Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1188 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі N 1350 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 774 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.09.2015 № 774 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1188 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 45, 564-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесінде:
      5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар поездарының құрамында вагон-мейрамханалардың және багаждық вагондардың қатынастарын заңнамаға сәйкес қамтамасыз ететін тасымалдаушыларға табиғи монополиялар саласындағы бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган жыл сайын белгіленген тәртіппен осы вагондардың жүрісі үшін магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне арналған тарифтерге (бағаларға, ставкаларға, алымдарға) уақытша төмендету коэффициентін белгілейді.";
      7-тармақта:
      "есепті" деген сөз "нақты" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Субсидияланатын қызметке байланысты нақты шығыстарды қалыптастыру кезінде тасымалдаушылардың осы Ережеге 4-қосымшада көрсетілген шығыстары ескерілмейді.";
      8-тармақтағы "бағасының" деген сөз "бағалары көтерілуінің" деген сөздермен ауыстырылсын:
      11-тармақтың 2) тармақшасындағы "облысаралық" деген сөз алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
      "13-1. Ағымдағы қаржы жылына арналған тиісті бюджетте көзделген қаражат шегінде тасымалдаудың маусымдылығына, сондай-ақ жолаушылар ағынына байланысты тараптардың өзара келісімі бойынша шартқа қосымша келісім жасау арқылы поездардың құрамдылығына сәйкес субсидиялар сомасын қайта қарауға жол беріледі.";
      14-тармақтағы "Шарт" деген сөзден кейін "үш жылға дейін мерзімін ұзарту құқығымен" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      "14-1. Шарттың қолданылу мерзімі тиісті бюджетте көзделген субсидиялар көлемінен аспайтын көлемде тендер шарттары орындалған және міндетті сақталған жағдайда келесі қаржы жылына ұзартылады.";
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Республикалық бюджеттен субсидияларды төлеу тиісті қаржы жылына арналған стратегиялық жоспарға және төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес жүргізіледі.";
      16-тармақтағы "міндеттемелер және" деген сөздер алынып тасталсын;
      19-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) қатынас бойынша орындалған тасымалдар көлемін растайтын және осы поезда тасымалданған жолаушылар, үлгілері бойынша вагондар саны, жолаушылар айналымы, вагондардың толымдығы, сондай-ақ жол жүру құжаттарын сатудан түскен кіріс сомасы туралы мәліметтерді қамтитын магистральдық темір жол желісі операторының құжаты;";
      мынадай мазмұндағы 4), 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4) тасымалдаушы мен магистральдық темір жол желісі, локомотивтік тарту операторы арасындағы есепті айдың бірінші күніне өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі;
      5) осы Ережеге 1-2, 1-3-қосымшаларға сәйкес темір жол жолаушылар тасымалын орындау кезіндегі шығыстар мен кірістер бойынша ай сайынғы есептер;
      6) осы Ережеге 1-4-қосымшаға сәйкес тасымалдаушының темір жол көлігімен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру жөніндегі тікелей шығыстарының тізілімі.";
      мынадай мазмұндағы 21-тармақпен толықтырылсын:
      "21. Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша темір жол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылар бағыттар бөлінісінде кірістердің, шығындардың және іске тартылған активтердің жеке есебін жүргізеді.";
      көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:
      мәтіндегі "Біз, төменде қол қойғандар
      (басшының, бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.)" деген сөздер "Біз, төменде қол қойғандар
      (актілерді қабылдауға жауапты басшының қолы, Т А.Ә.)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      сол жақ төменгі бұрыштағы "бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә." деген сөздер "актілерді қабылдауға жауапты басшының қолы, Т.А.Ә." деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген Ережеге 3-қосымшада:
      оң жақ төменгі бұрыштағы "бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә." деген сөздер "актілерді қабылдауға жауапты басшының қолы, Т.А.Ә." деген сөздермен ауыстырылсын;
      осы қаулының 1, 2, 3 және 4-қосымшаларына сәйкес көрсетілген Ережеге 1-2, 1-3, 1-4 және 4-қосымшалармен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
      Үкіметінің        
2009 жылғы 11 қыркүйектегі
N 1350 қаулысына     
1-қосымша        

Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты  
залалдарын субсидиялау ережесіне         
1-2-қосымша                        

Темір жолмен жолаушылар тасымалын орындау кезіндегі
кірістер бойынша

20 __ жылғы ____________________ есеп

Вагондар түрі

Саны

Барлық бағытқа кірістер

Барлығы

соның ішінде

жолаушылар тасымалынан

төсек-орын сатудан

шай сатудан

Өзге де кірістер

сервистік қызметтер

жүрісі

вагондарды жалға алу

агенттік  комиссиялық сыйақы

тасымалдау бланкілерін пайдалану

жергілікті кіріс

бастапқы құжаттарды өңдеу жөніндегі қызметтер

Өзгелері (жедел хаттар, баспа өнімдерін тарату)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

Барлығының саны














соның ішінде: люкс














күпе














плацкарт














жалпы














жүк














вагон-мейрамханалар














почта














Ұлттық Банктің














Әділетминінің














Өзгелері (жеке және заңды тұлғалардың тапсырысы бойынша)














кестенің жалғасы

Қазақстан аумағы бойынша кірістер

Барлығы

соның ішінде

жолаушылар тасымалынан

төсек-орын сатудан

шай сатудан

Өзге де кірістер

сервистік қызметтер

жүрісі

вагондарды жалға алу

агенттік комиссиялық сыйақы

тасымалдау бланкілерін пайдалану

жергілікті кіріс

бастапқы құжаттарды өңдеу жөніндегі қызметтер

Өзгелері (жеделхаттар, баспа өнімдерін тарату)

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26





































































































































Ескертпе:
1) Қазақстан аумағында әлеуметтік мәні бар вагондар бойынша шығыстар, барлығы ______________________ мың теңге
2) Әлеуметтік мәні бар вагондар бойынша кірістер (билеттер, төсек-орын, шай сатудан, басқа да тасымалдаушыларға қызмет көрсетуден) __________________ мың теңге
3) Қазақстан Республикасы әлеуметтік мәні бар вагондар бойынша кірістер, барлығы ____________ мың теңге
4) Шығыстар мен кірістер арасындағы айырма {әлеуметтік мәні бар вагондар бойынша) ____________ мың теңге

Басшы __________________        Бас бухгалтер ______________
      Т.А.Ә. қолы                             Т.А.Ә. қолы

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2009 жылғы 11 қыркүйектегі
N 1350 қаулысына    
2-қосымша        

Тасымалдаушының әлеуметтік мәні  
бар қатынастар бойынша жолаушылар 
тасымалдауды жүзеге асыруына  
байланысты залалдарын субсидиялау
ережесіне           
1-3-қосымша          

Темір жолмен жолаушылар тасымалын орындау кезіндегі
шығыстар бойынша

20 __ жылғы ______________ есеп

Вагондар түрі

Саны

Барлық бағыттағы шығыстар

Қазақстан аумағы бойынша шығыстар

Барлығы

соның ішінде

Барлығы

соның ішінде

локомотивтік  тартымы

МТЖ

тасымалдаушының шығыстары

соның ішінде кезең шығыстары

локомотивтік тартымы

МТЖ

тасымалдаушының шығыстары

соның ішінде кезең шығыстары

Барлық саны












соның ішінде: люкс












купе












плацкарт












жалпы












жүк












вагон-мейрамханалар












почта












Ұлттық Банктің












Әділетминінің












Өзгелері (жеке және заңды тұлғалардың тапсырысы бойынша)












Ескертпе:
1) Әлеуметтік мәні бар вагондар бойынша шығыстар,
барлығы _____________________ мың теңге
2) Қазақстан аумағындағы әлеуметтік мәні бар вагондар бойынша
шығыстар, барлығы ___________ мың теңге

Басшы _________________              Бас бухгалтер ________________
        Т.А.Ә. қолы                                  Т.А.Ә. қолы

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2009 жылғы 11 қыркүйектегі
N 1350 қаулысына    
3-қосымша      

Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар
қатынастар бойынша жолаушылар  
тасымалдауды жүзеге асыруына  
байланысты залалдарын      
субсидиялау ережесіне      
1-4-қосымша           

Тасымалдаушының темір жол көлігімен жолаушылар тасымалын
ұйымдастыру жөніндегі тікелей шығыстарының тізілімі

_________________________ жылдың _____________ айына
(тасымалдаушының атауы)

(мың теңге)

Кезең

Шығыстардың атауы

Шығыс құжаты

Шығыс құжаты бойынша сомасы

Вагондардың жалпы жүрісі, ваг-км

Субсидияланатын вагондар бойынша жүріс, ваг-км

Субсидияланатын вагондар бойынша шығыстар сомасы




































Басшы __________________          Бас бухгалтер __________________
         Т.А.Ә. қолы                               Т.А.Ә. қолы

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2009 жылғы 11 қыркүйектегі
N 1350 қаулысына    
4-қосымша        

Тасымалдаушының әлеуметтік мәні   
бар қатынастар бойынша жолаушылар  
тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты
залалдарын субсидиялау ережесіне  
4-қосымша           

Тасымалдаушылардың субсидияланатын қызметке байланысты нақты
шығыстарын қалыптастыру кезінде ескерілмейтін шығыстардың
тізбесі

      Субсидияланатын қызметке байланысты нақты шығыстарды қалыптастыру кезінде тасымалдаушылардың мынадай:
      1) нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысыраптар, тауарлық-материалдық құндылықтардың бүлінуі мен жетіспеуі және қоймалардағы тауарлар қорлары, басқа да өндірілмейтін шығыстар (жұмысты ұйымдастыру сапасына және басқа да факторларға байланысты әр түрлі сипаттағы ысыраптарды жабатын өндірістік қызметке арналған шығындар) мен ысыраптар;
      2) ластағыш заттардың нормативтен тыс шығарындылары (тастандылары) үшін төленетін төлемдер;
      3) үмітсіз борыштар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі аяқталған дебиторлық берешек);
      4) шаруашылық шарттардың талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы мен санкциялардың басқа түрлері;
      5) кірісті жасырғаны (азайтқаны) үшін төленетін айыппұлдар мен өсімпұлдар;
      6) ұрлықтардан келген зияндар;
      7) ақаудан болған ысыраптар;
      8) қызмет көрсететін шаруашылықтар мен учаскелерді ұстау (үй-жайларды тегін беру, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына коммуналдық қызметтер құнын төлеу және т.б.);
      9) денсаулық сақтау объектілерін, мектепке дейінгі балалар ұйымдарын, оқу орындарын, оның ішінде кәсіптік-техникалық училищелерді ұстау;
      10) сауықтыру лагерьлерін, мәдениет және спорт объектілерін, тұрғын үй қорын ұстау;
      11) ұйым қызметкерлері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, саяжай үйлерін сатып алуға және үй шаруашылығымен айналысуға алған несиелерді (пайызсыздарды қоса алғанда) өтеу;
      12) мәдени-ағарту, сауықтыру және спорттық іс-шараларды (демалыс кештерін, концерттерді және басқаларды) өткізу;
      13) демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету;
      14) жолаушыларды темір жол көлігімен әлеуметтік бар қатынастар бойынша тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуге тікелей қатысы жоқ шығыстардың басқа да түрлері бойынша шығыстары ескерілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады