Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 24 қыркүйектегі N 1433 Қаулысы

      "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасында А/Н1N1 тұмауы таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарын қосымша жабдықтауға тепловизорлар және инфрақызыл пирометрлер сатып алу үшін 2009 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға көзделген резервінен 24341100 (жиырма төрт миллион үш жүз қырық бір мың бір жүз) теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.29 № 2220 Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады