Алматы облысының Талдықорған қаласындағы облыстық наркологиялық диспансердегі өрттің себептерін тексеру жөнінде үкіметтік комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қыркүйектегі N 1365 Қаулысы

      2009 жылғы 13 қыркүйекте болған Алматы облысының Талдықорған қаласындағы облыстық наркологиялық диспансердегі өрттің себептерін тексеру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда Алматы облысының Талдықорған қаласындағы облыстық наркологиялық диспансердегі өрттің себептерін тексеру және өрттің салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрылсын.
      2. Комиссия жедел жұмысқа кіріссін, өрттің себептерін жан-жақты тексеруді қамтамасыз етсін, келтірілген залалдың көлемін анықтасын, зардап шеккендерге және қайтыс болғандардың отбасыларына бірінші кезекте көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. Комиссияның жетекшісі С.Н. Ахметов өрттің себептерін тексеру нәтижелері мен зардап шеккендерге және қайтыс болғандардың отбасыларына бірінші кезекте көмек көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К.  Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2009 жылғы 14 қыркүйектегі
N 1365 қаулысына     
қосымша          

Алматы облысының Талдықорған қаласындағы облыстық наркологиялық
диспансердегі өрттің себептерін тексеру жөніндегі үкіметтік
комиссия

Ахметов                  - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Серік Нығметұлы            орынбасары, төраға

Божко                    - Қазақстан Республикасының Төтенше
Владимир Карпович          жағдайлар министрі, төрағаның орынбасары

Үмбетов                  - Алматы облысының әкімі, төрағаның
Серік Әбікенұлы            орынбасары

Тәкенов                  - Алматы облысы әкімінің орынбасары, хатшы
Болат Долдайұлы

Досқалиев                - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Жақсылық Ақмырзаұлы        министрі

Жөргенбаев               - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
Мұхтар Әкебайұлы           орынбасары

Сабдалин                 - Қазақстан Республикасының Төтенше
Абылай Қиялұлы             жағдайлар вице-министрі

Вощенкова                - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Тамара Анатольевна         вице-министрі

Шолпанқұлов              - Қазақстан Республикасының Қаржы
Берік Шолпанқұлұлы         вице-министрі

Сүлейменов               - Қазақстан Республикасының Экономика және
Тимур Мұратұлы             бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Әубәкіров                - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Серік Ғабдоллаұлы          министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің
                           төрағасы

Бисақаев                 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
Серікқали Ғұмарұлы         әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және
                           әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы

Әміров                   - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Мұхарам Серікұлы           министрлігі Тергеу комитетінің төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады