Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы N 778 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі N 1370 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 06.10.2016 № 568 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы N 778 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 30, 330-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу ережесінде:

      15-тармақтың бірінші абзацы "келісілмесе;" деген сөзден кейін "жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғаса және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері ұсынған сараптамалық қорытындылар түрінде қосымшалары болмаса;" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады