Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі N 688 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 қыркүйектегі N 1341 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 № 970 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі N 688 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) тақырыбындағы және мәтініндегі "Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен" деген сөздер "Халықаралық рейтингтік агенттіктермен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия құрамына мыналар енгізілсін:

Сүлейменов             - Қазақстан Республикасының Экономика
Тимур Мұратұлы           және бюджеттік жоспарлау
                         вице-министрі, төрағаның орынбасары

Бақаев                 - Қазақстан Республикасы Экономика
Әлібек Әсетұлы           және бюджеттік жоспарлау
                         министрлігі Халықаралық қатынастар
                         департаментінің директоры, хатшы

Ақышев                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Данияр Талғатұлы         Банкі Төрағасының орынбасары
                         (келісім бойынша)

Мокроусов              - "Қазкоммерцбанк" акционерлік қоғамының
Сергей Дмитриевич        атқарушы директоры (келісім бойынша)

      көрсетілген Комиссияның құрамынан Ғалым Михайлұлы Әбішев, Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров, Асқар Болатұлы Баталов, Гүлнәр Аманқұлқызы Ділімбетова, Жәнібек Сапарұлы Ысқақов, Бекжан Жантөреұлы Қалыбеков, Фархад Шаймұратұлы Қуанғанов, Ғалымжан Олжаұлы Пірматов, Медет Мақсұтұлы Сартбаев, Роман Владимирович Солодченко, Андрей Игоревич Тимченко шығарылсын;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия туралы ереже және Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 10 қыркүйекте
N 1341 қаулысына  
1-қосымша     

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 17 шілдедегі
N 688 қаулысымен   
бекітілген     

Халықаралық рейтинтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) туралы ереже Комиссияның мақсаттарын, міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.
      2. Комиссияның басты мақсаты халықаралық рейтингтік агенттіктермен тұрақты негізде қажетті келісілген ақпаратты оларға ұсыну жолымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне ұқсас егемен кредиттік рейтингтері бар елдер тобында болуын қамтамасыз ету болып табылады.

2. Комиссияның негізгі міндеттері мен өкілеттіктері

      3. Комиссияның міндеттері:
      халықаралық рейтингтік агенттіктермен ынтымақтастықтың тиімді нысанын айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      халықаралық рейтингтік агенттіктерге ақпарат беру стандарттары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      Халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
      4. Комиссия өз құзыреті шегінде өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін:
      халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, үйлестіру және жетілдіру үшін қажетті іс-қимыл жасауға;
      сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардан тиісті бейіндегі мамандарды тартуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда қойылған міндеттерді шешу үшін сарапшы топтарды ұйымдастыруға;
      мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен ақпарат сұратуға және алуға;
      өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеуге және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мүдделі мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізуге құқылы.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      5. Комиссияны оның төрағасы басқарады.
      6. Комиссияның төрағасы оның жұмысын ұйымдастырады, төраға болмаған жағдайда Комиссияның отырысын төраға орынбасарларының бірі өткізеді.
      7. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып табылады.
      8. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі. Комиссияның отырысын өткізу туралы шешімді төраға не оның орынбасары қабылдайды.
      9. Комиссияның шешімдері оның отырыстарының хаттамаларымен ресімделеді. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру жолымен көпшілік дауыспен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 10 қыркүйектегі
N 1341 қаулысына   
2-қосымша     

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 17 шілдедегі
N 688 қаулысымен   
бекітілген     

Халықаралық рейтинтік агенттіктермен өзара іс-қимылды
жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шаралардың атауы

Аяқталу нысаны

Орындалуына жауаптылар

Іске асырылу мерзімі

Болжамды шығыстар

1

2

3

4

5

6

1.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы келісілген формат бойынша ағылшын тілінде халықаралық рейтингтік агенттіктерге таныстыру ақпаратын ұсыну

Stаndаrd& Poor's, Moody's Investors Service, Fitch Rаtings Ltd-ға таныстыру

ЭБЖМ (жинақтау), ҚҚА (келісім бойынша), ҰБ, АӨҚОҚРА (келісім бойынша), Қаржымині, СА, ИСМ, ҚҚҚ (келісім бойынша)

Тоқсан сайын

Талап етілмейді

2.

Халықаралық рейтингтік агенттіктердің талдаушыларына олардың сұрауы бойынша қызықтыратын ақпарат беру

Stаndаrd& Poor's, Moody's Investors Service, Fitch Rаtings Ltd-ға ақпарат

ЭБЖМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар

Тұрақты негізде

Талап етілмейді

3.

Stаndаrd& Poor's, Moody's  Fitch талдаушыларының Қазақстанға жыл сайынғы сапарларын жоғары деңгейде ұйымдастыру

Stаndаrd& Poor's, Moody's Investors Service, Fitch Rаtings Ltd.талдаушыларының сапары

ЭБЖМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар

Жылына 3 рет

Республикалық бюджет 010 "Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін қайта қарау мәселелері бойынша халықаралық рейтингілік агенттіктерімен өзара іс-қимыл" республикалық бюджеттік бағдарламасы

4.

Талдаушылармен және агенттіктердің өзге де тұлғаларымен көкейкесті мәселелерді талқылау бойынша Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының және өзге де ұйымдарының қатысуымен Конференц-саll ұйымдастыру

Конференц-саll

ЭБЖМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдары, ҚҚҚ (келісім бойынша)

Ай сайын

Талап етілмейді

5.

Халықаралық рейтингтік агенттіктердің алдын ала баспасөз-релиздерін талдау, қажет болған жағдайда талдаушыларға дау туғызатын ақпарат жіберу

Талдамалық жазба

ЭБЖМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар

Жылына 3 рет

Талап етілмейді

6.

Қазақстан Республикасының экономика саласындағы барлық оң үрдістер мен жаңалықтар туралы халықаралық рейтингтік агенттіктерге ақпараттық анықтама жіберу

Ақпараттық анықтама

ЭБЖМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, ҚҚҚ (келісім бойынша)

Тұрақты негізде

Талап етілмейді

7.

Дағдарыстық жағдайларға ерте ден қою жүйесін құру шеңберінде кейіннен жұмыста пайдалану үшін талдаушылардың болжамдарын мүдделі мемлекеттік органдарға жіберу

Ақпараттық анықтама

ЭБЖМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, ҚҚҚ (келісім бойынша)

Рейтинг тік агенттіктер талдаушыларының болжамдарын беруіне қарай

Талап етілмейді

8.

Шет елдердің рейтингтеріне мониторинг, басқа елдер бойынша талдаушылардың ұстанымдары, оларды Қазақстан бойынша деректермен салыстыру

Талдамалық ақпарат

ЭБЖМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, ҚҚҚ (келісім бойынша)

Жарты жылда 1 рет

Талап етілмейді

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

АӨҚОҚРА        - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік
                 қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
СА             - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
ҚҚҚ            - Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы
ҚНРА           - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы
                 ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
ИСМ            - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
                 министрлігі
Қаржымині      - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭБЖМ           - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
                 жоспарлау министрлігі
ҰБ             - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады