Мүлікті тапсырудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 қыркүйектегі N 1393 Қаулысы

      Америка Құрама Штаттары Елшілігінің 2009 жылғы 12 маусымдағы N 0361/09 нотасы негізінде және 1993 жылғы 13 желтоқсанда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континетаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және жаппай қырып-жоятын қарудың таралуын болдырмауға қатысты келісімді (бұдан әрі - Келісім) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Келісім шеңберінде Америка Құрама Штаттарының Үкіметінен Қазақстан Республикасының Үкіметіне өтеусіз негізде келіп түскен мүлік қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес мақсатты пайдалану үшін кейіннен Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарына беру үшін республикалық меншікке қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен бірлесіп, занңамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мүлікті қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                          К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2009 жылғы 17 қыркүйектегі
N 1393 қаулысына    
қосымша         

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық
орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарына
берілуге тиіс мүліктің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Атом энергиясы институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорнына:
      Веуbеn маркалы тартқыш жол тракторлары (Қытайда жасалған), саны 2 бірлік, NN LВZ447DВ48А005440, LВZ447DВ48А005441 қорап, NN 1408F001594, 1408F001584 қозғалтқыш;
      Тnаngі маркалы жол тіркеуіштері (Қытайда жасалған), саны 2 бірлік, NN LА9D8KGТ48DWАС113, LА9D8DWАС144 шасси.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі "Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Байкал" шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорнына:
      ТМ-4-3 модельді темір жол вагон тасымалдағышы (Ресейде жасалған), саны 5 бірлік, зауыттық нөмірлері ТМ-4-3-01, ТМ-4-3-02, ТМ-4-3-03, ТМ-4-3-04, ТМ-4-3-05;
      күзет вагондарына түрлендірілген 61-4174 модельді жолаушылар вагондары (Ресейде жасалған), саны 2 бірлік, зауыттық нөмірлері 002 және 003.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады