Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жолының жобасы шеңберінде "Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз" жолының учаскесін реконструкциялау туралы Истисна'А келісімін және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жолының жобасы шеңберінде "Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз" жолының учаскесін реконструкциялау туралы агенттік келісімді (Истисна'А) ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жолының жобасы шеңберінде "Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз" жолының учаскесін реконструкциялау туралы Истисна'А келісімін және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жолының жобасы шеңберінде "Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз" жолының учаскесін реконструкциялау туралы агенттік келісімді (Истисна'А) ратификациялау туралы
Астанада 2009 жылғы 31 шілдеде қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жолының жобасы шеңберінде "Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз" жолының учаскесін реконструкциялау туралы Истисна'А келісімі және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жолының жобасы шеңберінде "Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз" жолының учаскесін реконструкциялау туралы агенттік келісім (Истисна'А) ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті