Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010 - 2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010 - 2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшері бекітілсін:
2010 жыл - 1 075 700 000 мың теңге;
2011 жыл - 1 171 000 000 мың теңге;
2012 жыл - 1 266 000 000 мың теңге.
2-бап. Осы Заң 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті