Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1295 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі N 1351 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Карантиндік объектілер және ерекше қауіпті зиянды организмдер тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1295 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 44, 440-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы "объектілер" деген сөзден кейін ", бөтен текті түрлер" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақтың 1) тармақшасындағы "Қарсы күрес жүргізу ісі республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантиндік объектілер" деген сөздер "Оларға қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қарсы күрес жүргізу ісі республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантиндік объектілер тізбесінде:
      тақырыбындағы "Қарсы күрес жүргізу ісі республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантиндік объектілер" деген сөздер "Оларға қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
                              "Бөтен текті түрлер
      Agrilus planipennis Fairmaire
      Diabrotica virgifera Le Conte
      Diabrotica barberi Smith Lowrence
      Diabrotica undecimpunctata howardi Barder
      Diabrotica speciosa Germer".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады