"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 тамыздағы N 1283 Қаулысы

      Ескерту. Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентінен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2010.04.23 № 341 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

      жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., N 21, 93-құжат):
      146-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "келіспеген жағдайда" деген сөздерден кейін "ол актіге қол қойған күнінен бастап" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. "Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 9, 94-құжат; 1999 ж., N 12, 398-құжат; 2009 ж., N 8, 44-құжат):
      45-баптағы "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы," деген сөздерден кейін "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы," деген сөздермен толықтырылсын.
      3. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 14, 119-құжат; 2004 ж., N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28-құжат; N 9, 67-құжат; N 17, 141-құжат; 2008 ж., N 15-16, 64-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 20, 88-құжат; N 21, 97-құжат; N 23, 114-құжат; 2009 жылғы 21 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 21 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан инвестициялық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы" 2009 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      43-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногындағы операциялар жөніндегі мәліметтерді қоспағанда, республикалық бюджет қаражатын, сондай-ақ мемлекет активтерін пайдалануға байланысты мәселелер бойынша;".

      2-бап. Осы Заң алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады