Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қыркүйектегі N 1464 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж.,  N 14, 168-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
      13-тармақта:
      4) тармақшада:
      бесінші абзацтағы "ветеринариялық қадағалауға" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылауға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "ветеринария;";
      24) тармақшада "тіркеу" деген сөзден кейін ", өндіру" деген сөзбен толықтырылсын;
      26) тармақшада:
      "бекітеді" деген сөз "келіседі" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "және карантиндік іс-шараларды" деген сөздер "іс-шараларды және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      31) тармақшада "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын;
      32) тармақшада "инспектордың" деген сөзден кейін "және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "39) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық іс-шараларды, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен нормаларды, бірдейлендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық есеп пен есептілік нысандарын, ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу, оларды табыс ету тәртібін, сондай-ақ ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;";
      41) тармақшада:
      "әзірлейді және" деген сөздер алынып тасталсын;
      "адамдар мен жануарлардың" деген сөздер "жануарлар мен адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      140) тармақшада:
      "(жүктерді)" деген сөз алынып тасталсын;
      148) және 149) тармақшаларда "ветеринарлық қадағалануға" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылауға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 163), 164), 165), 166), 167), 168), 169), 170), 171), 172), 173), 174), 175), 176), 177), 178), 179), 180), 181), 182), 183) тармақшалармен толықтырылсын:
      "163) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекітеді;
      164) ветеринария саласындағы қызметті лицензиялаудың біліктілік талаптары мен ережелерінің жобаларын әзірлейді;
      165) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау ережесін бекітеді;
      166) аумақты аймақтарға бөлу тәртібін айқындайды;
      167) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын келіседі;
      168) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру, пайдалану және есептен шығару тәртібі мен нормативін бекітеді;
      169) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын мемлекеттік сатып алуды, сақтауды, пайдалануды және есептен шығаруды ұйымдастырады;
      170) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын пайдалану кезінде оларды есептен шығару, сондай-ақ оларды сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз деп тану тәртібі мен нормативін бекітеді;
      171) Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
      172) тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру тәртібін бекітеді;
      173) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу туралы және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына рұқсат беретін ұйымдарды айқындау туралы шешім шығарады;
      174) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру тәртібін әзірлейді және береді;
      175) ұйымдарда ветеринария саласында пайдаланылатын жануарлар ауруларын қоздырушы штаммдардың пайдаланылуына, тасымалдануына (жеткізілуіне), сақталуына және жойылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асырады;
      176) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің сынамалар іріктеу тәртібін айқындайды;
      177) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік нұсқауларды келіседі;
      178) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері туралы үлгі ережені әзірлейді;
      179) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін әзірлейді;
      180) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу ережелерін бекітеді;
      181) жеке және заңды тұлғаларға экспорттау, импорттау және транзиттеу еліндегі эпизоотиялық жағдай туралы ақпарат береді;
      182) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру тәртібін әзірлейді;
      183) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;";
      14-тармақта:
      3) тармақшада "ветеринарлық қадағалануға" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылауға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "24) жаңа ветеринариялық препараттарға, жемшөп пен жемшөп қоспаларына, аспаптарға, құрал-саймандарға қорытындылар беру;";
      25) тармақшада "ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақыланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      30) тармақшада "Қазақстан" деген сөздің алдында "пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу және" деген сөздермен толықтырылсын;
      31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "31) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру және олардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;";
      37) тармақшада "осы аймақтарда міндетті іс-шараларды жүргізу тәртібін әзірлейді" деген сөздер "осы аймақтарда өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін әзірлеу және олардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      71) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "71) жануарлар аурулары бойынша эпизоотиялық мониторинг жүргізу, эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеу;";
      72) тармақшада "ветеринарлық қадағалануға" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылауға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      73) және 74) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "73) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізілімін жүргізу;
      74) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тамақ өнімін, жемшөп, жемшөп қоспаларын өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы уәкілетті органмен келісу;";
      75) тармақшада "ветеринарлық қадағалануға" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылауға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      112) тармақшада "елдерде" деген сөз "мемлекеттерде" деген сөзбен ауыстырылсын;
      113) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "113) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтерді (улы химикаттарды), оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;";
      мынадай мазмұндағы 113-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "113-1) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құру;";
      114) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "114) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөлу;";
      121), 122) және 123) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "121) ветеринариялық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және ветеринария саласындағы мамандарды қайта даярлау;
      122) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық препараттарды және оларды сақтау, тасымалдау (жеткізу) және пайдалану жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
      123) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;";
      124) тармақшада "ветеринариялық" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      125) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "125) ауру таралмаған немесе ауру аз таралған аумақты немесе оның бөліктерін айқындау, осы аумақтардан экспортталатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру, импортталатын елге растауды беру және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда, оның өкілдерінің осы аумақтарда инспекция жүргізуге қол жеткізуін қамтамасыз ету;";
      126) тармақшада "ел" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      134) тармақшада "ветеринариялық қадағалануға" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылануға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      162) тармақшада "ветеринариялық қадағалауды" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      163) тармақшада "ветеринариялық қадағалау" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      165) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "165) ішкі сауда объектілерінде, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (өткізу) кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру;";
      177) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "177) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын, аспаптарды, құрал-саймандарды байқаудан өткізуді, бақылауды, оларды тіркеу сынақтарын жүзеге асыру;";
      мынадай мазмұндағы 186-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "186-1) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";
      187) тармақшада "өсімдіктер карантині жөніндегі шекаралық пункттер мен бекеттерге" деген сөздер "фитосанитариялық бақылау бекеттеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      190) тармақшада:
      "өсімдіктер карантині бойынша" деген сөздер "фитосанитариялық бақылау бекеттерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "шекаралық пункттер мен бекеттерде" деген сөздер алынып тасталсын;
      191) тармақшада "республиканың кәсіпорындарында және рыноктарда" деген сөздер "Қазақстан Республикасының ішкі сауда объектілерінде және ұйымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      192) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "192) өсімдік текті өнімді өсіретін, дайындайтын, жинайтын, қайта өңдейтін және өткізетін ұйымдарға, ішкі сауда объектілеріне, шаруа (фермер), үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайларына, ауыл шаруашылығы, орман, су және басқа да мақсаттағы жерлерге тұрақты бақылау іріктеу зерттеулерін жүргізу;";
      193) тармақша алынып тасталсын;
      194) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "194) мыналарды:
      Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзудың анықталып жойылғаны туралы;
      өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың орындалғаны туралы нұсқаманы беру және оның орындалуын бақылау;";
      мынадай мазмұндағы 194-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "194-1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және негіздерде дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы сотқа талап арыз жіберу;";
      196) тармақша алынып тасталсын;
      199) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "199) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;";
      200) тармақша алынып тасталсын;
      213) тармақшада "ветеринариялық қадағалануға" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылануға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      214) және 215) тармақшалардағы "ветеринариялық қадағалануға", "ветеринариялық қадағалауды" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылануға", "ветеринариялық-санитариялық бақылауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      215) тармақшада "ветеринариялық қадағалануға" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылануға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      224) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "224) жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу, диагностикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды бекіту, ұйымдастыру және қамтамасыз ету;";
      мынадай мазмұндағы 236), 237), 238), 239) және 240) тармақшалармен толықтырылсын:
      "236) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылау; жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және олардың азықтан улану себептері мен жағдайларын табу әрі анықтау;
      237) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің жүргізілуін бақылау;
      238) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің қызметін бақылау;
      239) жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      240) қызметтің мынадай кіші түрлерін:
      ветеринариялық емдеу-алдын алуды;
      ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру мен өткізуді;
      ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткізуді;
      ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын тұлғаларды бақылау.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады