінің, сақтандыру тобына кіретін заңды тұлғалардың," деген сөздермен толықтырылсын;
      "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларының" деген сөздерден кейін ", олардың осы Заңның талаптарын бұзған жағдайларда," деген сөздермен толықтырылсын;
      31) 53-3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) осы Заңның 55-1 - 55-5-баптарында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен консервацияны енгізуді;";
      32) 54-бапта:
      1-тармақта:
      8-1) тармақшада "8" деген цифр "12" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      9) тармақшадағы "жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокері лицензиясының қолданылуы алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 11), 12), 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын:
      "11) осы Заңда көзделген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандыру бойынша деректер базасына қатысу шарты болмаған;
      12) осы Заңда және сақтандырудың міндетті түрлері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда бар болуы көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында қатысу шарты болмаған немесе қор акциялары болмаған;
      13) сақтандыру ұйымының уәкілетті сақтандыру агенті осы Заңның және сақтандырудың міндетті түрлері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын орындамаған;
      14) сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегергендегі) акцияларының жиырма бес процентінен астамын тікелей немесе жанама иеленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - жеке тұлға уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі талаптарын, сондай-ақ осы Заңның 53-1-бабының 2-тармағына сәйкес қойылатын талаптарды орындамаған жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокері лицензиясының қолданылуы алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.";
      2-тармақ "сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды" деген сөздерден кейін "және оларға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын (міндеттемелерін) ұлғайтуды көздейтін өзгеріс енгізуді" деген сөздермен толықтырылсын;
      33) 55-бапта:
      1-тармақта:
      2-1) тармақшадағы "жазбаша нұсқамасын" деген сөздер "шектеулі ықпал ету шараларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-3) пруденциялық нормативтердің талаптарын және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) орындамаған;";
      5) тармақша алып тасталсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Лицензиядан айыру туралы шешімде одан айырудың негізі көрсетілуге тиіс.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімде уақытша әкімшіліктің басшы қызметкерлерді жұмыстан шеттету міндеті көрсетіледі.";
      34) мынадай мазмұндағы 55-1, 55-2, 55-3, 55-4, 55-5-баптармен толықтырылсын:
      "55-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау
                 ұғымы
      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау уәкілетті органның шешімі бойынша оның қаржылық жай-күйін оңалту және жұмысының сапасын жақсарту мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты әкімшілік, заңдық, қаржылық ұйымдастыру-техникалық және басқа іс-шаралар мен рәсімдер кешенін мәжбүрлі түрде жүргізуді білдіреді.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мынадай негіздердің кез келгені бойынша консервацияға ұшырауы мүмкін:
      1) төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің орындалмауы;
      2) осы Заңның 54-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша.
      3. Консервациялау режимін белгілеу уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі уақытша әкімшілікті шектеулі мерзімге (бір жылға дейін) тағайындауын білдіреді.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлері уәкілетті органның консервация жүргізу туралы шешіміне он күн мерзімде сот тәртібімен шағым жасай алады, көрсетілген шешімге шағым беру сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялауды тоқтата тұрмайды.
      55-2-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару
                жөніндегі уақытша әкімшілік
      1. Уәкілетті орган уақытша әкімшілікті оның қызметкерлерінің не осы Заңның 34-бабының 2-тармағында белгіленген барынша төмен талаптарға сәйкес келетін өзге тұлғалардың арасынан тағайындайды.
      2. Уақытша әкімшілік басшысының және мүшелерінің (уәкілетті органның қызметкерлерін қоспағанда) құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ еңбегіне ақы төлеу талаптары уәкілетті орган мен уақытша әкімшіліктің арасында жасалатын жеке шартпен белгіленеді.
      3. Уақытша әкімшілік өз қызметінде осы Заңды, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын басшылыққа алады.
      4. Уәкілетті орган уақытша әкімшіліктің мүшелерін кез келген сәтте ауыстыруға құқылы.
      5. Уақытша әкімшіліктің басшысы және мүшелері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы келтірген зиян үшін қолданыстағы заңнамада белгіленген жауаптылықта болады. Уақытша әкімшіліктің басшысына және мүшелеріне қалыпты өндірістік тәуекел санатына жатқызылуы мүмкін зиян үшін жауапкершілік жүктеуге жол берілмейді.
      55-3-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына консервация
                жүргізу туралы қаулы
      1. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына консервация жүргізу туралы шешімінде:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы және оның орналасқан жері;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау туралы шешімнің негіздемесі;
      3) консервациялау күшінің басталуы мен мерзімі;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне қойылатын шектеулер тізбесі;
      5) уақытша әкімшіліктің дербес құрамы;
      6) консервациялау режимінде тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлеріне өз жұмысы туралы есеп, табыстары туралы декларация, меншігінің бар-жоғы мен мөлшері туралы мәліметтер дайындау және осы құжаттарды уақытша әкімшілікке беру туралы нұсқама;
      7) уақытша әкімшілікке берілетін ұсынымдар болуы тиіс.
      2. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына консервация жүргізу туралы шешімді Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын екі мерзімді баспа басылымында жариялайды.
      55-4-бап. Консервациялау кезеңінде сақтандыру (қайта
                сақтандыру) ұйымын басқару ерекшеліктері. Уақытша
                әкімшіліктің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын
                басқару жөніндегі өкілеттіктері
      1. Консервациялау күшінің басталуымен және оның мерзімінде:
      1) осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы эмитенті болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің акцияларды пайдалану және иелік ету жөніндегі құқықтары тоқтатыла тұрады;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы органдарының өкілеттіктері тоқтатылады және оның басшы қызметкерлері жұмыстан шеттетіледі;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі барлық өкілеттік, сондай-ақ осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы эмитенті болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің акцияларды пайдалану жөніндегі құқықтары уақытша әкімшілікке көшеді;
      4) уақытша әкімшілікті хабардар етпестен және оның жазбаша келісімінсіз сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан және оның есебінен жасалған барлық мәмілелер жарамсыз деп танылады.
      2. Уақытша әкімшілік:
      1) осы Заңның 55-5-бабының талаптарын ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің барлық мәселелері бойынша дербес шешім қабылдауға;
      2) қажет болған жағдайда консервациялау кезеңінде жасасқан сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерін толық немесе ішінара тоқтата тұруға;
      3) қажет болған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражатын салуды көздейтін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасасқан шарттарды бұзуға не оларға ставкаларын, тарифтерін және қолданылу мерзімін өзгертуді қоса алғанда, біржақты тәртіппен өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан кез келген шарттар мен құжаттарға қол қоюға;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан және оның мүддесі үшін шағым талабын жасауға;
      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкерлерін қызметтен босату, қызметін төмендету немесе қызметтен уақытша шеттету, олардың арасында міндеттерін бөлу туралы бұйрықтарды қоса алғанда, бұйрықтар шығаруға;
      7) кредитор мен борышкер бір адам болғандықтан, өзара талаптардың есебін жүргізуге;
      8) сақтандыру портфелінің бір бөлігін не толық көлемде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес басқа сақтандыру ұйымына табыстауға құқылы.
      55-5-бап. Консервациялауды тоқтату
      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау мынадай негіздер бойынша тоқтатылады:
      1) уәкілетті органның шешімімен белгіленген консервациялау мерзімінің аяқталуы;
      2) уәкілетті органның консервациялауды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдауы.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйінің оңалуына және жұмыс сапасының жақсаруына байланысты оны консервациялауды тоқтату (оның ішінде мерзімінен бұрын) осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты уәкілетті орган немесе уақытша әкімшілік белгілеген барлық шектеулердің алынып тасталуына әкеп соғады. Бұл ретте консервациялау мерзімі ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына, басқару органдарына және қызметкерлерінің құрамына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшінде қала береді.
      3. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау оның қаржылық жай-күйінің оңалуына және жұмыс сапасының жақсаруына әкелмеген жағдайда, уәкілетті орган осы Заңда көзделген негіздер бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айыруға құқылы.";
      35) 56-баптың 3-тармағындағы "басқару" деген сөз алып тасталсын;
      36) 60-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "актуарий есептеулерін жүргізу" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ тәуелсіз актуарий ретіндегі қызметті жүзеге асыру" деген сөздермен толықтырылсын;
      37) 69-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "69-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату
               ерекшеліктері
      1. Уақытша әкімшілік өз өкілеттігін доғарып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкін бір айдан аспайтын мерзімде тарату комиссиясының төрағасына өткізеді. Егер мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болса, уақытша әкімшілік міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген көлемде және мерзімде ақпарат береді.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиядан айырылған күнінен бастап:
      1) құрылтайшылардың (қатысушылардың), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы органдарының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне иелік етуге құқығы жоқ;
      2) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты бұдан бұрын қабылданған сот шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;
      3) осы Заңның 55-бабының 3-тармағында көзделген шығыстармен байланысты талаптарды қоспағанда, кредиторлардың таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына талаптары тек тарату өндірісінде ғана қойылуы мүмкін;
      4) кредиторлардың, салық қызметі органдарының талаптары, оның ішінде даусыз (акцептсіз) тәртіппен қанағаттандырылуға жататындары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоттарынан ақша өндіріп алуға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне арыздануға жол берілмейді;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғаларына сақтандыру ұйымының оларға тиесілі акцияларын иелігінен шығаруға тыйым салынады;
      6) басшы қызметкерлер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шеттетіледі.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі қабылданғаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы тиісті екі республикалық газетте әлеуметтік аннуитеттік сақтандыру  шарттары бойынша сақтандыру портфелін табыстау туралы хабарландыру жариялау арқылы өздерінің сақтанушыларын (пайда алушыларды) он төрт күннен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.
      Әлеуметтік аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру портфелін басқа сақтандыру ұйымына табыстау әлеуметтік аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерінің орнын толтыратын активтер болған кезде жүзеге асырылады. Әлеуметтік аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерінің орнын толтыратын активтер жеткіліксіз болған жағдайда табыстау уәкілетті  органның келісімімен жүзеге асырылады.
      Сақтанушы хабарландыру жарияланған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымына өтініш жасауы тиіс. Сақтанушы сақтандыру портфелін табыстау үшін сақтандыру ұйымын дербес анықтауға құқылы.
      Белгіленген мерзімде сақтанушының өтініші болмаған жағдайда әлеуметтік аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру портфелін басқа сақтандыру ұйымына табыстау сақтанушының келісімінсіз жүзеге асырылады.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мәжбүрлеп таратылатын жағдайда сот уәкілетті органға хабарлайды және он күн ішінде оған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімнің көшірмесін жібереді.
      5. Сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын уәкілетті органның лицензиясынан айыруына байланысы жоқ негіз бойынша мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган оны лицензиясынан айыру туралы мәселені заңнамада белгіленген тәртіппен қарайды.
      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын банкроттық негізі бойынша тарату осы Заңның талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.";
      38) 74-1-бапта:
      тақырыбы "ірі қатысушысының" деген сөздерден кейін "және сақтандыру холдингтерінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Сақтандыру холдингі уәкілетті органға:";
      4-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      бірінші абзацтағы "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) ірі қатысушының" деген сөздер "сақтандыру холдингінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) және 2) тармақшаларда мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының (сақтандыру холдингінің) қызмет түрлерінің сипаттамасы;
      2) ірі қатысушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингі) қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталына қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акцияларының саны), қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы, ірі қатысушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингі) ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын ұйымның қаржылық есептілігі;";
      3) тармақшадағы "(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлғаның)" деген сөздер "(сақтандыру холдингі)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) ірі қатысушы" деген сөздер "сақтандыру холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөлікте:
      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - заңды тұлғаның" деген сөздерден кейін "немесе сақтандыру холдингінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - заңды тұлға" деген сөздерден кейін "немесе сақтандыру холдингі" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақ:
      "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы" деген сөздерден кейін ", сақтандыру холдингі" деген сөздермен толықтырылсын;
      "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы" деген сөздерден кейін ", сақтандыру холдингі" деген сөздермен толықтырылсын;
      "егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы" деген сөздерден кейін ", сақтандыру холдингі" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақта:
      бірінші бөліктегі "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлікте:
      "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) сақтандыру холдингінің қызмет түрлерінің сипаттамасы;";
      2) тармақшадағы "ірі қатысушы (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлға)" деген сөздер "сақтандыру холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының" деген сөздер "сақтандыру холдингінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақ "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы" деген сөздерден кейін ", сақтандыру холдингі" деген сөздермен толықтырылсын;
      39) мынадай мазмұндағы 14-тараумен толықтырылсын:
      "14-тарау. Сақтандыру бойынша деректер базасын қалыптастыру
                 және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметі
      79-бап. Сақтандыру бойынша деректер базасын енгізу жөніндегі
              ұйымның құрылу тәртібі және негізгі функциялары
      1. Сақтандыру бойынша деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым (бұдан әрі - ұйым) өз қызметін осы Заңның, Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерінің және құрылтай құжаттарының негізінде жүзеге асырады.
      Ұйым қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым болып табылады.
      2. Ұйым өз қызметін көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі деректер базасы негізінде жүзеге асырады.
      Өкілдер кеңесі ұйымның қызметіне бақылау жасауды жүзеге асырады. Өкілдер кеңесінің құрамына:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының көпшілігімен сайланатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының екі өкілі;
      2) ұйымның екі өкілі;
      3) уәкілетті органның бір өкілі кіреді.
      3. Өкілдер кеңесінің мүшелері оның құрамынан өкілдер кеңесінің көпшілік даусымен өкілдер кеңесінің төрағасын сайлайды.
      Өкілдер кеңесінің отырысы өкілдер кеңесінің төрағасының өз бастамасы бойынша, өкілдер кеңесі мүшесінің, ұйымның атқарушы органының, сондай-ақ ұйымның жарғысымен белгіленген өзге тұлғалардың талап етуі бойынша шақырылады.
      Өкілдер кеңесі ұйымның Жарғысында көзделген мерзімде ұйым қатысушыларының жалпы жиналысының алдында есеп береді.
      4. Өкілдер кеңесінің құзыреті:
      1) ұйым қызметінің басым бағыттарын анықтау;
      2) ұйымның жылдық бюджетін бекіту;
      3) ұйымның резервтік және өзге қорларын пайдалану;
      4) ұйымның филиалдарын құру және өкілдіктерін ашу;
      5) еншілес және тәуелді заңды тұлғаларды құру;
      6) мүлікті сатып алуға және иеліктен шығаруға байланысты ірі мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдау;
      7) ұйымның атқарушы органының қызметіне қатысты құжаттарға рұқсат беру. Алынған құжаттар тек қана қызметтік мақсатта пайдаланылады;
      8) ұйымның атқарушы органының есептерін қарау;
      9) өзге де мәселелерді шешу.
      5. Сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша деректер базасын енгізу тәртібі:
      1) осы Заңның 80-бабының 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілермен ақпарат беру туралы шарт жасасу;
      2) деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға беру;
      3) деректер базасын қалыптастыру бойынша ақпараттық процесті ұйымдастыру;
      4) өздерімен ақпарат беру туралы шарт жасасқан ақпарат берушілермен осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген ақпараттық процесті тестілеуден өткізу кезеңдерінен тұрады.
      Деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға беру жөніндегі қажетті іс-шараларды оның орындауын тексеруді ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясат пен мемлекеттік реттеуді іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті органмен бірлесіп құрылған уәкілетті органның комиссиясы жүзеге асырады, оның нәтижелері деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға беру актісінде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша көрсетіледі.
      Деректер базасының қызметін жүзеге асыруға оны басқару жүйесін пайдалануға беру актісі және ішкі ережелері болған кезде ғана жол беріледі.
      Ұйым қызметінің тәртібін белгілейтін ішкі ережелердің мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. Уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісі осы Заңның 80-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілермен олардың деректер базасын құруға және қорғауға қатысу бойынша ақпарат берушілер ретіндегі қызметіне қатысты бөлігінде орындалуға міндетті.
      6. Ұйым өз қызметінде мынадай ұйымдастырушылық, техникалық шаралардың және технологиялық талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті:
      1) ақпараттық жүйелерді, деректер базасын қауіпсіз орналастыру мен пайдалану үшін техникалық және өзге үй-жайлардың болуы;
      2) деректер базасын орналастыру үшін ақпараттық жүйелерді және көрсетілген ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын қалыптастыру мен пайдалану кезінде сертификатталған жабдықты және бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану.
      7. Ұйымның негізгі функциялары:
      1) осы Заңның 81-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген ақпаратты жинау;
      2) мазмұнына қойылатын талаптары осы Заңда және Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері бойынша заңнамалық
актілерінде белгіленген сақтандыру есептерін қалыптастыру және беру;
      3) сақтандыру статистикасын қалыптастыру;
      4) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын автоматты есептеу.
      8. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Заңда көзделген талаптарды іске асыру жөніндегі функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында деректер базасы жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан ақпаратты, оның ішінде сақтандыру құпиясын құрайтын ақпарат алуға құқылы.
      Деректер базасының қызметкерлері өздерінің функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болады.
      80-бап. Деректер базасы
      1. Ұйым деректер базасының құрылымын осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушімен келісу бойынша осы Заңда белгіленген талаптарды ескере отырып анықтайды.
      2. Сақтандыру есебі мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) қол жеткізімі шектеулі сақтандыру есебі - қосарлы сақтандыру туралы, сақтандыру төлемдері туралы, төленген сақтандыру сыйлықақылары туралы, сақтандыру сомасының мөлшерлері туралы мәліметтерді қамтитын және сақтанушының сақтандырылған адамның немесе пайда алушының жеке басына Қатысты өзге де мәліметтер туралы сақтандыру есебі;
      2) қол жеткізімі стандартты сақтандыру есебі - сақтандыру жағдайлары туралы, сақтанушының сақтандырылған адамның немесе пайда алушының көлік құралы туралы, сақтандыру құпиясына жатпайтын өзге мәліметтер туралы ақпаратты қамтитын сақтандыру есебі.
      3. Мыналар деректер базасын қалыптастыру үшін ақпарат берушілер болып табылады:
      1) ақпарат беру туралы жасалған шарттар негізінде сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушылар;
      2) ақпарат беру туралы шарттар негізінде өзге тұлғалар.
      4. Мыналар сақтандыру есебін алушылар болып табылады:
      1) уәкілетті орган;
      2) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес сақтандыру жөніндегі деректер базасының субъектілеріне бақылау жасауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар;
      3) сақтандыру есептерін алу туралы жасалған шарттар негізінде сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушылар;
      4) деректер базасының субъектілері;
      5) сақтандыру және актуарлық есеп айырысулар саласында консультациялық қызметті ұсынатын консалтингтік және ғылыми-зерттеу ұйымдары.
      Осы тармақта көрсетілмеген өзге тұлғаларға ақпарат беруге жол берілмейді.
      5. Деректер базасының осы баптың 4-тармағында көрсетілген сақтандыру есеп алушыларға сақтандыру есептерін беруі қол жеткізім деңгейіне және сақтандыру есептерінің түріне қарай жүзеге асырылады:
      1) осы баптың 4-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар деректер базасының барлық субъектілері туралы қол жеткізімі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы;
      2) осы баптың 4-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар тек өзі туралы ғана қол жеткізімі шектеулі  және стандартты сақтандыру есебін алуға құқылы;
      3) осы баптың 4-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар жасалған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақыларының көлемдері, сақтандыру жағдайлары, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомалары бойынша (мүлік және денсаулық бойынша төлемдер бөлігінде) жиынтық ақпаратты қамтитын қол жеткізімі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін ғана алуға құқылы.
      Осы баптың 4-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар өздерінің функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясы немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болады.
      6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген сақтандыру есебін алушылардың сұратуы сақтандыру есебін беру үшін негіз болып табылады.
      Сақтандыру жөніндегі деректер базасына сұрату беру үшін жауапты уәкілетті тұлға сұратуды осы баптың 4-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылардың атынан береді, ол туралы ақпарат деректер базасы алушыларының тізілімінде болады.
      Ұйымның осы баптың 4-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушыларға ұсынуы олардың қағаз тасымалдағыштағы немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электрондық құжат нысанындағы сұратуы негізінде жүзеге асырылады.
      Деректер базасының субъектісіне сақтандыру есебі оның қағаз тасымалдағыштағы немесе Қазақстан Республикасының ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық цифрлық қол қою туралы заңнамасында көзделген тәртіппен электронды цифрлы қолтаңба расталған электронды құжат түріндегі сұратуы негізінде беріледі.
      81-бап. Деректер базасын қалыптастыру үшін ұсынылатын ақпарат
      1. Осы Заңның 80-бабының 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта көзделген тәртіппен, мерзімде және көлемде әрбір жасалған сақтандыру шарты бойынша, сақтандыру сыйлықақыларының көлемдері туралы, сақтандыру жағдайлары, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомалары туралы (мүлік және денсаулық бойынша төлемдер бөлігінде) ақпарат ұсынады.
      2. Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін заңнамалық актілерімен осы Заңның 80-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілердің деректер базасына ұсынатын ақпаратының мазмұнына қойылатын қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған ақпаратты осы Заңның 80-бабының 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер көрсетілген ақпаратты алған сәттен бастап бір күн ішінде тиісті бағдарламалық қамтамасыз етумен біріктірілген ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып электронды түрде ұсынады.
      82-бап. Құқықтары мен міндеттері
      1. Ұйым:
      1) сақтандыру есептерін қалыптастыруды жүзеге асыруға;
      2) осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен сақтандыру есептерін ұсынуға;
      3) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру есептерінде қамтылған ақпараттың жария болуына жол бермеуге;
      4) егер алушыға берілген сақтандыру есебінде деректер базасы қызметкерлерінің іс-әрекеті немесе әрекетсіздігінің салдарынан ақпарат берушілердің деректер базасына ұсынған ақпаратына сәйкес келмейтін ақпарат болған жағдайда көрсетілген сәйкессіздік анықталған сәттен бастап бес күнтізбелік күн ішінде сақтандыру есебін алушыға және деректер базасының субъектісіне түзетілген сақтандыру есебін ұсынуға.
      Ақпарат берушінің деректер базасы берген сақтандыру есебінің сәйкес келмеу фактісін растауы қажет болған жағдайда, сақтандыру есебін алушыға және деректер базасының субъектісіне түзетілген сақтандыру есебін ұсыну мерзімін есептеу деректер базасының ақпарат берушіден тиісті ақпаратты алған сәтінен бастап жүзеге асырылады;
      5) деректер базасы субъектісінің өтініші бойынша оған деректер базасының субъектісі даулап отырған ақпаратты ұсынған ақпарат беруші туралы мәліметтерді беруге;
      6) егер сақтандыру есебін беру туралы сұрату Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар бұзыла отырып жасалған болса, сақтандыру есебін беруден бас тартуға;
      7) сақтандыру есептерін беру туралы сұратуларды есепке алуды және берілген сақтандыру есептерін есепке алуды жүргізуге;
      8) тиісті негіздер болған кезде қайта ресімделуі немесе нақтылануы тиіс келіп түскен ақпаратты түзету, толықтыру туралы талаппен ақпарат берушіге өтініш жасауға;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді пайдалануға;
      10) осы Заңның 80-бабының 3-тармағында көрсетілген. ақпарат берушілердің деректер базасының ақпараттық ресурстарын құруға және қол жеткізуге қатысуының тең талаптарын қамтамасыз етуге;
      11) уәкілетті органның тиісті заңнамалық актісінде көзделген өзінің функцияларын іске асыруы мақсатында сұратқан ақпаратын, оның ішінде:
      осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілердің ұсынылуы осы Заңмен және ақпарат беру мен сақтандыру есептерін алу туралы шарттармен талап етілетін ақпаратты бермегені, уақтылы бермегені не толық көлемде бермегені туралы ақпаратты;
      осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер осы Заңның 19-бабының талаптарын бұза отырып есептеген сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлері туралы ақпаратты беруге;
      12) уәкілетті органға деректер базасының кіруге рұқсат беруге;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттарда белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.
      2. Ұйым:
      1) ақпаратты жеткізушілермен ақпаратты беру туралы және (немесе) сақтандыру есептерін алушылармен сақтандыру есептерін алу туралы шарттарды жасауға;
      2) ақпаратты жеткізушілерден сақтандыру есептерін құрайтын толық және шынайы ақпаратты талап етуге;
      3) ақпаратты жеткізуші берген ақпараттың ақпаратты жеткізуші, сақтандыру есебін алушы, деректер базасының субъектісі деректерінің дұрыс немесе толық ресімделмеуіне, ақпараттық жүйеде пайдаланылатын талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты оны деректер базасында пайдаланбай қайтаруға;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Заңға сәйкес жасалған шарттарда көзделген өзге де құқықтарды алуға құқылы.
      3. Ақпаратты жеткізушілер:
      1) ұйыммен ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарт жасасуға;
      2) деректер базасына ақпаратты осы Заңда және ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттарда айқындалған көлемде, тәртіппен және мерзімдерде қалыптастыру үшін ұсынуға;
      3) сақтандыру жөніндегі деректер базасы субъектісінің талабы бойынша деректер базасына берілген ақпаратқа түзетулер енгізуге;
      4) деректер базасына ақпаратты сақтандыру жөніндегі деректер базасының субьектісі туралы бар мәліметтермен дәлме-дәл сәйкестендіріп беруге;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді пайдалануға;
      6) меншікті қаражат есебінен ақпаратты алудың және оны өңдеудің тиісті талаптарын қамтамасыз етуге міндетті.
      4. Ақпаратты жеткізуші:
      1) берілген ақпараттың осы Заңға сәйкес пайдаланылуын ұйымнан талап етуге;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және (немесе) ақпаратты беру және (немесе) ақпаратты алу туралы шартқа сәйкес өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
      5. Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар:
      1) ақпаратты алушы ретінде тіркелу барысында олар ұсынған
мәліметтердің өзгеруі туралы хабарлауға;
      2) алынған ақпаратқа қатысты құпиялылықты сақтауға және оны үшінші тұлғаларға жарияламауға;
      3) алынған ақпаратты тек қана осы Заңда көзделген мақсаттар үшін пайдалануға;
      4) деректер базасына ақпаратты сақтандыру жөніндегі деректер базасының субъектісі туралы бар мәліметтермен дәлме-дәл сәйкестендіріп беруге;
      5) деректер базасынан ақпаратты ұсыну жөніндегі қызметке сақтандыру есептерін беру туралы шартта айқындалған тәртіппен, мөлшерде және мерзімде ақы төлеуге;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және (немесе) ақпаратты беру және (немесе) ақпаратты алу туралы шартқа сәйкес өзге де міндеттері болуға міндетті.
      6. Ақпаратты алушы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сақтандыру есебін алуға және өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
      7. Деректер базасының субъектісі:
      1) осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес өзі туралы сақтандыру есебін алуға;
      2) сақтандыру шартын жасасу кезінде осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушыдан сақтандыру есебімен танысуды не оған осы алушының деректер базасынан алған сақтандыру есебінің көшірмесін беруді талап етуге;
      3) жеткізуші туралы ақпаратты алуға байланысты сақтандыру есебінде қамтылған ақпаратпен келіспеушілігін білдіруге;
      4) ақпаратты жеткізушіге жалған ақпаратты түзету туралы талаппен өтініш жасауға құқылы.
      83-бап. Ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу
              туралы шарттың міндетті талаптары
      Ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта мыналар қамтылуы тиіс:
      1) тараптардың толық атауы, олардың орналасқан жері және банктік деректемелері туралы мәліметтер;
      2) осы Заңға сәйкес келетін шарттың мәнін көрсету;
      3) сақтандыру жөніндегі деректер базасынан берілетін сақтандыру есептерінің тізбесі және нысандары;
      4) осы Заңға сәйкес келетін тараптардың құқықтары мен міндеттері;
      5) сақтандыру жөніндегі деректер базасынан ақпаратты беру қызметтеріне ақы төлеу тәртібі;
      6) шартты қолдану мерзімі, оны өзгерту негізі мен тәртібі, оны бір жақты тәртіппен тоқтату және бұзу, сондай-ақ шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін салынатын айыппұлдардың мөлшері;
      7) ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартты бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі жөніндегі талаптар.
      Осы Заңның 81-бабы 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпаратты жеткізушілермен ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартты жасасу кезінде ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартқа мына талаптар міндетті түрде енгізілуі тиіс:
      1) осы Заңның 82-бабының 2-тармағында көзделген ақпараттың тізбесі мен нысандары туралы;
      2) деректер базасын және көрсетілген ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын құру үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану кезінде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді қорғау бойынша ұйымдастырушылық, техникалық шараларды және технологиялық талаптарды бірлесіп іске асыру міндеттілігі туралы.
      84-бап. Ұйымда тіркеу
      Деректер базасында осы Заңның 80-бабының 2-тармағында көрсетілген ақпаратты жеткізушілерді тіркеу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) ұйымда тіркеу туралы өтініш;
      2) сақтандырудың міндетті түрі бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына уәкілетті орган берген лицензияның нотариатта куәландырылған көшірмесі (осы Заңның 80-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпаратты жеткізуші үшін);
      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      4) деректер базасынан сұратуды белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға уәкілетті тұлғаның тегі, аты, бар болса әкесінің аты, лауазымы туралы ақпарат.
      Қажет болған жағдайда көрсетілген ақпарат осы тұлғалардың электронды цифрлы қойылған қолымен куәландырылады.
      85-бап. Ұйымды қайта ұйымдастыру, тарату
      Ұйымды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ұйым қайта ұйымдастырылған жағдайда деректер базасы бөлу, қосылу, біріктіру, бөлектеу немесе қайта құру нәтижесінде құрылған құқықтық мұрагерге берілуі тиіс.
      Ұйым таратылған жағдайда деректер базасы осы Заңның 79-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес келетін деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі басқа ұйымға өтеусіз негізде берілуі тиіс".
      3. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 11, 63-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; 2006 ж., N 4, 25-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 8, 52-құжат):
      1-бапта:
      2) тармақшасындағы "міндетті" деген сөз алып тасталсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) сақтандыру шарты - кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтанушының сақтандыру ұйымымен жасасқан шарты;";
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) кепілдік берілетін сақтандыру түрлері - міндетті немесе ерікті сақтандыру түрлері, олар бойынша Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісінде немесе "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті қатысу көзделген;";
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға не кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша қызметті жүзеге асыруға және/немесе лицензия алуға ниет білдірген сақтандыру ұйымы;";
      6), 7) тармақшалардағы "міндетті" деген сөз алып тасталсын;
      8) тармақшада "міндетті" деген сөз "кепілдік берілетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) тармақша алып тасталсын;
      12) тармақшадағы "міндетті" деген сөз алып тасталсын;
      2) 9-баптың 1-тармағында "сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін Қорға қатысуы қажет болғанда" деген сөздер "лицензия алу үшін және/немесе кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша қызметті жүзеге асыру үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 11-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Қордың қатысушы-сақтандыру ұйымы кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін тоқтатқан және сақтандырудың осы түрлері бойынша жасалған сақтандыру шарттарының қолданылуын тоқтатқан жағдайда тоқтатылады.";
      4) 12-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Міндетті жарналардың ставкасын өткен қаржы жылы үшін кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру сыйлықақыларының және сақтандыру төлемдерінің мөлшері негізінде Қор жыл сайын айқындайды.";
      2-тармақта және 4-тармақтың бірінші бөлігінде "міндетті" деген сөз "кепілдік берілетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 13-бапта "міндетті" деген сөз "кепілдік берілетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 16-бапта:
      1, 2-тармақтардағы "міндетті" деген сөз алып тасталсын;
      3-тармақта:
      бірінші бөлігі "негізінде" деген сөзден кейін "немесе сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін негізге ала отырып, ерікті сақтандыру шартына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші және үшінші бөліктердегі "міндетті" деген сөз алып тасталсын;
      4-тармақта:
      "міндетті" деген сөзден кейін "немесе ерікті" деген сөздермен толықтырылсын;
      "көлемдегі" деген сөзден кейін "және талаптарда" деген сөздермен толықтырылсын;
      "міндетті сақтандырудың осы түрі" деген сөздерден кейін "не ерікті сақтандырудың бұрынғы шарты" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақта:
      "міндетті" деген сөз алып тасталсын;
      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл ретте, ерікті сақтандыру шарты бұрынғы шартта көзделгендермен салыстырғанда сақтандырылушының жай-күйін нашарлатпайтын талаптарда жасалады.";
      6-тармақтың бірінші бөлігінде және 8-тармақта "міндетті" деген сөз алып тасталсын;
      7) 17-баптың 2) және 3) тармақшаларында "міндетті" деген сөз алып тасталсын;
      8) 18-бапта:
      1-тармақта:
      4) тармақшадағы "міндетті" деген сөз алып тасталсын;
      5) тармақшада "осы Заңда және" деген сөздер "осы Заңда, сақтандыру шартында немесе" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың 1) тармақшасында "заң актісіне" деген сөздерден кейін "немесе "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) 19-баптың 2-тармағында:
      2), 6) тармақшалардағы "міндетті" деген сөз алып тасталсын;
      4) тармақшада:
      "міндетті" деген сөз "кепілдік берілетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "заң актісіне" деген сөздерден кейін "немесе "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен толықтырылсын;
      10) 20-баптағы "міндетті" деген сөз алып тасталсын;
      11) 21-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасында "міндетті" деген сөз алып тасталсын;
      2-тармақтың 1)тармақшасында:
      "міндетті сақтандыру туралы заң актісінде" деген сөздер "міндетті сақтандыру туралы заң актісінде немесе ерікті сақтандыру шартында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "міндетті" деген сөз алып тасталсын;
      12) 24-баптың 1-тармағында:
      "сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына" деген сөздер алып тасталсын, "лицензиясы бар" деген сөздерден кейін "және сол бойынша қызметті жүзеге асыратын" деген сөздермен толықтырылсын;
      "міндетті" деген сөз "кепілдік берілетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының заң актілерімен лицензиаттардың Қорға қатысу міндеті көзделген сақтандырудың" деген сөздер "Сақтандырудың" деген сөзбен ауыстырылсын.
      4. "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж. N 2, 10-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 20, 89-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., N 2-3, 16, 18-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 16 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 14 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 11 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 29 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 22 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 31 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 30 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 28 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 17 шілдедегі Заңы; 2009 жылғы 22 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне фитосанитариялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 32-бапта:
      3) тармақшадағы төртінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "сақтандырушының пайдасына сақтанушының қатысуымен өмірді сақтандыру";
      "инвестицияларға байланысты өмірді сақтандыру.";
      4) тармақша:
      мынадай мазмұндағы он жетінші абзацпен толықтырылсын:
      "осы тармақшаның он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтарында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының шығындарынан сақтандыру;";
      мынадай мазмұндағы он тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      "титулдық сақтандыру;";
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) тәуелсіз актуарий ретінде қызметті жүзеге асыратын және тізбесі мен қойылатын талаптары қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген актуарийлер қауымдастығының мүшесі болып табылатын тұлғалардың қызметін қоспағанда, сақтандыру нарығындағы актуарийлік қызмет;";
      3) 47-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі:
      "заңды тұлғаның атауы өзгерген," деген сөздерден кейін "сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын алып тастаған," деген сөздермен толықтырылсын;
      "ресімдеу туралы өтініш" деген сөздерден кейін "пен "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де құжаттарды" деген сөздермен толықтырылсын.

      2-бап.
      1. Осы Заң мыналарды:
      1) осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының сегізінші абзацын, 12) - 14) тармақшаларын, 32) тармақшасының жетінші абзацын;
      2) 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының тоғызыншы - он бірінші абзацтарын, 9) тармақшасын, 23) тармақшасының бесінші, алтыншы, сегізінші - оныншы абзацтарын, 32) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтарын, 37) тармақшасының он екінші - он бесінші абзацтарын, 39) тармақшасын, 3-тармағын;
      3) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының отыз үшінші абзацын, 5) тармақшасының тоғызыншы абзацын, 8) тармақшасының он тоғызыншы - жиырма үшінші абзацтарын, 15) тармақшасын, 36) тармақшасын, 4-тармағының 1) тармақшасының оныншы, он бірінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2. Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары 2011 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде сақтандыру жөніндегі деректер базасының  қатысушылары болуға және өкілдер кеңесінің құрамына енуге міндетті.
      3. "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларында, 3-тармағының 1), 2), 13), 14) тармақшаларында көзделген сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде сақтандыру жөніндегі деректер базасының қатысушылары болуға және өкілдер кеңесінің құрамына енуге міндетті.
      4. "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 3), 4) тармақшаларында, 3-тармағының 3) - 8), 9) - 12), 15) - 17) тармақшаларында көзделген сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде сақтандыру жөніндегі деректер базасының қатысушылары болуға және өкілдер кеңесінің құрамына енуге міндетті.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады